Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Аңқыған Arоmat Арқадан шығады

Аңқыған Arоmat Арқадан шығады

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Арнайы экономикалық аймақтағы кәсіп­орындарды аралау барысында өндіріс ­туралы қалыптасқан үйреншікті түсінік бір сәтте өзгерді.  Әдетте зауыт десе көз алдыңа металл ­дыбысы мен техника елестейді. Ал бұл кәсіпорынның есігін ашқан бетте айналаны мың сан хош иіс кернеп, ерекше атмосфера қарсы алды. Мұнда жаңа ­парфюм түрлері әзірленіп, заманауи қаптамалар жасалып жатыр.

Қазақстанда парфюмерия өндірісі туралы жиі айтыла бермейді. Соған қарамастан, елордадағы «Arоmat» кәсіп­орны кейінгі жылдары осы саладағы отандық брендтердің біріне айналып үлгергендей. Кәсіпорын 2019 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Қазір мұнда жүзден астам адам еңбек етеді. Өздеріне тиесілі 300-ден астам аромат түрі бар.

Өндірістік цех басшысы Айдын Қайыржановтың айтуынша, компания өнімдері ішкі нарықпен қатар шетелге де шығарылады.

– Қазір кәсіпорын әйелдерге, ер-азаматтарға әрі әмбебап пайдалануға ар­налған 300-ден астам хош иіс шығара­ды.­ Өнімдеріміз еліміздің барлық өңіріне тарайды. Бұған қоса Ресейге, Беларуське, Қыр­­ғыз елі мен Кувейтке де экспорттаймыз. Өт­­кен жылдың өзінде 5 миллионға жуық фла­­конға аромат құйылды, – дейді ол.

Цехтағы жұмыс бірнеше кезеңнен тұрады. Арнайы компоненттер белгілі бір формула бойынша араластырылып, кейін құтыларға құйылады, қапталып, таңбаланады. Бір қарағанда қарапайым көрінгенімен, әр ароматтың артында ұзақ ізденіс пен терең зерттеу жатыр.

Компанияның Францияның Грасс қаласында жеке зертханасы жұмыс істей­ді. Әлемдік парфюмерияның орталығы саналатын осы шаһарда отандық брендтің жаңа өнімдері әзірленеді.

– Біздің Францияның Грасс қа­ла­сында жеке зертханамыз бар. Соның нәтижесінде «Бәйтерек», «Астана», «Алматы», «Ұлытау» мен «Қараалтын» топтамалары дүниеге келді. «Астана» ароматын әлемге танымал француз парфюмері Квентин Биш әзірлеп берді, – дейді Айдын Қайыржанов.

Кәсіпорын ұлттық нақыштағы аро­маттарға ерекше көңіл бөледі. Мұндағы мақсат – отандық табиғат пен өңірлердің ерекшелігін хош иіс арқылы жеткізу.

Компанияның қоғаммен байланыс жөніндегі менеджері Альбина Трушкинаның айтуынша, қазіргі тұ­тынушы тек жағымды иіс емес, белгілі бір әсер іздейді.

– Біз «Astana», «Almaty», «Ulytau», «Qara Altyn» секілді топтамалар арқылы Қазақстанның табиғаты мен мәдениетін аромат тілімен жеткізуге тырыстық. Әр өнімнің артында белгілі бір идея жатыр,  – дейді ол.

Мәселен, «Алматы» топтамасында әйгілі апорт алмасының иісі негізге алынса, «Ұлытау» қазақ даласының кеңдігін бейнелеуге бағытталған. Парфюмерия өндірісінде технологиямен қатар тұтынушы талғамын дәл анықтау да маңызды. Сондықтан компания мамандары әр елдің сұранысын тұрақты зерттеп отырады.

– Әр нарықтың ерекшелігі әртүрлі. Қазақстандағы тұтынушының талғамы Ресей немесе Таяу Шығыс елдерінен өзгеше болуы мүмкін. Сондықтан жаңа өнім әзірлегенде мәдени ерекшеліктер мен тұтынушылар сұранысын мұқият ескереміз, – дейді Альбина Трушкина.

Кәсіпорынның тағы бір ерекшелігі – кадр мәселесіне жауапкершілікпен қарауы. Осы бағыттағы жұмыстың бір көрінісі ретінде сапар барысында «Astana Invest» қалалық инвестицияларды дамыту орталығы, Сервис және туризм колледжі және «Arоmat» компания­сы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Құжаттың мақсаты – дуалды оқыту жүйесін дамыту, студенттердің өндірістік тәжірибеден өтуіне мүмкіндік жасау мен еңбек нарығына қажетті мамандар даярлау.

Колледж директоры Салтанат Басығараеваның айтуынша, мұндай әріптестік жастардың кәсіби даярлығын күшейтіп қана қоймай, олардың жұмыспен қамтылуына да жол ашады. Бүгінде өндіріс орындарына теориялық біліммен қатар тәжірибелік машығы қалыптасқан мамандар қа­жет. Сондықтан білім ұйымдары мен кәсіпорындардың байланысы барған сайын маңызды бола түсті.

Индустриялық парктен шығып бара жатқанда ойға бір нәрсе оралды. Қазақстан өндірісі туралы сөз болғанда біз көбіне металл мен бетонды көз ал­дымызға елестетеміз. Алайда кейде өндірістің табысы көзге көрінбейтін дүниемен де өлшенеді. Бүгінде Сарыар­қа­ның самалындай салқын хош иіс елордадан асып, әлемнің бірнеше еліне жол тар­тып отыр. Ал оның артында жаңа тех­нология ғана емес, ұлттық бренд қалып­тастыруға деген талпыныс жатыр.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:92
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Маусым 2026 08:35
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

22 Қыркүйек 2026 07:56see170

Хуситтер Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарға қатысты АҚШ қа үндеу жасады

22 Қыркүйек 2026 08:52see169

Сержанттар корпусын қалыптастырған отыз жыл

22 Қыркүйек 2026 06:26see156

Қазақстан мұнайы қай елдерге және қандай көлемде экспортталады

22 Қыркүйек 2026 08:06see155

Жылуыңды жаз қамда

22 Қыркүйек 2026 06:45see143

“Аюдың ақыруы” Алматы тауларында төрт туристі шошытты видео

22 Қыркүйек 2026 09:26see135

Ксения Игнатова 200 метрге шалқалай жүзуден Азиаданың финалына шықты

22 Қыркүйек 2026 07:57see124

Сау ұлттың ұстыны ақылды медицина

22 Қыркүйек 2026 06:25see123

БАҚ жаңа қаржылық дағдарыстың жақындау белгілерін байқады

22 Қыркүйек 2026 09:08see115

Астанада жүргізуші қауіпті көлік жүргізгені үшін 10 тәулікке қамауға алынды

22 Қыркүйек 2026 09:07see113

Теміртауда газ жарқылынан зардап шеккен ер адам қайтыс болды

22 Қыркүйек 2026 09:27see91

Алматыда қаладағы алғашқы гастрономиялық көше ашылды

22 Қыркүйек 2026 08:24see91

82 жылдық рекорд жаңармады Қазақстанда тамыз айы қандай болды

22 Қыркүйек 2026 09:31see89
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары