Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Аптап, кенелер және ультракүлгін. Климаттың өзгеруі қазақстандықтардың денсаулығына қалай әсер етеді?

Аптап, кенелер және ультракүлгін. Климаттың өзгеруі қазақстандықтардың денсаулығына қалай әсер етеді?

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Климаттың өзгеруі қоршаған ортаға ғана емес, адам денсаулығына да барған сайын айтарлықтай әсер етіп жатыр. TengriHealth дәрігерлер аптаптың салдары, ультракүлгін сәулелердің теріге әсері және инфекция тасымалдаушылар белсенділігі туралы неге жиі айта бастағанын анықтап көрді.

Климаттың өзгеруі қоршаған ортаға ғана емес, адам денсаулығына да барған сайын айтарлықтай әсер етіп жатыр. TengriHealth дәрігерлер аптаптың салдары, ультракүлгін сәулелердің теріге әсері және инфекция тасымалдаушылар белсенділігі туралы неге жиі айта бастағанын анықтап көрді.

Аномальді ыстық өлім-жітім мен денсаулыққа қалай әсер етеді?

ДДСҰ мәліметтері бойынша, климаттың өзгеруі 21-ғасырдағы халық денсаулығына төнетін ең үлкен қауіптердің қатарына кіреді. Тек 2000-2019 жылдар аралығында әлемде жыл сайын ыстықтың әсерінен 489 мыңға жуық өлім жағдайы тіркелген. Оның үстіне, олардың 45 пайызы - Азияда, ал 36 пайызы Еуропада болған.

Егде жастағы адамдар арасындағы жағдай ерекше алаңдаушылық туғызып отыр: 65 жастан асқан адамдар арасында ыстыққа байланысты өлім-жітім 2000-жылдардың басымен салыстырғанда шамамен 85 пайызға артқан.

Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы басқарма төрағасының орынбасары, дәрігер-гигиенист Салтанат Назарованың айтуынша, экстремал ыстық бүгінде жай ғана маусымдық қолайсыздық емес.

Бұл жағдай Қазақстанға да тікелей қатысты, өйткені оңтүстік және батыс өңірлерде жазда ауа температурасы +40°C-тан асады, ал аптап кезеңдері ұзарып барады. Бұл ретте жоғары температураның салдары тек термометрдегі градуспен ғана өлшенбейді.

"Ыстық ауа райы ағзаның барлық жүйелеріне дерлік қосымша жүктеме түсіреді. Әсіресе созылмалы аурулары бар адамдар, балалар, қарттар мен жүкті әйелдер осал келеді. Оларға қатты ыстық ерекше әсер етеді, тез дамып, ауыр өтеді", - деді сарапшы.

Дәйексөз авторын қосу

Сурет қосу

Салтанат Назарова 

Дәрігер-гигиенист

Неге жазда жүрек пен қан тамырлары жиі сыр береді?

Ауа температурасы көтерілгенде, ағза қатты терлеу мен қан тамырларының кеңеюі арқылы салқындауға тырысады. Сұйықтықпен бірге адам электролиттерді жоғалтады, қан қоюланады, ал жүрекке түсетін жүктеме артады.

Анықтама.  Электролиттер - бұл су балансын, жүректің, бұлшықеттер мен жүйке жүйесінің жұмысын сақтауға көмектесетін минералдар (натрий, калий, магний, кальций және т.б.).

Сондықтан ыстық ауа райында гипертониялық криз, жүрек ырғағының бұзылуы, инсульт, миокард инфарктісі және жүрек жеткіліксіздігінің асқыну қаупі артады.

Қазақстан үшін бұл мәселенің маңызы зор. Денсаулық сақтау министрлігі мен Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қан айналымы жүйесінің аурулары елдегі өлім-жітім құрылымында бірінші орында қалып отыр. 2025 жылы олардың үлесі жалпы өлім-жітім санының шамамен 22,5 пайызын құрады.

Артериялық гипертензия, жүректің ишемиялық ауруы, қант диабеті, бүйрек және тыныс алу мүшелерінің созылмалы аурулары бар адамдар ыстық ауа райында өз денсаулығына ерекше мұқият болуы керек.

"Ыстық күндері сүйықтық ішу режимін сақтау, артериялық қысымды бақылау және тағайындалған препараттарды қабылдау маңызды. Емді өз бетінше тоқтату күрделі асқынуларға әкелуі мүмкін", - деп ескертеді Назарова.

Жүктілік және ыстық: көпшілік біле бермейтін қауіптер

Экстремалды ыстық - болашақ аналардың денсаулығына төнетін қосымша қауіп. Жоғары температураның әсері мерзімінен бұрын босануға, салмағы аз балалардың туылуына немесе нәрестенің шетінеуіне әкеп соғуы мүмкін. 

"Халықаралық зерттеулер мәліметінше, жүктіліктің соңғы апталарында ауа температурасының небәрі 1°C-қа көтерілуі өлі сәби туу қаупін шамамен 6 пайызға арттыруы мүмкін", - деп деректер келтірді спикер. 

Жүктілік кезінде әйел ағзасы онсыз да жоғары жүктемемен жұмыс істейді. Сондықтан ыстық кезеңдерде мамандар күн астында ұзақ жүруден аулақ болуды, салқын бөлмелерде көбірек болуды және су балансын мұқият қадағалауды ұсынады.

Жоғары температура балаларға қалай әсер етеді?

Балалар климаттың өзгеруі жағдайында халықтың ең осал топтарына жатады. ЮНИСЕФ мәліметтері бойынша, Еуропа мен Орталық Азияның 92 миллионнан аса баласы қазірдің өзінде жылу толқындарының тұрақты әсеріне ұшырап отыр. 

Анықтама: Жылу толқындары (ыстық толқындары) - белгілі бір аймақ үшін әдеттегі климаттық көрсеткіштерден айтарлықтай асатын ауаның аномальді жоғары температурасының ұзақ кезеңдері.

Соңғы 60 жыл ішінде Орталық Азияда жылу толқындарының жиілігі, ұзақтығы мен қарқындылығы шамамен 30 пайызға артты.

Салтанат Назарова бала ағзасының сұйықтықты тезірек жоғалтатынын және қатты ысуға төзімділігі аз екенін түсіндіреді. Алайда ыстықтың салдары тек физикалық денсаулықпен шектелмейді.

"Зерттеулерге сүйенсек, аптап жасөспірімдердің зейін қоюына, жадына, когнитивті функцияларына, үлгеріміне және эмоционалдық күйіне теріс әсер етуі мүмкін", - дейді ол. 

ЮНИСЕФ болжамынша, осы ғасырдың ортасына қарай біздің өңірдегі балалардың басым бөлігі тұрақты түрде аптаптың әсеріне ұшырайтын болады.

Климат және психикалық денсаулық

Бүгінде мамандар климаттың өзгеру салдары физикалық денсаулық шеңберінен әлдеқайда асып түсетінін жиі айта бастады.

"Аномальді ыстық, құрғақшылық, су тапшылығы, экологиялық жағдайдың нашарлауы және болашаққа деген алаңдаушылық созылмалы стресс, мазасыздық, күйзеліс күйі мен эмоционалдық қажудың дамуына түрткі болуы мүмкін. Әсіресе жасөспірімдер, жастар мен әйелдер бұл факторларға өте сезімтал келеді", - дейді Назарова.

Сарапшының айтуынша, психикалық денсаулық мәселелері біртіндеп халық үшін климаттық тәуекелдерді бағалаудың маңызды құрамдас бөліктерінің біріне айналып барады.

Күннің қаупі артуы мүмкін: ультракүлгін сәулелер және тері қатерлі ісігі

Аптаптың көбісі ескере бермейтін тағы бір қаупі бар - ол ультракүлгін сәулелену әсері.

Қазақстан күн белсенділігі жоғары және жылына ашық күндер саны көп елдердің қатарына жатады, бұл әсіресе оңтүстік пен батыс өңірлерге тән. Ыстық кезеңдердің ұзаруына байланысты адамдар ашық аспан астында көбірек уақыт өткізеді, бұл теріге түсетін ультракүлгін UVB-сәулелерінің жиынтық әсерін арттырады.

Біз ультракүлгін сәуленің теріге қалай әсер ететіні туралы D дәруменіне арналған мақалада толық жазған болатынбыз.

Осы дәруменнің синтезі үшін қажетті UVB-сәулелері күн сәулесінде тек UV-индексі ≥ 3 (ультракүлгін сәулелену қарқындылығының көрсеткіші) болғанда ғана, яғни жергілікті уақыт бойынша шамамен 10:00-ден 14:00-15:00-ге дейін болады.

Анықтама: UV-индексі - бұл Жер бетіндегі Күннің ультракүлгін сәулелену қарқындылығының көрсеткіші. UV-индексі неғұрлым жоғары болса, ультракүлгін сәуленің теріге әсері соғұрлым күшті болады. Шартты шкала бойынша: 0–2 - ультракүлгін деңгейі төмен; 3–5 - орташа; 6–7 - жоғары; 8–10 - өте жоғары; 11 және одан жоғары - шектен тыс (экстремалды).

Таңертең ерте және кешке күн негізінен UVA сәулелерін бөледі, ал олар D дәруменінің түзілуі үшін пайдасыз.

Аққұба адамдарға аптасына 2-3 рет 10-15 минут бойы күн астында (қол, аяқ, іш ашық болса) болу жеткілікті; ал терісі қараторы адамдарға меланиннің қорғаныс әсеріне байланысты бұдан 3-6 есе көп уақыт қажет.

Мамандардың айтуынша, күн астында қорғаныссыз 10-15 минут болудың өзі ДНҚ-ның зақымдануына жеткілікті. Мұндай әрбір эпизод өмір бойы жинақталып, біртіндеп тері қатерлі ісігінің қаупін арттыра береді.

Мәселе мынада: теріде D дәруменінің синтезін іске қосатын UVB-сәулелері дәл сол уақытта күнге күю мен генетикалық мутацияларды да тудырады.

Салтанат Назарованың айтуынша, ДДСҰ мәліметтеріне сәйкес, ультракүлгін сәулелердің шамадан тыс әсері - меланома мен тері қатерлі ісігінің басқа түрлерінің дамуына себеп болатын негізгі факторлардың бірі. Сондықтан күнге күю - бұл жай ғана уақытша қолайсыздық емес.

Қазақстан үшін бұл мәселе барған сайын өзекті болып барады. Соңғы он жылда меланоманың алғаш рет анықталған жағдайларының саны 2016 жылғы 341-ден 2025 жылы 394-ке дейін өсті, бұл 15,5 пайыз өсімді көрсетеді. Бұл ретте 2025 жылғы көрсеткіш бүкіл бақылау кезеңіндегі ең жоғары көрсеткіш болып, көпжылдық орташа деңгейден 13,8 пайызға асып түсті.

Терісі ақшыл, шашы ақ немесе жирен, меңі көп адамдар, сондай-ақ ашық аспан астында көп уақыт өткізетіндер ерекше сақтық танытуы керек.

Жоғары қауіп тобына ауыл шаруашылығы, құрылыс саласының қызметкерлері және күн астында ұзақ жұмыс істейтін басқа да сала мамандары, сондай-ақ балалар мен қарт адамдар жатады.

Қазақстан үшін бұл өте өзекті: елімізде ашық аспан астында жұмыс істейтін адамдар көп, бұл дененің қызып кету, сусыздану және ультракүлгін сәулеленудің ұзақ әсер ету қаупін арттырады.

Сондықтан меңдердің мөлшерінің, пішінінің немесе түсінің өзгеруіне, қышудың пайда болуына немесе олардың қанауына міндетті түрде назар аудару қажет. Дәрігер осы белгілер пайда болған бойда мамандарға қаралуға кеңес береді.

"Күннен қорғану - бұл эстетика мәселесі емес, онкологиялық аурулардың алдын алу. Күннен қорғайтын құралдарды пайдалану автомобильдегі қауіпсіздік белдігі сияқты әдетке айналуы тиіс", - дейді сарапшы.

Маман теріге SPF деңгейі 30-дан төмен емес құралдарды жағуды, мүмкіндігінше жабық жеңіл киім таңдауды, күннен қорғайтын көзілдірік пен бетті, құлақты және мойынды жабатын кең жиекті бас киімдер киюді ұсынады.

Қазақстандағы кенелер: ерте оянып, белсендірек әрекетке көшкен

Климаттың өзгеруі тек ауа температурасына ғана әсер етпейді. Мамандар соңғы уақытта жәндіктер мен кенелердің белсенділігіне де көбірек назар аудара бастады.

Температураның көтерілуі мен ашық ауа райы олардың белсенділік маусымының ұзақтығына және жаңа аумақтарға таралуына әсер ете алады.

Қазақстанда бұл қазірдің өзінде мамандардың алаңдаушылығын тудырып отыр. Осыдан бірнеше жыл бұрын еліміздің солтүстік өңірлерінде кенелер дерлік болмаған болса, қазір олар өте белсенді.

Қазақстанның оңтүстігі мен шығысында, кене энцефалиті мен Лайм ауруы бойынша эндемиялық аймақтарда кенелер әдеттегіден ерте пайда болып, белсенділік танытып жатыр.

"Маусымның басындағы мәліметтер бойынша, кене шағуына байланысты 1400-ге жуық өтініш тіркелген. Эпидемиологиялық маусым басталғалы бері осындай 11 670 өтініш тіркелді. Бұл былтырғымен салыстырғанда көп. Сонымен қатар бұл аптап ыстықпен де байланысты", - деп статистикалық деректерді келтірді Назарова.

Оның айтуынша, кенелер тасымалдауы мүмкін инфекциялар, соның ішінде кене энцефалиті мен Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ерекше сақтықты қажет етеді. Бұл - температураның көтерілуімен байланысты айқын көрінбейтін тәуекел.

Аптап: өзіңізді қалай қорғау керек?

Салтанат Назарова көпшілік біле тұра жиі ескере бермейтін сақтық шараларын атап өтті:

тұрақты түрде су ішу, күннің ең ыстық уақытында - сағат 11:00-ден 17:00-ге дейін тікелей күн сәулесінің астында жүрмеу, күннен қорғайтын құралдарды пайдалану, аптапта қарқынды физикалық белсенділікті шектеу, салқын немесе жақсы желдетілетін бөлмелерде жиірек болу.

Созылмалы аурулары бар адамдарға денсаулық жағдайын бақылау және дәрігердің нұсқауларын орындау маңызды, ал табиғатта демалғаннан кейін денені және киімді кене бар-жоғына міндетті түрде тексеру қажет.

Айқын әлсіздік, бас айналу, тіпті есеңгіреу мен дене қызуының көтерілуі байқалған жағдайда дереу медициналық көмекке жүгіну қажет.

Авторы: Анжела Ким

Дайындаған: Дина Шәріпхан

ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ

Алматыда кене көбейгені рас па: мамандар пікір білдірді

Хантавирус әлемге Covid-ті еске салып үлгерді. Ғалымдар неге тағы да дабыл қағып жатыр?

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

аптап

Денсаулық

Қазақстан

Ауа райы

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:142
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Маусым 2026 11:27
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see141

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see138

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see136

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see135

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see135

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see134

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see133

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see133

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see131

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see131

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see131

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see131

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see131

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see130

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see129

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see129

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see129

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see128

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see128

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see128
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары