Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Ақиық ақынды шетел оқырманы қалай бағалайды?

Ақиық ақынды шетел оқырманы қалай бағалайды?

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Қазақ поэзиясының биік шыңы саналатын Мұқағали Мақатаев – ұлттық рухты, адам жанының терең иірімдерін оқшау жырларымен сөйлеткен сирек дарын. Елімізде оның есімі халықтық деңгейге көтеріліп, өлеңдері жатқа айтылып келеді. Ал біздің санамызда «шетел оқырманы Мұқағалиды біле ме?» деген заңды сұрақ туындайды. Бұл сауалға біржақты «иә» немесе «жоқ» деп жауап беру қиын. Дегенмен кейінгі жылдары ақын мұрасы әлемге едәуір тарала бастағанын байқаймыз.

Қазақ жырының тұнық қайнары Мұқағали поэзиясы – ұлттық болмысқа байланған туын­дылар ғана емес, оның өлеңдері жалпы­адамзаттық сезімдерге құ­рылған. Махаббат, сағыныш, жалғыздық, тағдыр, өмір мен өлім туралы ойлар – кез келген халықтың жүрегіне жол табатын тақырыптар. Ақиық ақынның жырларында жиі кездесетін осы тақырып­тар оның өлеңдерін басқа тілдерге аударуға, өзге мәдени кеңістікке енгізуге мұрындық болды.

Мұқағали поэзиясы ең ауқымды әрі жүйелі түрде қытай оқырмандары  арасында кең таралғанын аңдадық. Бұл ретте ақын өлеңдерін қытай тіліне аударған Қайша Тәбәріктің еңбегін ерекше атап өту қажет. Оның аудармалары арқылы Мұқағали жырлары қытай  тілінде оқитын оқырманға табиғи, түсінікті әрі поэтикалық қуатын жоғалтпай жетті. Қайша Тәбәріктің айтуынша, Мұқағали поэзиясы Қытайдағы қазақ қауымы арасында ғана емес, қытай тілді әдеби ортада да жиі оқылады екен. «Осыдан бірнеше жыл бұрын Қытайдағы мектеп оқушылары арасында өткен өлең оқу байқауында Мұқағалидың «Отан», «Ана» атты жырлары оқылды. Қазақ ақынының арғымақ өлеңдерінің шекара асып, өзге елдердегі оқырман назарына ілінгені қуанарлық жағдай», дейді ол тебіреніп.

Түсінсек, бұл – ақын шығармашы­лығының ұлттық шеңберден шығып, өзге тілде жаңа өмір сүре бастағанының нақты көрінісі. Аудармашының сөзіне жүгінсек, қытай оқырманы Мұқағалиды ең алдымен лирик ақын ретінде таниды. Оның табиғат пен адам жанын астастыра жырлауы, қарапайым сөзбен терең ой айтуы, ішкі мұң мен үмітті қатар өрбітуі қытай поэзиясының дәстүрімен де үндеседі.  Сондықтан Қытайдағы тәжірибе егер аударма сәтті болса, ұлттық поэзия шекарадан ары асып, өзге ұлт оқырмандарына жете алатынын дәлелдеп отыр.

Қытайдың сирек кітаптар сатылатын бір электронды кітап дүкенінде Мұқағали Мақатаевтың «Қаздар қайтып барады» атты осы тілге аударылған өлеңдер жинағы біздің ақшамен есептегенде 39 мың теңгеге сатылып тұрғанын көрдім. Аталған кітаптың кейбір даналары аудармашының  қолтаңбасымен сирек кітап ретінде ұсынылып, тіпті жаңа кітап бағасынан бірнеше есе қымбатқа тұр. Кітап туралы түсіндірмеде «Мұқағали Мақатаевтың «Қаздар қайтып барады» атты жыр жинағы Қытайдың Шыңжаң жастар баспасынан жарық көріп, төрт мәрте қайта басылды, әр жолы кітап болып шыға салысымен тез тарап кетті», деп жазылыпты.

Мұны көріп, қуанғанымнан кабинеттегі әріптестеріме айттым. Ұлт поэзиясы үшін бұл да бір деңгей һәм биіктік. Өз сезімін де, ұлт тағдыры мен Отанның болашағына қатысты толғанысы мен алаңын жырға қосқан ақын үшін бұдан артық бақыт бар ма екен? Бұл бізге қазақ кітабына сұраныстың бар екенін, ал сұраныс оқырманның рухани қажеттілігінен туатынын түсіндіреді. Сонымен бірге қазақ әдебиетінің халықаралық кеңістікке шыққанын көрсетеді. Тағы бір маңызды қыры – қазақ әдебиетінің экспорттық әлеуеті. Егер бір ақынның кітабы шетелде сирек жәдігерге айналып, қымбат бағаға сатылса, бұл ұлттық әдебиетті жүйелі түрде танытуға, аударма ісін қолдауға, мәдени дипломатияны күшейтуге толық негіз бар екенін білдіреді.

Америкада оқып жүргенімде, мынадай бір қызық жағдай болды. Бізге дәріс оқуға келген лектор үзілісте маған бұрылып: «Естуімше сіз өлең жазады екенсіз, Мақатаевты білесіз бе?», деді.  Артынша: «Мен оның ағылшыншаға аударылған өлеңдерін оқып, ақындық қабілетіне қайран қалдым», деді тебі­ренісін жасыра алмай.

Араға бірнеше күн салып Мұқаға­лидың әлгі америкалық оқырманы  электронды поштама ақын туралы жазған эссесін жіберді. Өзге елде жүр­геніңде,  өз еліңнің ақыны туралы біреу жылы сөз айтса, неткен бақыт, неткен мерей! Ол мақаласында ақын өлеңдерімен қалай танысқаны, әсері қалай болғаны, сонымен бірге оның тарихы туралы жазыпты. «Түн маған ұйықтау үшін жаралмаған» деп жырлаған ақынның жырларын мына әлемде қаншама оқырман оқып жатқанын кім білсін?

Ойдан ой туып, Мұқағалидың кітап­тары түрік тіліне аударылды ма екен деген сауалмен Түркия­дағы қазақ әдебиетінің жанашыры, аудармашы Ашур Өздемірге хабарластым. «Өкініштісі, көптеген қазақ ақыны сияқты Мұқағалиды түрік оқырманы біле бермейді. Әрине, ғылыми ортада, университеттерде бірлі-жарым ғылыми жұмыс жазғандар ғана біледі. Бірақ жалпы оқырман таниды деп айту қиын. Мұқағалидың бұл елде кітаптары аударылмаса, өлеңдері үлкен әдеби журналдарда жарияланбаса, әрине қарапайым оқырман қалай танымақ? Бұл бір үлкен олқылық болып тұр. Осыған дейін көптеген қазақ ақынының кітаптарын түрік тіліне аудардым. Бірақ Мұқағалидың өлеңдерін, кітап­тарын аудару туралы ұсыныс келген жоқ», дейді ол.

Мұқағали Мақатаевты әлемдік деңгейде толық таныттық деуге әлі ерте. Ақын мұрасын халықаралық әдеби айна­лымға енгізу үшін сапалы аударма, жүйелі насихат, академиялық зерттеу әлі де қажет. Мұқағали өлеңдері осыдан бірнеше жыл бұрын ағылшын тілінде кітап болып шыққан. Бүгінде «Амазон» кітап дүкенінде 31 доллардан сатылады. Аталған аударма кітаптың одан кейінгі тағдырынан хабарсызбыз. Енді испан, француз, араб  секілді әлемдік тілдерге көркемдік деңгейі жоғары аудармалар жасалмайынша, Мұқағалидың ғаламдық поэзия картасындағы орны айқындала қоймайды. Ақынды әлем толық танымаса да, шетелдік оқырмандардың Мұқағали поэзиясына ден қоюы басталды.

Соңғы жаңалықтар

Жас жыршылар «Қырымның қырық батырын» жырлады

Мирас • Бүгін, 08:10

Бакуде ән салған Әміре

Тарих • Бүгін, 08:00

Қазақстан құрамасы Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу рәсіміне қатысты

Спорт • Бүгін, 01:41

Алина Чистякова Қазақстан құрамасына алғашқы алтын медальді сыйлады

Жеңіл атлетика • Бүгін, 00:55

Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты басталды

Спорт • Бүгін, 00:25

Руслан Курбанов семсерлесуден Германиядағы әлем кубогінің жеңімпазы атанды

Спорт • Бүгін, 00:13

Қысқы Олимпиада-2026: Жарыс кестесі жарияланды

Спорт • Кеше

Алматыда жасырылған есірткі зертханасы әшкереленді

Есірткі • Кеше

Мықты теңге экономиканы неге қолдамайды?

Экономика • Кеше

Қазақстанның спорт қауымдастығы жаңа Конституцияны қолдауда біртұтас ұстанымын білдірді

Ата заң • Кеше

Мемлекет басшысы Пәкістанның Президенті мен Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады

Президент • Кеше

Кәсіподақтар федерациясы Жаңа Конституция жобасын қолдау үшін қазақстандықтарға үндеу жасады

Қоғам • Кеше

Пәкістан астанасындағы мешітте жарылыс болып, 31 адам қаза тапты

Оқиға • Кеше

Атырау облысында бұзақылық дерегімен 121 адамға сот үкімі шықты

Аймақтар • Кеше

Түркістанда Димаш Құдайбергеннің продюсерлік «Voice Beyond Horizon» жобасы басталды

Өнер • Кеше

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:126
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Ақпан 2026 08:40
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see157

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see143

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see140

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see139

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see139

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see138

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see137

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see137

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see135

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see135

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see135

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see135

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see135

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see134

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see133

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see133

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see133

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see132

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see132

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see132
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары