АҚШ пен Украина бойынша келіссөздерде барлық түсініспеушілік шешілген Лавров
Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
АСТАНА, 11 желтоқсан - Sputnik. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украина бойынша АҚШ-пен келіссөздердегі барлық ықтммал түсініспеушілік шешілгенін мәлімдеді, деп хабарлады РИА Новости.
"Мен өзім Украина мәселесі бойынша америкалықтармен келіссөздерімізде түсінбеушіліктер шешілді деп санаймын", - деді Лавров Украинадағы келісім бойынша елшілікте өткен дөңгелек үстел барысында.
Лавров Ресейдің НАТО немесе ЕО елдеріне қарсы агрессивті жоспары жоқ екенін де айтты.
"Біздің НАТО немесе Еуроодақ мүшелеріне қарсы агрессивті жоспарымыз жоқ және біз мұндай кепілдіктерді жазбаша түрде, заңды құжатта ресімдеуге дайынбыз. Әрине, ұжымдық, өзара негізде ресімдеуге", - деді СІМ басшысы.
Әйтсе де ол егер Еуропа соғысу жөнінде шешім қабылдаса, Ресей бұған дайын екенін жеткізді.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:78
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Желтоқсан 2025 22:49 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















