АҚШ та Дональд Трамптың танымалдығы рекордтық деңгейге дейін төмендеді
Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Deutsche Welle агенттігінің хабарлауынша, АҚШ-та президент Дональд Трамптың танымалдығы күрт төмендеп, рекордтық ең төмен деңгейге жетті. Мұндай қорытындыны Reuters және Ipsos зерттеу компаниялары жүргізген жаңа сауалнама көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Фото: Reutersөз
Зерттеу нәтижесіне сәйкес, америкалықтардың небәрі 40%-ы Трамптың қызметіне оң баға беріп отыр. Бұл көрсеткіш бір апта бұрынғы деңгейден 2 пайызға төмен. Ал президенттің жұмысын мүлде құптамайтындардың үлесі 57%-ға дейін өскен.
Сауалнамаға қатысушылардың басым бөлігі Трамптың елдегі тұрғындар шығындарының өсуімен күрес жүргізудегі әлсіз әрекеттеріне наразы. Респонденттердің 63%-ы келіспейтінін айтқан.
Reuters дерегінше, Трамп билікке келгеннен бері инфляция деңгейі еңбек нарығының баяулауына қарамастан өсіп отыр. Бұл жағдай АҚШ-тың Орталық банкін пайыздық мөлшерлемелерді төмендетуге мәжбүр етті.
Салыстырмалы түрде алғанда, Трамптың алдындағы президент Джо Байденнің ең төмен танымалдық деңгейі 36% болған. Бұл көрсеткіш 2024 жылдың мамыр айында тіркелген еді.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:31
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Қазан 2025 11:03 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















