Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстан тұрғыны Майк Тайсонмен кездесті (видео)

Что мы вдыхаем? Жители Усть Каменогорска получили доступ к данным о качестве воздуха

Павлодар облысында жас қызбен жыныстық қатынас үшін сотталған жігіт түрмеде өлі табылды

Әділет партиясы тау кен металлургия кешенінің тұрақты дамуына бағытталған жүйелі шешімдер әзірлейді

Енем өзімнен бес жас қана үлкен : әнші Бүркіт отбасы туралы айтты (видео)

Путин Қызыл алаңда Минин мен Пожарский ескерткішіне гүл шоғын қойды видео

Қазақстан отын экспортына шектеуді күшейтті

Ұлттық ғылым академиясында II халықаралық Shoqan Forum басталды

Возвращение короля. Зачем глава Иордании снова приехал в Казахстан

2027 жылы көп адамның бетпердесі шешіледі : Көріпкел Ақгүл Әсетқызы елді елең еткізді

Меруерт Өтекешова: Қыз Жібек өмірімдегі ең үлкен мектеп

Ақтаудағы мектепте мұғалімнің әдепсіздігі: оқиға салдарынан еңбек шарты бұзылды

Дорожные сборы в Казахстане пересмотрят: кого коснутся изменения

Күліп барып, жылап шықтық... : Астанада деменцияға шалдыққан қарттарға арналған балабақша ашылды

ЖИ COVID 19 дан да жаман пандемияға әкелуі мүмкін Билл Гейтс

Медициналық мекемелердің әрбір бесінші басшысы аттестациядан өте алмады

Астанадағы Соғым FEST жәрмеңкесінде ет арзанға сатылып жатыр

Школьник высмеял опоздавшего на урок одноклассника: суд наказал его отца

Қасым Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашты

“Закажите инкассаторскую машину“: казахстанцев обманывают от имени Нацбанка

АҚШ төлқұжатын алу бұдан да қымбаттай түспек

АҚШ төлқұжатын алу бұдан да қымбаттай түспек

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Натурализация арқылы АҚШ азаматтығын алу айтарлықтай қымбаттауы мүмкін. Президент Дональд Трамп әкімшілігі азаматтықты рәсімдеу және бас тарту шешімдерін қайта қарау үшін алынатын мемлекеттік алымдарды орта есеппен 75–83 пайызға арттыруды, сондай-ақ табысы төмен өтініш берушілер үшін қолданыстағы жеңілдіктерді жоюды ұсынды, деп хабарлайды Tengri Travel.

АҚШ-тың Азаматтық және иммиграция қызметі (USCIS) дайындаған тиісті нормативтік құқықтық акті жобасы Федералдық тізілімде жарияланды. Әзірге бұл тек ұсыныс: құжат 60 күнге созылатын қоғамдық талқылауға шығарылды.

Алым қаншалықты өседі?

Егер бастама мақұлданса, N-400 нысаны бойынша натурализацияға өтініш беру құны екі есеге жуық артады.

Қазіргі уақытта азаматтықты рәсімдеу қағаз түріндегі өтініш үшін 760 доллар, ал онлайн тапсыру кезінде 710 доллар болады. Жаңа тарифтер бойынша бұл сома тиісінше 1330 долларға және 1280 долларға дейін көтерілмек.

Азаматтық беруден бас тарту туралы шешімге шағым түсіру рәсімі де қымбаттайды. N-336 нысанын ("Натурализациядан бас тарту туралы шешім бойынша тыңдау өткізу туралы сұраныс") қағаз түрінде өткізу ақысы 830 доллардан 1475 долларға дейін өсуі мүмкін. Электронды өтініштер үшін құны 780 доллардан 1425 долларға дейін артады.

Осылайша, өсу деңгейі өтініш түріне және құжаттарды тапсыру тәсіліне байланысты 75 пайыздан 83 пайызға дейінгі аралықта болады.

Бағаны көтеру себебі неде?

АҚШ-тың Ішкі қауіпсіздік министрлігі (DHS) бұл бастаманы қазіргі алымдар өтініштерді қарауға жұмсалатын нақты шығындарды енді өтей алмайтындығымен түсіндіреді.

Түсіндірме жазбада азаматтық алуға берілген өтінімдерді өңдеу құжаттарды тексеруді ғана емес, өмірбаяндық деректерді терең зерттеуді, өтініш берушінің иммиграциялық тарихын зерделеуді, сұхбат жүргізуді және басқа да процедураларды қамтитыны айтылған. Сонымен қатар ведомство әкімшілік шығындарды - кеңселерді ұстауды, қызметкерлер еңбекақысын, бухгалтерлік сүйемелдеуді және басқа да операциялық шығындарды есепке алады.

Жоба авторлары жаңа тарифтер "қызмет алушы төлейді" қағидатына сәйкес келуі тиіс екенін атап өтті.

"Жобаның негізгі мақсаты - заңнама талаптарын сақтай отырып және USCIS-тің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ете отырып, N-400 және N-336 нысандарын тапсыру құнын оларды қарауға жұмсалатын нақты шығындарға сәйкестендіру", - делінген құжатта.

Сонымен қатар DHS шығындарды халықтың басқа топтары емес, өтініш берушілердің өздері өтеуін әділ деп санайды.

Аз қамтылғандарға арналған жеңілдіктер жойылмақ

Тағы бір маңызды өзгеріс қолданыстағы жеңілдіктерге қатысты.

Қазіргі уақытта кейбір өтініш берушілер мемлекеттік көмек алса, айтарлықтай қаржылық қиындықтары болса немесе басқа да белгіленген критерийлерге сәйкес келсе, алым төлеуден толық босатылуы мүмкін.

Бұдан бөлек, табысы федералдық кедейлік шегінің 400 пайызы деңгейінде немесе одан төмен адамдар жеңілдетілген тарифті пайдаланып, натурализация үшін толық құнның орнына 380 доллар төлей алады.

Әкімшілік ұсынысы төмендетілген тарифті де, төлемнен толық босату мүмкіндігін де жоюды көздейді.

Ерекшелік заңнаманың арнайы ережелері бойынша азаматтық алуға құжат тапсыратын АҚШ-тың қазіргі және бұрынғы әскери қызметшілері үшін ғана сақталмақ.

Ішкі қауіпсіздік министрлігі натурализацияның жеңілдетілген құнын сақтап қалу үшін жеткілікті негіз жоқ екенін мәлімдеді.

Құқық қорғаушылар сыны

NBC News мәліметінше, бұл ұсыныс бірқатар иммиграциялық және құқық қорғау ұйымдарының наразылығын тудырды.

New York Immigration Coalition президенті әрі атқарушы директоры Мурад Аваудех алымның өсуі "америкалық арманның соңғы кезеңінде мойындалуға тырысқандар үшін кезекті негізсіз кедергі жасайтынын" айтты.

Сонымен қатар бастаманы сынаушылар азаматтық алу грин-картаны ұзарту және иммиграциялық түрлі құжатты рәсімдеу сияқты басқа да шығындармен байланысты екеніне назар аударады.

Tennessee Immigrant and Refugee Rights Coalition заң қызметінің директоры Аллен Шао Кинг дәл қазір мұндай шұғыл баға өсімі қажеттілігіне күмән келтірді. Оның айтуынша, Конгресстің жақында иммиграциялық және шекаралық құрылымдар қызметіне 70 миллиард доллар бөлгені аясында бұл шешім өте даулы көрінеді.

Алдағы жағдай қандай болмақ?

Әзірге жаңа тарифтер күшіне енген жоқ. Құжат нормативтік құқықтық актінің жобасы (Notice of Proposed Rulemaking) мәртебесінде жарияланды, бұл міндетті түрде қоғамдық талқылау кезеңінен өтуі тиіс дегенді білдіреді.

24 тамызға дейін мүдделі тараптар ескертулері мен ұсыныстарын электронды түрде жібере алады. Консультациялар аяқталғаннан кейін Ішкі қауіпсіздік министрлігі түскен пікірлерді қарастырып, қажет болған жағдайда ережелер мәтініне түзетулер енгізе отырып, түпкілікті шешім қабылдайды.

Бұл ретте ведомство құнның мұндай өсімі Америка азаматтығын алғысы келетіндер санының айтарлықтай азаюына әкеп соқтырмайды деп есептейді.

Егер бастама қазіргі күйінде мақұлданса, натурализация кейінгі жылдардағы ең қымбат процедуралардың біріне айналады, ал өтініш берушілердің көпшілігі үшін Америка паспортын алу жолы қазіргіден әлдеқайда көп шығынды талап етеді.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігі грин-карта беру ережелерін қатаңдатты - бұл Құрама Штаттарда тұрақты тұру құқығын беретін құжат. Көптеген жағдайда өтініш берушілер құжаттарды шетелден тапсыруға міндетті болады және өтінім беру кезінде АҚШ аумағында бола алмайды.

Айта кетейік, былтырғы 16 қыркүйектен бастап грин-карта (Diversity Visa Lottery) лотореясына қатысу үшін тіркелу ақылы болды. Енді сауалнама тапсыру үшін 1 доллар төлеу қажет. Бұған дейін лотереяға қатысу тегін болатын.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:166
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Маусым 2026 18:09
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстан тұрғыны Майк Тайсонмен кездесті (видео)

05 Қараша 2026 23:13see139

Что мы вдыхаем? Жители Усть Каменогорска получили доступ к данным о качестве воздуха

06 Қараша 2026 19:55see138

Павлодар облысында жас қызбен жыныстық қатынас үшін сотталған жігіт түрмеде өлі табылды

06 Қараша 2026 17:53see134

Әділет партиясы тау кен металлургия кешенінің тұрақты дамуына бағытталған жүйелі шешімдер әзірлейді

06 Қараша 2026 17:51see134

Енем өзімнен бес жас қана үлкен : әнші Бүркіт отбасы туралы айтты (видео)

06 Қараша 2026 21:45see133

Путин Қызыл алаңда Минин мен Пожарский ескерткішіне гүл шоғын қойды видео

06 Қараша 2026 01:33see132

Қазақстан отын экспортына шектеуді күшейтті

06 Қараша 2026 17:03see132

Ұлттық ғылым академиясында II халықаралық Shoqan Forum басталды

06 Қараша 2026 14:29see130

Возвращение короля. Зачем глава Иордании снова приехал в Казахстан

06 Қараша 2026 14:34see128

2027 жылы көп адамның бетпердесі шешіледі : Көріпкел Ақгүл Әсетқызы елді елең еткізді

07 Қараша 2026 09:53see125

Меруерт Өтекешова: Қыз Жібек өмірімдегі ең үлкен мектеп

07 Қараша 2026 07:15see123

Ақтаудағы мектепте мұғалімнің әдепсіздігі: оқиға салдарынан еңбек шарты бұзылды

06 Қараша 2026 17:20see122

Дорожные сборы в Казахстане пересмотрят: кого коснутся изменения

06 Қараша 2026 14:33see121

Күліп барып, жылап шықтық... : Астанада деменцияға шалдыққан қарттарға арналған балабақша ашылды

07 Қараша 2026 01:50see120

ЖИ COVID 19 дан да жаман пандемияға әкелуі мүмкін Билл Гейтс

06 Қараша 2026 14:35see118

Медициналық мекемелердің әрбір бесінші басшысы аттестациядан өте алмады

06 Қараша 2026 18:08see117

Астанадағы Соғым FEST жәрмеңкесінде ет арзанға сатылып жатыр

07 Қараша 2026 16:27see117

Школьник высмеял опоздавшего на урок одноклассника: суд наказал его отца

06 Қараша 2026 16:46see116

Қасым Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашты

07 Қараша 2026 16:55see115

“Закажите инкассаторскую машину“: казахстанцев обманывают от имени Нацбанка

06 Қараша 2026 15:20see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары