Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Емханаларда ашық есік күні

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

Кофені көп ішсе, не болады?

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Тарихи ескерткіштер тазартылды

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Ақтөбе облысындағы жаппай улану: алтын түстес стафилококк табылды

Ақтөбе облысындағы жаппай улану: алтын түстес стафилококк табылды

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Санитарлық дәрігерлер Ақтөбе облысы Қандыағаш қаласындағы "Тұмар" мейрамханасында болған жаппай улану дерегі бойынша эпидемиологиялық тергеуді аяқтады. TengriHealth тілшісі екі жүзге жуық қонақтың улануына не себеп болғанын анықтады.

Сараптама нені көрсетті?

Мамандар мейрамханада тексеру жүргізіп, зертханалық сынамалар алды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Ақтөбе облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті біздің сауалымызға берген жауабында хабарлады.

Сараптама қорытындысы тағамнан жаппай улану оқиғасы мейрамханада санитарлық ережелер өрескел бұзылуынан болғанын көрсетті.

Зардап шеккендердің талдамаларынан Staphylococcus aureus (алтын түстес стафилококк) және ішек таяқшасы тобы бактериялары табылды.

Анықтама: Алтын түстес стафилококк - бұл адамның терісі мен шырышты қабаттарында (мысалы, мұрында) жиі кездесетін және әдетте ешқандай мәселе тудырмайтын бактерия. Алайда, егер ол тағамға түсіп, көбейіп үлгерсе, тағамнан улануға әкеп соғатын токсин бөледі.

"Бұл стафилококтық тағамдық токсикоинфекция мен шартты-патогенді микрофлорадан туындаған жедел ішек инфекцияларын айғақтайды", - деп хабарлады өңірлік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.

Тексеру барысында мейрамханада санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзудың тұтас тізімі анықталды. Инфекция мейрамхана қызметкерлерінің бір бөлігінен табылды, ал тамақ өнімдері, ауыз су сынамалары мен технологиялық жабдықтардың бетінен алынған шайындылар санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келмеді.

Сондай-ақ мамандар мынадай олқылықтарды анықтады:

тағам өнімдерін дайындау технологиясының сақталмауы; тағам өнімдері мен азық-түлік шикізатының қауіпсіздігін растайтын құжаттардың болмауы; санитарлық-дезинфекциялық режимнің сақталмауы; кейбір қызметкерлердің міндетті медициналық тексеруден өтпеуі. Қандай шаралар қабылданды?

Тергеу нәтижесі бойынша, ҚР Қылмыстық кодексінің 304-бабы 1-бөлігі ("Абайсызда адамдардың жаппай ауруға шалдығуына, инфекция жұқтыруына, сәуле алуына немесе улануына әкеп соққан санитарлық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу") бойынша процессуалдық шешім қабылдау үшін материалдар құқық қорғау органдарына берілгені хабарланды.

Бап санкциясында мынадай жаза қарастырылған:

2 000 АЕК-ке дейін (8 650 000 теңге) айыппұл, түзеу жұмыстары немесе қоғамдық жұмыстар, екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру.

Сондай-ақ сот кінәлі адамды үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруы мүмкін.

Мән-жайы

Үйлену тойы жаппай уланумен аяқталғаны туралы 19 маусымда, жедел ішек инфекциясы белгілерімен алғашқы науқастар дәрігерлерге жүгіне бастағанда белгілі болды.

Денсаулығы нашарлағанына 188 қонақ шағымданды, олардың арасында 14 жасқа толмаған 15 бала бар. Бастапқыда дәрігерлер барлық науқастың жағдайын орташа ауыр дәрежеде деп бағалады.

Қазақстандағы ірі отбасылық іс-шараларда мұндай жағдайлар бұған дейін де болған. Мысалы, 2025 жылғы маусымда Павлодарда 150-ге жуық адам жиналған ұзату тойында жаппай улану оқиғасы тіркелді.

Ол кезде дәрігерлер 27 қонақты, оның ішінде бір баланы ауруханаға жатқызған болатын. Жас жұбайлар келеңсіз жағдай туралы 8 маусым таңертең, жедел жәрдемге іш өту, құсу және жоғары температураға шағымданған қоңыраулар жаппай түсе бастағанда білген. Сол кезде де зардап шеккендерге алдын ала бактериялық ішек инфекциясы диагнозы қойылған еді.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Улану

Мейрамхана

Ақтөбе облысы

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:149
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Шілде 2026 13:22
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see141

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see140

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see134

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see134

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see132

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see130

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see127

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see123

Емханаларда ашық есік күні

13 Қазан 2026 04:50see122

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see122

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

13 Қазан 2026 04:23see112

Кофені көп ішсе, не болады?

13 Қазан 2026 01:36see111

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see111

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see110

Тарихи ескерткіштер тазартылды

13 Қазан 2026 04:23see110

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see109

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see109

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see107

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

13 Қазан 2026 04:23see106

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары