Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Отандық төрешілер УЕФА Конференция лигасының матчына тағайындалды

Тарихи жетістік: Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының финалына шықты

Алматыда ағаштар жаппай кесіліп жатыр: Әкімдік себебін түсіндірді

Нұрлан Әлімжанов Астананың Байқоңыр ауданына әкім болды

Жарамдылық мерзімі, құны және жеңілдіктер: Қазақстандағы балалар паспорты туралы мәлімет

Қашаған мен Теңіз мұнайы Қазақстанның төртінші МӨЗ іне бағытталуы мүмкін

Отбасы банк ипотека ережелерін өзгертті бұл нарық пен сатып алушылар үшін нені білдіреді

Қырғызстан мен Өзбекстан елдерінің спорт басшылары Астанаға келді

Микроқаржы ұйымдары мен коллекторларға 693 млн теңге айыппұл салынды​

Қазақстанда ет, көкөніс және сүт өнімдерін тұтыну артты

Қазақстандықтар қанша ет, нан және картоп тұтынады

Болашақ ойындарына 30 дан астам мемлекеттен 800 ге жуық спортшы келді

Сотталған қазақстандықтар шетелден қалай қайтарылады

Еліміздің оңтүстігіндегі тауларда ер адам досының көз алдында бақилық болды: ТЖМ арнайы операция жүргізді

Шығыс жауһарлары жәрмеңкесі

Әділет партиясы: Өндіріс дамыса, адамдар тұрақты жұмыспен қамтылады

Тұрғындар тұрғылықты жеріне жақын жерге автокөлігін тегін қоя алады

Алып колонна ​ Силлено зауытының құрылыс алаңына жеткізілді

Бір шаңырақтан бір сапқа: Гвардейск гарнизонында алты жұп егіз әскери борышын бірге өтеп жүр

102 операторының атына балағат сөз айтқан қазақстандық жазаланды

Ақтөбеде 60 тан астам шағын бөгет жөндеуді қажет етіп тұр

Ақтөбеде 60 тан астам шағын бөгет жөндеуді қажет етіп тұр

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Ақтөбе облысында қазіргі кезде 206 гидротехникалық құрылыс бар. Оның 10-ы республикалық, 174-і коммуналдық, ал 22-і жеке меншікте. Былтыр өңірде Ақтөбе облысының гидротехникалық құрылғыларға қызмет көрсету мекемесі құрылды. Дәл осы мекеме бөгеттердің техникалық жағдайын зерттеп, кейін оны жөндеуге міндетті.

Әзірге мекеменің өзінің материалдық-техникалық базасы жұтаң. Былтыр 84,7 млн теңгеге 1 жерсорғыш снаряд сатып алынып, Сазды өзенінде қамысты тазартты.

Ақтөбе облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының хабарлауынша, барлығы 72 техника керек. Биыл облыстық бюджеттен 9 арнайы техника сатып алу үшін 355 млн теңге бөлініп, конкурсқа құжат әзірленіп жатыр. Бұдан бөлек лизинг арқылы 2,2 млрд теңгеге 36 арнайы техника алу жоспарланды.

— Биыл 6 гидротехникалық құрылысқа көпфакторлы зерттеу жүргізу қажет. Сол кезде бөгеттердің жағдайы тексеріледі. Жалпы тәуелсіздік алған жылдары бөгеттердің құрылысы, ондағы жөндеу жұмыстары көп болған жоқ. Сол себепті шағын бөгеттердің жағдайы төмен. Облыста 60-тан астам бөгетті жөндеу қажет деп санап отырмыз. Оны бір жылда жасау мүмкін емес. Кезең-кезеңімен атқарылады. Соны жөндеп, халық игілігіне беру керек, — деді Ақтөбе облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Исатай Еспағанбетов.

Биыл Ақтөбеде Қарғалы су қоймасы жөнделеді. Сонымен бірге Су саласын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарына сәйкес өңірде 2 жаңа су қоймасы салынады. Жаман Қалғалы өзенінде Өлке, Ор өзенінде Жамбыл су қоймасын салу үшін жобалық-сметалық құжат әзірленді.

— Облыста Әлия және Жарық су қоймаларын салу жоспарда бар. Жарық бөгеті Елек өзенінің бастауында болады. Бұл Ақтөбе су қоймасына келетін судың көлемін реттеуге мүмкіндік береді. Әлия ауылында Әлия су қоймасын салу жоспарда бар. Бұл Қобда ауданындағы су тасқынының алдын алуға септігін тигізеді. Қазір құжат мемлекеттік сараптамадан өтіп жатыр. Құрылыс 2027-2028 жылдары жүреді деп жоспар құрып отырмыз, — деді Исатай Еспағанбетов.

Еске салсақ, министрлік жоспары бойынша Қарғалы су қоймасының ескірген барлық механизмі ауыстырылады, олардың кейбірі 50 жылдан бері пайдаланылып келеді.

Сонымен қатар гидротехникалық нысандарға энергия қамтамасыз ету үшін шағын су электр станциясы орнатылады. Ал артық энергия жергілікті кәсіпкерлікті және көрші елді мекендерді қамтамасыз ету үшін қолданылады

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:129
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Қаңтар 2026 19:02
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Отандық төрешілер УЕФА Конференция лигасының матчына тағайындалды

28 Шілде 2026 23:18see131

Тарихи жетістік: Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының финалына шықты

29 Шілде 2026 14:57see125

Алматыда ағаштар жаппай кесіліп жатыр: Әкімдік себебін түсіндірді

29 Шілде 2026 11:11see121

Нұрлан Әлімжанов Астананың Байқоңыр ауданына әкім болды

29 Шілде 2026 01:53see121

Жарамдылық мерзімі, құны және жеңілдіктер: Қазақстандағы балалар паспорты туралы мәлімет

29 Шілде 2026 09:58see120

Қашаған мен Теңіз мұнайы Қазақстанның төртінші МӨЗ іне бағытталуы мүмкін

29 Шілде 2026 20:13see120

Отбасы банк ипотека ережелерін өзгертті бұл нарық пен сатып алушылар үшін нені білдіреді

29 Шілде 2026 13:00see118

Қырғызстан мен Өзбекстан елдерінің спорт басшылары Астанаға келді

29 Шілде 2026 01:53see116

Микроқаржы ұйымдары мен коллекторларға 693 млн теңге айыппұл салынды​

29 Шілде 2026 20:13see116

Қазақстанда ет, көкөніс және сүт өнімдерін тұтыну артты

30 Шілде 2026 11:23see114

Қазақстандықтар қанша ет, нан және картоп тұтынады

30 Шілде 2026 16:07see111

Болашақ ойындарына 30 дан астам мемлекеттен 800 ге жуық спортшы келді

29 Шілде 2026 19:32see111

Сотталған қазақстандықтар шетелден қалай қайтарылады

30 Шілде 2026 09:42see110

Еліміздің оңтүстігіндегі тауларда ер адам досының көз алдында бақилық болды: ТЖМ арнайы операция жүргізді

29 Шілде 2026 20:15see110

Шығыс жауһарлары жәрмеңкесі

30 Шілде 2026 09:06see110

Әділет партиясы: Өндіріс дамыса, адамдар тұрақты жұмыспен қамтылады

30 Шілде 2026 18:19see108

Тұрғындар тұрғылықты жеріне жақын жерге автокөлігін тегін қоя алады

30 Шілде 2026 13:45see108

Алып колонна ​ Силлено зауытының құрылыс алаңына жеткізілді

29 Шілде 2026 20:13see108

Бір шаңырақтан бір сапқа: Гвардейск гарнизонында алты жұп егіз әскери борышын бірге өтеп жүр

30 Шілде 2026 10:41see107

102 операторының атына балағат сөз айтқан қазақстандық жазаланды

29 Шілде 2026 13:48see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары