Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

Сауда серіктестігіне серпін

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

Ынтымақтастықты жандандырған жол

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

Әр дәуірдің аспаны: Әскери авиациядағы буындар сабақтастығы

Әр дәуірдің аспаны: Әскери авиациядағы буындар сабақтастығы

Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Жаннұр Балғожин — Әскери-әуе күштерінің ұшқыш-штурманы, лейтенант. Бұл салаға деген қызығушылығы Қарағанды қаласындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінде оқып жүрген кезде басталған. Сол уақыттан бастап ол ұшқыш болуды саналы түрде мақсат еткен. Кейін еліміздегі іргелі жоғары оқу орындарының бірінде білім алған.

— Ақтөбеде Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері Әскери институтында ұшқыш мамандығы бойынша 4 жыл оқыдым. Осы төрт жылдың үш жылында түрлі оқу-жаттығулар кезінде ұшақты басқарып көрдім. Қазір еңбек жолымды Жетісу өңірінде бастадым. Бір жыл ғана болды. Келесі аптада нұсқаушымен Су-30СМ ұшағымен ұша бастаймыз. Ал жоғары оқу орнында оқып жүргенде L-39 әскери ұшағымен және P 2002 атты азаматтық ұшақпен ұшқан болатынмын, — деді Жаннұр Балғожин.

Фото: gov.kz

Жас ұшқыш L-39 ұшағын нұсқаушысыз өзі 20 жасында тізгіндеген. Ол сол алғашқы сапары бүгінге дейін жүрегінде сақталғанын айтады.

— Ол сәт ешқашан ұмытылмайды. Себебі кабинада артыңда инструктор болмайды. Бұл өте үлкен жауапкершілік. Үлкен бір темір құсты бағындыру, оны бағыттау оңай емес. Қуаныш пен таңқалу сезімі кезіңде «Мен өзім ұшып бара жатырмын ба?» деп ойлайсың. 3‑курста алғаш жеке ұшқанымда әуеде 20 минут болдым, — деді лейтенант.

Оның айтуынша, бұл мамандықтың ең үлкен артықшылығы — аспанмен дос болу. Әр көкке көтерілген сәтте ерекше сезімге бөленесің. Ал ең күрделі тұсы — жауапкершілік. Себебі әр ұшқыштың мойнында үлкен міндет пен сенім жүктелетінін атап өтті.

Ұшқыш болу үшін денсаулық пен білім — басты талап

Ұшқыш болу — тек ұшақты басқару емес, кәсіби дайындықты қажет ететін жауапты қызмет. Бұл саланы таңдаған әрбір адам психикалық, физикалық және медициналық тексерулерден өтуі міндетті. Ал әскери салада бұл талаптар әлдеқайда қатаң. Әуе қызметкерлері әр жарты жыл сайын медициналық тексерістен өтеді. Жаннұр да ұшқыш болу жолында бірнеше іріктеуден өтіп, өз қабілетін дәлелдеген.

— Логикалық сұрақтар, шапшаңдыққа қатысты сұрақтар қояды, ой қабілетіңді тексереді. Келесі кезеңде медициналық тексерістен өтесің. Көздің көруі жақсы болуы керек, кабинаға сыю үшін бойың мен салмағың сай болуы тиіс. Жалпы, денсаулығың 100 пайыз жақсы болуы керек. Одан кейін дене дайындығынан өттік, норматив тапсырдық. Сонымен қатар ҰБТ‑дан алған ұпайларың да есепке алынады, — деді жас ұшқыш.

Фото: gov.kz

Мұнан бөлек, бұл саланы таңдаған әрбір адамға білім мен сабырлық керек. Жаннұр Балғожиннің пікірінше, ауа қысымына қарамастан түрлі маневр жасаған сәтте немесе төтенше жағдай туындағанда ұшқыш саналы және тыңғылықты әрекет етуі қажет.

— Әуеде ұшқанда әр секунд маңызды. Өз өміріңді және басқа біреудің өмірін сақтап қалу тек өз әрекетіңе байланысты. Төтенше жағдай кезінде әр жайттың бөлек алгоритмі бар. Нұсқау қағаздарында бәрі жазылып тұрады, әрі әр құрылғының орны көрсетіледі. Мұның бәрін көзбен үйреніп, жаттау керек, себебі қиын сәтте нұсқаулыққа қарап отыруға уақыт болмайды. Бәрі білім мен жауапкершілікті қажет етеді, — деді Жаннұр Балғожин.

Дүниежүзілік авиация күні туған ұшқыш: Шохан Мұсабековтің тәжірибесі

Буын ауысы — әр салада болатын табиғи құбылыс. Тәуелсіздік алғаннан бері әскери ұшақтарды басқару бесінші буын мамандарының қолына өтіп жатыр. Ал алғашқы буын қатарында еліміздегі жойғыш ұшақтарды тізгіндеген ұшқыштың жасы бүгінде 48-де.

Фото: Шохан Мұсабековтың жеке мұрағатынан

Шохан Мұсабеков — Әскери-әуе күштерінің аға инспектор-ұшқышы, полковник. Оның әскери авиация саласындағы еңбек өтілі 30 жылдан асқан. Осы уақыт ішінде әуеде 1000-ға жуық сағат ұшып, талай қиындық пен кедергілерден өткен.

Шохан Кеңесбекұлы авиация саласын таңдауының бір себебі — ол 12 сәуір, яғни дүниежүзілік авиация және космонавтика күні туған.

— Мен өзім қарапайым отбасынан шықтым. Менің туыстарым мен жақындарымның арасында авиация саласында жұмыс істеген адам болған жоқ. Кішкентай кезімде ата-анам: «Менің ұлым 12 сәуірде дүниеге келді, ол космонавт болады» деп айтатын. Сол ата-анамның сөзінен бала арманым басталды. Кейін бұл арманымды орындау үшін 1995 жылы Ресей мемлекетіне қарасты Волгоград қаласындағы Качинскі жоғары әскери авиациялық ұшқыштар училищесіне оқуға түстім, — деді полковник.

Одан кейін Шохан Мұсабеков Краснодар жоғары әскери авиациялық ұшқыштар училищесіне ауыстырылып, 2000 жылы институтты бітірген. Шетелде білім алып жүрген кезінде алғаш рет өзі салмағы 5 тоннаға жететін L-39 ұшағын басқарған.

— Ресей Ферерациясы Кубань қаласы Кущёвская аэродромында оқу-жаттығу кезінде алғаш рет жалғыз ұштым. Ол кезде ғажап сезімді бастан кештім. Әуе айлағынан ұшақ көтерілген кезде жүрегім дүрсілдеді. Ұшақтағы екі кабинаның арасындағы айнаға қарасам, артымда нұсқаушы ағай жоқ екен. Сол кезде «Мен өзім ұшып келе жатырмын ғой» деп ойлағаным есімде. Бар күшімді жинап алдым. Одан кейін сол жағыма қарасам, аэродром көрініп тұр, биіктікке ұшып кеткен екенмін. 8 минуттай әуеде болдым, сосын өз күшімен ұшақты қайта жерге қондырдым. Түскен соң екі сағат бойы бойымды толқу мен қуаныш сезімі биледі, — деді Шохан Мұсабеков.

Фото: gov.kz

Өткен мен бүгіннің ерекшелігі

Шохан Мұсабеков үшін бұл саланың маманы болу оңай болмаған. Сол кезде елімізде авиация саласын оқытатын оқу орындары аз еді, сондықтан арман қуып Ресейге кеткен. Қазіргі жас ұшқыштар сияқты қазақ тілінде емес, орыс тілін меңгере жүріп, білімін жетілдірді.

— Ұшқыш болу мен үшін қиын болды. Өйткені мен қазақ мектебінде оқыдым, ал жоғары оқу орындарында орыс тілінде оқуға қиналдық. Түсінбеген соң математика пәнін де ілесіп оқып кете алмадық. Ал ұшқыш болып, авиация саласында жұмыс істеймін деген жанға бұл пән қажет. Сондықтан мен қосымша сабақтарға қатысып, көп оқып, өз деңгейімді көтердім. Жолдастарымызбен бірге тырмысып, намысқа тырысып жүріп орыс тіліне де үйрендік, оқуды да аяқтадық. Арманымызға да жеттік, — деді ол.

Оның айтуынша, қазір ұшқыш боламын деп армандаған адамға барлық мүмкіндік бар. Елде сапалы білім беретін жоғары оқу орындары көп. Әскери авиация саласы да заман талабына сай дамып келеді. Жаңа жүйелер енгізіліп, көптеген процестер автоматтандырылған. Бұл оқуды жеңілдетіп, кәсіби дайындықты тиімді етеді. Ал отыз жыл бұрын ардагер ұшқыштар әр әрекетті өздері дәл есептеп отырған.

— Бүгінгі күнді біздің кезбен салыстырсақ, бірнеше ерекшелік бар. Мысал ретінде ұшақтардағы навигация жүйесін айтар едім. Бұрын біз навигацияны математикалық формулалар арқылы қолмен есептейтінбіз. Қазір оның бәрі электронды жүйеде, навигациялық спутниктер арқылы жұмыс істейді. Келесі ерекшелік — біздің уақытта нысананы дәл табу кезінде де есептеу қажет болса, қазір бұл жүйе де электронды. Заман талабына сай дамыған. Себебі бұрынғыдай қолмен есептеп отыруға уақыт жоқ, ұшқышқа тез шешім қабылдау қажет. Жүйелерге модернизация жасалғанымен қазіргі жастарға да математика тереңдетіп оқылады, — деді Шохан Кеңесбекұлы.

Аспан әлемі: биіктік, батылдық және жауапкершілік

Шохан Мұсабеков отыз жылдық еңбек жолында салмағы 47 тоннадан асатын ұшақты тізгіндеп 17 мың метр биіктікке де көтерілген. Осылайша ол атмосферасының бір қабаты Стратосфераға дейін жеткен екен.

— Оқу-жаттығу кезінде MiG‑31 атты ұшақпен жерден 17 мың метр биіктікте ұштық. Сол кезде байқағаным, жер үстінде бізге аспан көгілдір болып көрінсе, биіктікке көтерілгенде қаралау болады екен. «Міне ғажап» деп таңғалғаным әлі есімде. Сапарымыз 2 сағат 40 минут созылды. MiG‑31 ұшағының жылдамдығы да, қозғалтқыштары да өте мықты. Бұл алып ұшақпен мен 2000–2010 жылдар аралығында ұшып, қызмет еттім, — деді ол.

Фото: Шохан Мұсабековтың жеке мұрағатынан

Ұшқыштың айтуынша, аспан әлемінде мыңнан аса сағат өткізсе де, төтенше жағдай тек бір сапарда ғана болған. 9 000 метр биіктікке көтерілгенде әскери ұшақтың генератор жүйелері істен шығыпты. Бірақ ұшқыш кәсіби шеберліктің арқасында дереу шешім қабылдап, ұшақты аэродромға аман-есен қондырған. Мұндай сәттерде ол тек білім мен батыл мінездің маңызды екенін айтты.

— Ұшқыштың теориялық білімі мықты болуы керек. Әсіресе математика мен физиканы жақсы меңгергені жөн. Жалпы ұшқыш боламын деген адам білімді, тәртіпті, психологиялық тұрғыдан сабырлы әрі батыл болуы қажет. Әр ұшқыш төтенше жағдайға әрдайым дайын болуы тиіс. Оқу кезінде олар толық дайындықтан өтіп, арнайы жаттығу құралдарында үйретіледі. Себебі төтенше жағдайда ойлануға уақыт жоқ, әскери ұшқыш бір секундтың ішінде шешім қабылдауы керек. Жағдайды бақылап, жердегі командалық пунктке баяндап, барлық әрекетті белгіленген алгоритм бойынша орындауы тиіс, — деді ол.

Фото: gov.kz

Жас ұшқыш Жаннұр Балғожин мен тәжірибелі ұшқыш Шохан Мусабековтің мамандықтары бір. Екеуі де әскери-әуе күштерінде ұшқыш болып қызмет етеді. Әр дәуірдің талабына сай, екі түрлі кезеңнің қиындығын еңсеріп, өз жолдарын қалыптастырған. Соған қарамастан, олардың мақсат-мұраты ортақ. Екі ұшқыш та авиация саласының болашағына сеніммен қарайды. Олардың пікірінше, қазіргі таңда жаһанда жасанды интеллект қарқынды дамып келеді. Бұл үрдіс авиация саласына да әсер етуде. Болашақта пилотты және ұшқышсыз авиацияның қатар жұмыс істеуі мүмкін екенін айтады.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:167
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Сәуір 2026 10:28
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see156

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

08 Қазан 2026 09:16see143

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

08 Қазан 2026 00:34see140

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

08 Қазан 2026 11:09see135

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

08 Қазан 2026 09:30see135

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

08 Қазан 2026 00:30see135

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

08 Қазан 2026 04:20see134

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

08 Қазан 2026 19:59see133

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

08 Қазан 2026 08:28see133

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

08 Қазан 2026 18:21see132

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

08 Қазан 2026 13:34see132

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

08 Қазан 2026 16:58see131

Сауда серіктестігіне серпін

08 Қазан 2026 03:37see131

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

08 Қазан 2026 00:26see130

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

08 Қазан 2026 00:35see130

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

08 Қазан 2026 21:27see130

Ынтымақтастықты жандандырған жол

08 Қазан 2026 03:37see130

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

08 Қазан 2026 14:40see130

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

08 Қазан 2026 00:15see129

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

08 Қазан 2026 19:31see128
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары