Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

Жемісті жеті жыл

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

Арал теңізіне жыл сайын кемінде 4 миллиард текше метр көлемінде су жеткізу қажет Мархабат Жайымбетов

Арал теңізіне жыл сайын кемінде 4 миллиард текше метр көлемінде су жеткізу қажет Мархабат Жайымбетов

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Мәжіліс отырысында «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі, Мәжіліс депутаты Мархабат Жайымбетов Премьер-министр Олжас Бектеновке Арал мәселесін көтеріп, жоба бойынша істеліп жатқан жұмысы туралы депутаттық сауал жолдады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Мархабат Жайымбетовтың айтуынша, бұл мәселені бұған дейін Мемлекет басшысы Астанады өткен саммите көтерген.

– Арал мәселесі –  Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының үнемі назарда ұстап отырған маңызды бағыттардың бірі. Соның аясында өңірде жүйелі жұмыстар жүргізіліп, экологиялық ахуалды жақсартуға және инфрақұрылымды дамытуға бағытталған бастамалар кезең-кезеңімен жүзеге асуда. Аймақта жол, су және әлеуметтік нысандардың жаңаруы жергілікті деңгейдегі жұмыстардың тұрақты түрде ілгерілеп келе жатқанын көрсетеді. Қиындығы күрделі өңірде түйткілдердің шешім табуы - үздіксіз еңбектің нәтижесі. Құрғаған теңіз табанында жүргізіліп жатқан сексеуіл егу және мелиорациялық шаралар табиғи ортаны қалпына келтіруге бағытталған маңызды қадам ретінде бағаланады.

Сонымен бірге, осы ілгерілеумен қатар, уақыт күттірмейтін, шешімін қажет ететін күрделі мәселелер де бар. Арал тағдыры - тек табиғаттың ғана емес, тұтас әлемнің болашағына тікелей әсер ететін ортақ жауапкершілік.   Дегенмен, бұл бағытта еліміз тарапынан кешенді әрі ауқымды жұмыстар тұрақты түрде жүргізіліп келеді. 2002 - 2008 жылдары Дүниежүзілік банкпен бірлескен «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Солтүстік Аралды сақтау» жобасы аясында өзеннің өткізу қабілеті 350-ден 700 м³/с дейін артса, теңіз көлемі 15,6-дан 27,1 км³ дейін ұлғайды, тұздылық 23-тен 12 г/л дейін төмендеді, балық аулау 400 тоннадан 8 мың тоннаға дейін өсті.

Қазіргі таңда жобаның екінші кезеңі қарастырылуда. Ол Көкарал бөгетін Балтық жүйесі бойынша 42 м-ден 44 м-ге көтеру, дельта экожүйесін тұрақтандыру, дренаж суларын сулы-батпақты алқаптарға бұру, Қызылорда және Түркістан облыстарындағы ирригациялық жүйелерді жаңғырту жұмыстарын қамтиды. Жоба аясында 180 іс-шара жоспарланған, жалпы құны 700 млрд теңгеден асады. Нәтижесінде Солтүстік Арал ауданы 3 151 км²-ден 3 913 км²-ге, су көлемі 27 км³-ден 34 км³-ге дейін артады!

AMANAT партиясы Арал мәселесін бақылауда ұстап, Жол картасы аясындағы бастамаларды жүйелі түрде іске асырып, өңірдің экологиялық және әлеуметтік түйткілдерін шешуге бағытталған нақты жұмыстардың жүзеге асуына тұрақты түрде ықпал етіп келеді.

Сондықтан Солтүстік Арал теңізін сақтаудың екінші кезеңін жедел іске асырып, Көкарал бөгетін 2 метрге көтеру жобасын толық қаржыландыру және аяқтау. Осы арқылы теңізге жыл сайын кемінде 4 млрд текше метр көлемінде кепілдендірілген су жеткізуді қамтамасыз етіп, тұздылық деңгейін 10 промилледен асырмайтын тұрақты экожүйелік режим қалыптастыру керек. Екіншіден су ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында ирригациялық жүйелерді жаңғырту, су шығынын азайту және су үнемдеу технологияларын енгізу бойынша мемлекетаралық үйлестіруді күшейту.

Үшіншіден трансшекаралық су келісімдерін күшейту арқылы тұрақты су режимін қалыптастыру. Сондай-ақ, Су ресурстарын тұрақты басқару мәселелері бойынша Орталық Азия мемлекеттерімен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты күшейту. Оның үстіне, құрғаған теңіз табанында сексеуіл және тұзға төзімді өсімдіктерді отырғызу көлемін ұлғайтып, олардың жерсінуін қамтамасыз ету, тұрақты мониторинг жүргізу және шаң-тұздың таралуын азайту арқылы экологиялық және денсаулық қауіптерін төмендету.  Бесіншіден Арал өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету мақсатында балық шаруашылығын жүйелі түрде дамыту, су қоймаларын жаңғырту және алдағы уақытта Есіл - Торғай - Арал жобасын кезең-кезеңімен іске асыруды қарастыру керек, – деді депутат. 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:86
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Мамыр 2026 13:47
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

24 Қыркүйек 2026 10:15see149

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

24 Қыркүйек 2026 09:59see147

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

24 Қыркүйек 2026 10:11see146

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

24 Қыркүйек 2026 10:19see146

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

24 Қыркүйек 2026 19:41see145

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

24 Қыркүйек 2026 10:12see144

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

24 Қыркүйек 2026 19:09see140

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

24 Қыркүйек 2026 10:08see140

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

24 Қыркүйек 2026 10:12see139

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

24 Қыркүйек 2026 10:16see139

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

24 Қыркүйек 2026 11:03see139

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

24 Қыркүйек 2026 12:48see138

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

24 Қыркүйек 2026 10:13see138

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

24 Қыркүйек 2026 10:34see137

Жемісті жеті жыл

24 Қыркүйек 2026 10:10see137

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

24 Қыркүйек 2026 10:20see136

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

24 Қыркүйек 2026 09:58see136

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

24 Қыркүйек 2026 18:58see136

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

24 Қыркүйек 2026 10:19see134

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

24 Қыркүйек 2026 10:21see134
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары