Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

Онлайн сауданың дамуы елімізге экологиялық залал келтіруде Мархабат Жайымбетов

Онлайн сауданың дамуы елімізге экологиялық залал келтіруде Мархабат Жайымбетов

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Мархабат Жайымбетов Премьер-министр Олжас Бектеновке бір реттік қолдануға арналған қаптаманың экологиялық әсері туралы депутаттық сауал жолдады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Елімізде жүргізіліп жатқан реформалар аясында қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесіне ерекше мән берілуде. Жаңа Конституцияда қоғамның басты сұраныстарының бірі – адам өмірі мен денсаулығына қолайлы орта қалыптастыру, табиғатқа жанашырлықпен қарауды іргелі қағидат ретінде орнықтыру. Мәжіліс депутатының айтуынша, аталған ұстаным экологиялық қауіпсіздікті мемлекеттің стратегиялық басымдығы ретінде айқындап, табиғатты қорғау ісін жаңа деңгейде жүйелі жаңғыртуға мүмкіндік береді.

«Осы бағытта Мемлекет басшысы бастамашылық еткен "Таза Қазақстан" жалпыұлттық бастамасы қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және табиғатты аялау жауапкершілігін арттыруға бағытталған маңызды бастамаға айналды. Аталған бастаманы іске асыруда «AMANAT» партиясы экологиялық жауапкершілікті арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізіп отыр. 

Соңғы жылдары электрондық сауда экономиканың маңызды сегментіне айналып, онлайн-платформалар арқылы сауда жасау кең тарады. Сауда және интеграция министрлігінің мәліметіне сәйкес, 2025 жылы электрондық саудаға қатысты 18 237 өтініш тіркеліп, бұл сала тұтынушылық қатынастардың маңызды бөлігіне айналғанын көрсетеді. Онлайн-сауданың кеңеюі бір жағынан халыққа үлкен қолайлылық әкелсе, екінші жағынан экологиялық мәселелерді де алға шығарып отыр», – деп атап өтті депутат.

Осы тұста Мархабат Жайымбетов аталған мәселенің бірнеше себебін де атап өтті.

Біріншіден, тауарды зақымданбай жеткізу үшін пластик, пленка, картон секілді көптеген «шығын материалдары» қолданылады. Жеткізілгеннен кейін олардың басым бөлігі қоқысқа тасталады. Нәтижесінде, тұрмыстық қатты қалдықтар құрамындағы қаптама үлесі артып, полигондарға түсетін жүктеме жылдан-жылға көбейіп келеді.  

Екіншіден, жеткізу процесі көптеген көлік тасымалдарын талап етеді. Әлемдік зерттеулерге сәйкес, жүк пен тауар тасымалы көмірқышқыл газы бөлінуі шамамен 24 пайызын құрайды, оның ішінде негізгі үлес жеңіл және жүк көліктеріне тиесілі. 

– Сонымен қатар елімізде жыл сайын 4,5-5 миллион тоннадан астам коммуналдық қалдық түзіледі, ал қалдықтарды қайта өңдеу деңгейі 2025 жылы шамамен 28 пайызды ғана құрады. Бірқатар өңірлерде мәселенің күрделене түсуі сұрыптау инфрақұрылымының жеткіліксіздігімен және бизнестің қаптама көлемін азайтуға немесе қайта пайдаланылатын ыдыс жүйесін дамытуға экономикалық ынталандырудың әлсіздігімен байланысты. 

Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, маркетплейстерде жеткізудің соңғы кезеңінде электр көліктерін пайдалану көміртегі бөлінуін азайтуға тиімді болып отыр. Мысалы, бірқатар елдерде маркетплейстер қаптамаларды өздері қайта өңдеп, қайта пайдаланылатын орау жүйесін енгізу арқылы экологиялық жауапкершілікті күшейтіп келеді. Ал елімізде мұндай тәжірибе әлі де кеңінен енгізуді қажет етеді.

Сондықтан электрондық сауданың дамуы экологиялық жауапкершілікпен қатар жүруі тиіс. Табиғатты қорғау – тек мемлекеттің ғана емес, бизнес пен қоғамның да ортақ міндеті, – деді Мархабат Жайымбетов.

Депутат осыған байланысты электрондық сауда саласының қарқынды дамуын ескере отырып, экологиялық жүктемені азайту және қалдықтарды тиімді басқару мақсатында бірнеше нақты ұсынысын айтты.

Біріншіден. Электрондық саудада қолданылатын бір реттік қаптаманы қысқарту бойынша нақты нормативтік талаптар енгізіп, қайта пайдаланылатын әрі экологиялық қауіпсіз қаптама үлесін кезең-кезеңімен арттыру.

Екіншіден. Ірі онлайн  платформалар мен жеткізу компаниялары үшін қаптама қалдықтарын жинау және қайта өңдеу бойынша кеңейтілген экологиялық жауапкершілік механизмін енгізу.

Үшіншіден. Ірі қалаларда қайтарымды контейнерлер, жәшіктер және көп рет қолданылатын қаптама жүйесін енгізуге арналған пилоттық жобаларды іске қосу.

Төртіншіден. Қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу инфрақұрылымын дамыту мақсатында өңірлерде заманауи сұрыптау кешендерін көбейтіп, осы салаға инвестиция тарту үшін экономикалық ынталандыру шараларын күшейту.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:120
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Наурыз 2026 17:36
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see119

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see116

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see116

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see115

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see114

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see113

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see112

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see112

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see112

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see112

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see111

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see111

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see111

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see110

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see109

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see109

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see108

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see108

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see108

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

05 Қараша 2026 15:27see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары