Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

WhatsApp чаттар мен тапсырманың көптігі мұғалімнің уақытын алып, оқушымен жұмыс істеуге мүмкіндік бермейді Мархабат Жайымбетов

WhatsApp чаттар мен тапсырманың көптігі мұғалімнің уақытын алып, оқушымен жұмыс істеуге мүмкіндік бермейді Мархабат Жайымбетов

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Мархабат Жайымбетов Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға білім беру саласындағы жүйелі мәселелер жөнінде депутаттық сауал жолдады, - деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Депутаттың айтуынша, қазіргі мектеп жүйесі барлық балаға сапалы білім беруде қиындыққа тап болып отыр. Осы ретте ол бұның бірнеше себебін де атап өтті. 

- Біріншіден, шамадан тыс жүктеме, қағазбастылық, инфрақұрылымның теңсіздігі, сондай-ақ WhatsApp-тағы чаттар пен тапсырмалардың көптігі ұстаздың уақытын алып, оқушымен жеке жұмыс істеуге мүмкіндік бермейді. Қала мен ауыл арасындағы алшақтық та айқын: бір аймақта жаңа мектептер салынса, басқа өңірлерде интернет пен техника жетіспейді. Президенттің «Ауыл мен қала баласының мүмкіндігі тең болуы тиіс» деген талабы нақты іске айналуы қажет.

Екіншіден, білімдегі олқылықтарды толтыру үшін ата-аналар балаларын репетиторға беруге мәжбүр. Қазір репетиторлыққа сұраныс шамамен 25 пайызға өскен. Репетитор - сән емес, қажеттілікке айналды. Бірақ оған барлық отбасының мүмкіндігі бірдей емес. Осылайша білім теңсіздігі күшейіп, әлеуметтік әділетсіздік тереңдеуде. 

Үшіншіден, білім сапасы тікелей ұстазға байланысты. Қазіргі уақытта қағазбастылықты жоямыз деп барлық қызметті цифрландыру процесі жүріп жатыр. Оның ішінде педагогтердің аттестациясы мен жұмысқа қабылдау рәсімдері де бар. Бұл, әрине, тиімді көрінуі мүмкін, алайда электронды форматта өткізілгенімен, көбіне сканерленген құжаттармен шектеледі. Ал мұндай құжаттардың шынайылығы - бөлек мәселе. Осы орайда, аталған екі рәсімде де адамның жеке тұлғалық қасиеттері мен маман ретіндегі шынайы құзыреттілігін толық бағалау қиын. Сондықтан балаға білім мен тәрбие беру негізгі мақсат екенін ескере отырып, бұл рәсімдерге «әңгімелесу» немесе «сабақ беру» кезеңін қосу орынды. 

Төртіншіден, білім сапасы үшін жауапкершілік тек білім басқармаларының мойнына ілінген. Ал біліктілік арттыру орталықтары миллиардтаған бюджет қаржысын игергенімен, олардың жұмысының нақты нәтижесі ешкімнен сұралмайды. Білім заңына сәйкес, әрбір педагог үш жыл сайын біліктілігін арттыруы тиіс, яғни жыл сайын педагогтердің 33 пайызы оқудан өтеді. Алайда көп жағдайда бұл үдеріс республикалық мекемелермен (Өрлеу, Педагогикалық шеберлік орталығы және т.б.) шектеледі. Екі-үш аптаға созылатын курстардың оқушылардың білім сапасына нақты әсері бар-жоғы назардан тыс қалып отыр. Мемлекет қаржысы бөлінген болса, оның қайтарымы да талап етілуі тиіс. Сәйкесінше,  жауапкершіліктің бұл бөлігі біліктілік арттыру мекемелеріне де нақты жүктелуі қажет, - деді депутат.

Осы аталған мәселелерге байланысты, «AMANAT» партиясы фракциясы мынадай ұсыныстарды қарауды сұрайды: 

Мұғалімдердің кәсіби дамуын жаңа сапалық деңгейге көтеру және біліктілік арттыру орталықтарына нәтиже үшін жауапкершілік тетігін бекіту. Аттестация мен жұмысқа қабылдау рәсімін қайта қарап, мұғалімнің практикалық шеберлігін бағалайтын кезең енгізу. Білім сапасын бағалауда кешенді және әділ көрсеткіштер жүйесін енгізу. Сондай-ақ, білім сапасын тәуелсіз бағалайтын ұлттық зерттеу институтын құру.   Ауыл мен қала мектептері арасындағы білім сапасы алшақтығын азайтуға бағытталған нақты индикаторлар мен қаржылық тетіктерді бекіту.
Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:206
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Желтоқсан 2025 16:46
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see118

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see115

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see115

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see113

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see112

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see111

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see111

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see111

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see111

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see110

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see110

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see109

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see108

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see107

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see107

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see106

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see106

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see106

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see106

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

05 Қараша 2026 15:27see103
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары