Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Жемісті жеті жыл

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

Арлы болмыс баяны

Арлы болмыс баяны

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Ұлт руханиятына үздіксіз, үзіліссіз, риясыз қызмет етіп келе жатқанына алпыс жылдан мол асып  жығылды. Сары баланың жиырма жасында ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтен алған батасының қабыл болғаны емес пе, тоғыз романды, он алты хикаят, он сегіз пьеса, тағы бірқанша либретто, киносценарийлер, елу бес поэма, өлең-жырларды, қаншама әңгіме, жүзге жуық мақалаларды дүниеге келтіріпті. Өзі оннан астам өзге ел жазушыларының шығармаларын қазақ тілінде сөйлетсе, өзінің шығармалары 20 шет тіліне аударылып, дүниежүзілік игілікке айналыпты. Туындыларының жалпы көлемі бұдан бес жыл бұрын 25 том болған еді. Одан бері өспесе, әлбетте, кеміген жоқ.

Әрине, қаламгер Сматаевтың еңбек­қорлығы өз алдына бөлек мәселе. Шығармашылық бағасы санмен өлшенбейтіні әркімге аян. Олай болса, саңлақ Сматаевтың алты Алашқа жайылған атышулы атағының гәбі – сапада. Осы орайда барлық шығармасының керуен басында «Елім-ай» трилогиясы тұратыны біз ашқан жаңалық емес. Жалпақ жұрты әлдеқашан мойындаған, әлқиссадан қалыптасқан аксиома. Сол шындықты алғаш айтқан, «Елім-ай» романының шұрайы мен шырайын елдің алды болып таныған, әділімен бағалаған, Алатаудай асқар басымен жалпыға жариялаған – Адамзаттың Айтматовы, шоң Шыңғыс көкеміз еді десек, автордың ғана емес, бүтін Алаш жұртының мәртебесі, мерейі өсе түсері хақ. Кезінде солай болды да. Қырғыз ақын-жазушыларына Софы Сматаевтың «Елім-айын» оқуға, одан үйренуге, үлгі алуға кеңес берді. Сол насихаттың әсері болса керек, қырғыз бауырлардың киногерлері осы роман бойынша салмақты көркем фильм түсіруге мейлінше ықыластанып, ынталанып, сол игі іске автордың келісімін тола­йым қолқалады. Әттең, Софыекең «Қазақфильмдегі» ағалардың уағдалы сөзіне қарайлап, байкелерге келісімін бермеді, қазағына тартты. Орны толмас өкініштің бірі осы жайт болды. Ағалардың әуелгі уәдесі жайына қалды.

«Елім-ай» болса ел ішіндегі, әдеби ортадағы дүбірлі шеруін жалғастыра берді, жалпы ұлт руханиятына оң әсерін тигізді. Трилогия туралы тұшымды пікірлер Әзілхан Нұршайықов, Қал­мұқан Исабаев, Ғафу Қайырбеков, Мұзафар Әлімбаев, Ғаббас Қабышұлы, Герольд Бельгер, Сәкен Иманасов, Дулат  Исабеков, Тұрсын Жұртбай, Құлбек Ергөбек сынды әдебиет дүлдүлдері мен басқа да білгірлері тарапынан дәлелді түрде айтылды. «Елім-айдың» сол асқақтаған, аспандаған атақ-абы­ройы әдеби-мәдени ортада, тарихшылар талқысында, әдебиет сүйер қалың көпшілік арасында әлі күнге дейін  бір мысқал кеміген емес. Тарихи тақырыптың әдеби көркем тұздығы Софы ағаның қаламынан алынатын болды. «Жарылғап батыр», «Мейрам сопы-Қарқабат» шығармалары романды өлеңмен өрнектеп өрудің үлгісі, үрдісі ретінде қабылданды. Осы оң пікір иелері бір ғана нәрсеге түсінбейді. «Софыға келгенде осы Мемлекеттік сыйлықтың жолы неге, неліктен жабылып қала береді?» деп олардың көбі сұрақты төтесінен қояды. Біздің де түсінбейтініміз нақ осы жайт.

Софы Сматаевтың болат болмысы, азаматтық ұстанымы, ақиқаттан таймайтын қайсар мінезі ел ішінде «Елім-аймен» бірдей аңызға айналған десек, анығы да сол. Ешкімнің алдында жалтақтамайды, қорқақтамайды, жалбарынбайды, тайсақ­тамайды, тіліп турасын айтады, өз шығармаларында сомдаған қаһарман қас батырларша, қашанда қарағайға қарсы біткен бұтақтай қасқиып тұрады. Сексен алтының Желтоқсанында да сөйтті. Көлгірсіген отаршы озбырларға арын сатпады, туған халқына адалдығын сақтады.

Жетсе де бір емес, екі өлім,

«Елім!» деп, «Халқым!» деп өтемін.

Алаштың бақытты ұлымын,

Жүрегі ұлтымның – мекенім!

Софыян аға өлеңде берген осы сертінен өмірде де айнымай келеді, өмір бақи, сексен бестің сеңгіріне шыққан бүгінге дейін қалам мен кәламның киесінен әсте жаңылмады, бас пайдасына бұрып жаңсақ баспады. Халық оны сол үшін де жақсы көреді, қаламдастары қадірлейді. Осылайша, қаламгерлігі мен азаматтығын қылау түсірмей қатар алып жүрген бірден-бір тарлан тұлға десек, артық айтпасақ керек.

Ал осы қаламгерлікте де проза мен поэзияны, қара сөз бен өлең сөзді хас қыранның қос қанатындай, бірінен бірін кем соқтырмай, қатарластыра қағып, қапталдастыра самғатып, шырқау биіктен еш төмендемей келе жатқан жампозымыз да осы Софы Сматаев екеніне қол қоямыз. «Елім-айдағы» шалқыған шалқар шабыт, тасып төгілген әдемі тіл, ақындық алапат төл әдебиетіміздегі сирек ұшырасатын ерекше құбылысты жарқыратып  танытты. Мұндайда «ақынжанды жазушы екен» дейтініміз бар ғой. Бірақ бұл арадағы қасиет ақынжандылықтан жоғары. Біздің қаламгеріміз нағыз от ауызды, орақ тілді ақын. Ол мұны содан кейінгі бүкіл шығармашылығымен, ондаған жыр жинақтарымен, шұғылалы шуақ төккен мың сан шумақтарымен дәлелдеді. Мысал келтірмей-ақ қояйық. Жыр кітаптарын оқыңыз. Софыян ақын өмірін өлеңге, өлеңін өмірге айналдырды. Ақынның жан дүниесі тіршілік-тірлікте ызғарлы  шуақты сәт сайын сезінеді, тәтті мұңға тынымсыз кезігеді. Өлең-толқын қуалаған өзен-ақын оқырманына асығады. Өлеңінде шымырлаған, шамырқанған сыры да, мұңы да қазағына, халқына жақын.

Сеңгір биіктегі толағай тұлғаның, аса көрнекті жазушының, абыз ақынның қаламынан төгілген, өмірдің өзіндей тебіренген, ғасырлар тереңіндегі қатпарлы тарихымыз болып күңіренген сүйінішін де, күйінішін де құп аламыз. Ұлтыңыздың жүрегін мәңгілік мекендей беріңіз, ұлтымыздың асылы, Алаштың жасыны!

Қорғанбек АМАНЖОЛ,

ақын, ардагер журналист, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты

АЛМАТЫ 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:111
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Маусым 2026 09:13
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

24 Қыркүйек 2026 10:15see149

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

24 Қыркүйек 2026 09:59see147

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

24 Қыркүйек 2026 10:11see146

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

24 Қыркүйек 2026 10:19see146

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

24 Қыркүйек 2026 19:41see144

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

24 Қыркүйек 2026 10:12see144

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

24 Қыркүйек 2026 19:09see140

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

24 Қыркүйек 2026 10:12see139

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

24 Қыркүйек 2026 10:16see139

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

24 Қыркүйек 2026 10:08see139

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

24 Қыркүйек 2026 12:48see138

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

24 Қыркүйек 2026 10:13see138

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

24 Қыркүйек 2026 10:34see137

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

24 Қыркүйек 2026 11:03see137

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

24 Қыркүйек 2026 18:58see136

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

24 Қыркүйек 2026 09:58see136

Жемісті жеті жыл

24 Қыркүйек 2026 10:10see136

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

24 Қыркүйек 2026 10:20see136

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

24 Қыркүйек 2026 10:21see134

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

24 Қыркүйек 2026 10:19see134
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары