Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Арқада әжептәуір тоң қатты

Арқада әжептәуір тоң қатты

24.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Биыл сырттан су аз келеді, құрғақшылық қаупі басым деген болжамдар айтылған еді.

Бірақ қазір жердің тоңы әжептәуір. Солтүстік тұрмақ арқаның біраз аумағында жер астында бір метрден аса топырақ қатқан. Яғни тоң 110-130 сантиметрге дейін жетеді. Бұл алдағы жаз осы аймақтарда егістік де,. шабындық да ылғалдан кенде болмайды деген сөз.

Ал Арқаның Бетпаққа ұласар тұсы мен оңтүстікте қар аз түскен. Бірақ үміт жоқ емес. Алты ай қыстың әлегі әлі алда екенін ескерсек, боран да, аяз да аз болмайтын тәрізді. Өйткені алда "бөрісырғақ", "бесқонақ" бар.

"Қазгидромет" мамандары жердің тоң қабатына қатысты кейінгі онкүндікте жүргізген зерттеудің нәтижесін жариялады. Мәліметке қарағанда, елдің оңтүстігінде топырақтың қату тереңдігі небәрі 13-25 см аралығында. Кейбір таулы аумақтарда мүлде байқалмаған. Ал батыста 16-65, шығыста 18-43 см шамасын көрсетіп тұр. Қалған өңірлерде бұдан терең. Ең жоғары көрсеткіш Ақмола, Қостанай, Павлодар облыстарында. Бұл аймақтарда тоң 110-130 см аралығында.

ТОҢ ҚАЛЫҢДЫҒЫ

16-65 СМ    БҚО, Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау облыстары

13-25 СМ   /оңтүстік, яғни Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Жетісу облыстары

18-43 СМ / / шығыс, яғни ШҚО, Абай облыстары

51-130 СМ / қалған облыстар, яғни орталық пен солтүстік

Қамар Сәлиева, "Қазгидромет" РМК Агрометеорологиялық болжам басқармасының басшысы:

- Әр жылы әрдайым өзгеріп отырады. Негізі еліміздің орталығында, солтүстігінде және шығысында топырақтың қатуы әдетте 100-140 см-ден асады. Еліміздің оңтүстік бөлігінде және оңстүтік шығысында 40-60 см-ден аз. Қиыр оңтүстік қөңірлерде әдетте 10-15 см-ге жетпеуі мүмкін. Ал еліміздің солтүстік-шығысында кейбір жылдары 250 см-ден асады.

Қазір ел аумағының 92 пайызы қар жамылған. Алайда өңірлердің көбінде өте жұқа. Арқаның Бетпаққа ұласар тұсында ақұлпа тым аз, дейді шаруалар. Олар алдағы бөрісырғақтан үлкен үміт күтіп отыр.

Төлеген Жаманов, шаруа қожалығының жетекшісі:

- Жыланның қалыңдығындай ғана қар жатыр. Даладағы жылқыға тебінге аса ауырлық түсіріп тұрған жоқ. Жайлы жыл болды. Қысып жатқан аяз жоқ. Қаңтардың шілдесінде бір-екі күн ғана аяз болды. Қар өте жұқа. Енді қазақтың ескі жылтануымен есептегенде, осы ақпан айындағы бөрісырғақта бір өзгеріс болатын шығар. Қалыңдап қар түсіп қалар деген үміт бар. Әйтпесе бір сарышұнақ аяз, болмаса ат құлағы көрінбейтін ақборан дәл қазір Арқаның кіндігі, Жаңарқаның төңірегінде болған емес. 

Тоң қалың түссе жер ананың бере көп болмақ. Егінде мол шығады, шабындық та жайқалып тұрады. Мамандар қыс әлі де алда болғандықтан уайымдайтын ештеңе жоқ дейді.

Қамар Сәлиева, "Қазгидромет" РМК Агрометеорологиялық болжам басқармасының басшысы:

- Ағымдағы жылы еліміздің әдетте күздік бидай егетін өңірлерінде қыстайтын дақылдар үшін ауа райы жағдайы қанағаттанарлық. Әзірге критикалық температура байқалмады.

Синоптиктердің болжауынша, осы аптада ел аумағының басым бөлігінде қар жауып, боран соғады. Ал ақпанда ақ ұлпа мол түсуі мүмкін. Демек, алдағы жаз берекесіз болмайды деген болжам бар. 

Еркебұлан Смадияров, Мұрат Әріпханов

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:152
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Қаңтар 2026 07:43
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see122

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see119

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see118

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see117

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see116

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see115

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see115

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see114

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see114

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see114

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see114

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see113

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see113

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see112

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see112

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see111

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see111

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see111

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see110

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары