Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Елімізде қорлық көрсететін еркектердің дегеніне көнетін әйелдер саны әжептәуір азайды

Елімізде қорлық көрсететін еркектердің дегеніне көнетін әйелдер саны әжептәуір азайды

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Ұлттық статистика бюросының мамандары жүргізген зерттеу нәтижелері елімізде отбасылық зорлық-зомбылықты қалыпты құбылыс деп көретін әйелдер санының азайғанын көрсетті, деп жазады Egemen.kz. 

фото: istockphoto.com

Зерттеуге 15–49 жас аралығындағы өңірлерден келген шамамен 14,4 мың әйел қатысты. Сауалнамаға қатысқандарға ер адамның әйелін «сабауға құқығы бар ма» деген сұрақ қойылды. 2015 жылы бұл сұраққа 15,1% әйел «иә» деп жауап берген болса, былтыр бұл көрсеткіш 4%-ға дейін төмендеген.

2024 жылы мұндай зорлықты ақтап алатын әйелдердің арасында ең жиі таңдалған себеп – әйелдің балаларға дұрыс қарамауы (2,8%) болған. Бұдан бөлек:

1,6% – әйелдің үй шаруасымен айналыспауы;

1% – әйелдің күйеуіне қарсы сөз айтуы;

0,8% – әйелдің күйеуін ескертпестен үйден шығуы;

0,3% – жақындықтан бас тартуы;

0,2% – тамақтың күйіп кету себептері де болған.

Жылдан жылға еркектердің дегеніне көнетін әйелдер саны әжептәуір азайып келеді. Бұл қоғам санасының өзгергенін, әрі отбасыдағы әйел рөліне деген көзқарастың өзгергенін көрсетеді.

Ауылдық жерлерде мұндай «тәрбиелеу әдісін» дұрыс деп санайтындар көбірек. Өткен жылы ауыл әйелдерінің 6,8%-ы бұл сұраққа оң жауап берген, ал он жыл бұрын бұл көрсеткіш 20,6% болған. Қала әйелдері арасында мұндай көзқарасты қолдайтындар айтарлықтай аз – бар болғаны 2,6%.

Аймақтар бойынша айырмашылық өте үлкен. Мысалы:

Түркістан облысында сауалнамаға қатысқан әр оныншы әйел күйеуінің әйелін сабауын дұрыс деп санаған.

Жетісу облысында – 9,5%, Қостанай облысында – 8,8%.

Ең төмен көрсеткіш Маңғыстау (0,2%), Ақтөбе (0,4%) және Атырау (0,5%) облыстарында тіркелген.

Жасы ұлғайған сайын әйелдердің отбасылық зорлықты ақтауға бейімділігі артатыны байқалды:

45–49 жастағы әйелдердің 4,7%-ы;

40–44 жастағылардың 3,1%-ы мұндай көзқараспен келіседі.

Соңғы он жылдағы отбасылық қылмыс статистикасы

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің деректеріне сәйкес, өткен жылы отбасылық саладағы қылмыстық құқықбұзушылықтар саны 2015 жылмен салыстырғанда 7,2 есе өскен. Дегенмен бұл салыстыру толық объективті емес. 2015 жылы «Қол көтеру» және «Денсаулыққа жеңіл зиян келтіру» баптары әкімшілік құқықбұзушылық санатына жататын. Бұл баптар тек 2024 жылдың ортасында ғана қылмыстық жауапкершілікке ауыстырылды.

Отбасылық-тұрмыстық саладағы қылмыстық құқықбұзушылықтар саны 2025 жылдың қаңтар–қазан айларында 21,4% өсіп, 3 мың жағдайға жеткен.

Олардың ішінде:

1,7 мың жағдай – қол көтеру (өткен жылдың маусым–қазанымен салыстырғанда +36,8%);

680 жағдай – денсаулыққа жеңіл зиян келтіру.

Ал ауыр қылмыстар азайған:

кісі өлтіру – 30,1%-ға;

зорлау – 16,7%-ға;

денсаулыққа ауыр зиян келтіру – 10,5%-ға қысқарған.

Зорлық-зомбылыққа қатысты өтініштер азайған

Өңірлік әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат комиссияларының статистикасы да тұрмыстық зорлық-зомбылық деңгейінің төмендегенін көрсетеді. Өткен жылы зорлық-зомбылыққа байланысты дағдарыс орталықтарына жүгінгендер саны екі есе азайған.

2013 жылы – 30,5 мың өтініш.

2024 жылы – 12,9 мың.

Көмек алған әйелдер саны 12,2%-ға азайып, 11,4 мың адамды құрады. Ең жиі көрсетілген көмек түрлері – дағдарыс орталығының кеңесшісі немесе психолог көмегі, ал заңгер көмегі сирек көрсетілген.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:195
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Қараша 2025 16:10
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see142

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see140

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see139

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see139

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see138

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see137

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see137

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see136

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see136

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see135

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see133

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see132

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see131

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see123

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see123

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see122

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see121

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see120

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see117

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары