Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Доллар үздік ондыққа әрең ілінді: Әлемдегі ең қымбат валюталар тізімі

Үйшік: Атыраудың терең тарихындағы көне қала аты

ҰлтССО АҚ ға монополияға қарсы заң бұзушылық үшін ескерту жасалды

Блогер Қайсар Қамза Қазақстанға қайтарылды прокуратура мән жайды ашты

Павлодарда кәмелетке толмағандарға алкоголь сатқандар жауапқа тартылды

Жақында грант иегерлерінің тізімі жарияланады

Түркістандағы Respublica форумы: нақты нәтиже, нақты жауапкершілік

ШҚО да су бетіне сапбордпен шыққан екі шетелдік қиын жағдайға тап болды

Алматы полициясы Канье Уэсттің жанкүйерлерінt ескерту жасады

Қазақстан мектептерінде кейбір пәндердің атауы өзгеріп, жаңа сабақтар енгізілді

Қазақстанда мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы жаңа заң әзірленіп жатыр

Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы 4,08 трлн теңгеге өсті БЖЗҚ себебін атады

Бокс кеші өтеді

Анасы ұлына түсінде көрген есімді беріп, Норвегияда түрмеге жабылды

Сандуғаш Дүйсенова Бажкенованың ақпаратты қалай бұрмалағанын айтып берді

Ұлттық ұланның әскери бөлімдерінде 40 қа жуық егіздер қызмет етіп жүр

Полицей мен ТЖД қызметкері балаларды құтқарып қалды

Заманауи технологиялар шаруашылықтың шырайын келтіреді

Алматы мен Астанада қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады

Еліміздегі ежелгі қалалардың бірі қайта жаңғыртудан өтіп жатыр

Әскери кафедра: ел қорғанының сапалы резервін даярлайды

Әскери кафедра: ел қорғанының сапалы резервін даярлайды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Әскери білім беру бөлімдерінің дербес құрылымға айналуы, сала мамандарының айтуынша, оның жауапкершілігін арттырады және нақты кадр даярлайтын институт деңгейіне көтереді. Сонымен қатар әскери дайындықтың практикалық бағытын жетілдіруге, ел қорғанының сапалы резервін даярлауға мүмкіндік береді.

– Қазір біз әлемдегі өте күрделі және жылдам өзгермелі ахуалға куә болып отырмыз. Сол себепті де ел басшылығы Қарулы Күштерге, соның ішінде мемле­кеттің әскери даярланған резервін дайын­дау мәселелеріне ерекше көңіл бөлуде. Қа­зақстан Республикасының Президен­ті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Батыл тойтарыс» стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуы барысында: «Бүгінде әлемдік қорғаныс жүйесінде ауқымды өзгерістер болып жатыр. Қазіргі ұрыстардың әдіс-тәсілдері де басқа, әсіресе гибридтік соғыс түрлері кең таралуда. Шабуылдар әскери ғана емес, ақпараттық, психологиялық, саяси, экономикалық және басқа да сипат алуы мүмкін. Сондықтан Қазақстан армиясы кез келген сын-қатерге дайын болуы қажет» деген болатын. Бұл ретте еліміздің жоғары оқу орындарының жанындағы әскери кафедраларға, оның ішінде бізге де зор міндет жүктеліп отыр, – деді Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті әскери кафедрасының бас­тығы генерал-майор Еділ Оразов. 

Бұған дейін еліміздегі әскери дайындық құрылымы мен әдістерін қазіргі заманның сын-қатерлері мен ақпараттық техноло­гияның жаңару сұранысына сай жасақтау мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылды. Әскери кафедралары бар жоғары оқу орындарында бірыңғай әскери әдістемелік база құрылып, олар заманауи оқулықтармен қамтамасыз етілді және оқу бағдарлама­ларында жаңа тәсілдер енгізілді. Сонымен қатар қазіргі әлемдік қорғаныс жүйесінде болып жатқан ауқымды өзгерістерді ес­кере отырып киберқауіпсіздік, геоақпа­раттық жүйелер және автоматтандырылған басқару жүйелері сияқты аса маңызды және тапшы мамандықтар бойынша оқыту бағдарламаларын қалыптастырудың маңыздылығы артып отыр.

Жалпы, еліміздің жоғары оқу орында­рында 41 әскери кафедра жұмыс істейді. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, бұл әскери кафедраларды қазірге дейін 120 мың түлек бітіріп шыққан.

Сенатор Дархан Қыдырәлі былтыр оқу орындарын әлемдік стандарттарға сәйкестендіру және әсіресе әскери дайындық бөлімдерінің материалдық-техникалық базасын жаңғырту туралы мәселе көтерді. Депутат өз сөзінде әскери Жоғары оқу орындары мен қорғаныс саласына ұшқышсыз басқарылатын ұшу аппараттары мен заманауи технологияны жетік меңгерген ұлттық рухтағы кәсіби мамандарды көптеп тарту керек екенін айтып, жекеменшік университеттер үшін кафедралар талапкер тартуға сылтау болып кетпеуін қадағалауды ескерткен болатын.

– Жыл сайын 7 мың түлек тәмамдай­тынын ескерсек, алдағы 10 жылда олардың саны тағы 70 мыңға артады. Әскерге адам жетіспейді дейміз. Сонда запастағы офицерлер мен сержанттардың саны қатардағы сарбаздан да көп болып кетпей ме?! Кафедра меңгерушілерін Қорғаныс министрлігімен келіседі, алайда әдістемелік нұсқаулықтар мен оқулықтарда бірізділік жоқ. Практикамен ұштастыру жағы да кемшін. Оқитын студенттердің жартысына жуығы ақылы негізде білім алатын ес­керсек, жекеменшік университеттер үшін кафедралар талапкер тартудың көзіне айналып кеткен жоқ па? – деді Дархан Қыдырәлі.

Яғни, кейбір университеттер әскери кафедраларды талапкер тартудың тиімді факторы ретінде пайдаланған кездер болды. Сондай-ақ жеке меншік универ­ситеттер арасында бәсеке күшейген са­йын, әрқайсысы өзін әскери кафедраларымен ерекшелеуге тырысты. Бірақ Қорғаныс министрлігі бекіткен жаңа ережелер мен қағидалар арқылы әскери кафедраларды ЖОО-ның толыққанды құрылымдық бөлімшесіне айналдыруды көздеп отыр. Енді нақты стандартқа бағынатын оқытушылық құрамды күшейту және толыққанды құрылымдық жүйе тәжірибесі бар кәсіби кадрлар дайындау басты мақсат саналады. Мәселен, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ширек ғасырға жуық тарихы бар әскери кафедрасы кәсіби маманда дайындау мақсатында бағдарламалық, базалық жүйені заманауи бағытта түгел жаңғыртты. Әскери кафе­драсының бастығы генерал-майор Еділ Оразовтың айтуынша, кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы, оқу-көмекші және қызмет көрсетуші персоналымен толық қамтамасыз етілген. Сондай-ақ студенттерді оқыту процесі теориялық дайындық пен практикаға бағытын ұтымды үйлестіре отырып, жүйе­лі әрі жоспарлы негізде құрылған.

– 2024-2025 жылдары бағдарламалық-аппараттық кешендер жаңартылып, бұл техникалық жарақтандырылу деңгейін және оқу материалын визуализациялау мүмкіндігін арттыруға мүмкіндік берді. 2025 жылдын жаз айында әскери кафедрада жөндеу жұмыстары жүргізілді. Биыл әскери кафедра негізгі күш-жігерін жа­санды интеллектіні дамыту саласындағы университеттік білім беру бағдарламала­рымен интеграциялауға бағытталды. ЕҰУ-да, әскери кафедра қызметкерлерге арналған курстарға қатысу нәтижесінде әскери кафедраның профессор-оқы­тушылар құрамы өзінің цифрлық құзы­реттерін және цифрлық мәдениетін едәуір арттырды. Оқытушылар инновациялық ойлауды дамытып, инновациялық тех­нологияларды білім алушылардың әскери даярлығының практикалық үдерісіне енгізуде. Сонымен қатар университеттің басқа да факультеттерімен ынтымақтас­тығын жандандырып келеді. Еліміздің мобилизациялық резервінде IT-маманда­рының болуы қажеттігін ескере отырып, әскери кафедра университеттің Ақпараттық технологиялар факультетімен және Ме­ха­ника-математика факультетімен бірле­сіп, қажетті жағдайға аса тапшы маман­дар­ды даярлау мәселесін пысықтауда, – деді ол.

Маманның айтуынша, жаңа қағида әскери кафедраларды формалды жүйеден нақты институтқа айналдыруды көздейді. Сондай-ақ әскери-патриоттық тәрбие жүйесін нығайту және белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыру мақсатында бе­кітілген ғылыми және әскери-патриоттық жұмыс жоспарына сәйкес әскери ка­федраларда Парламент депутаттарымен, мемлекеттік және қоғамдық институт­тардың өкілдерімен, белгілі ғалымдармен, еңбек ардагерлерімен кездесу-конфе­ренциялар жиі болып тұрады. 

Ал кафедра түлектерінің әскери ант беру рәсімін Отан қорғаушылар күні қарсаңында ұйымдастырудың өзіндік мәні бар. Биыл елімізде алғаш рет жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының әскери кафедра курсанттары Әскери ант берді. Салтанатты іс-шараларға Қорғаныс министрлігінің өкілдері, жоғары оқу орындарының бас­шылары, кафедра оқытушылары, Қарулы күштердің ардагерлері, қадірлі қонақтар мен ата-аналар қатысты.

– Биыл 2-6 мамыр аралығында елі­міздің 80-нен астам жоғары оқу орнында шамамен 13 мың студент әскери ант бер­ді. Бұл – елге қызмет ету жолындағы жауапты қадамды білдіретін шын мәнін­дегі ауқымды әрі маңызды оқиға. Біз үшін бі­лім беру ғана емес, төзімді, рухты, жауапкершілігі жоғары, Отанды қорғауға шынайы дайын жас буынды тәрбиелеу де маңызды, – деп атап өтті Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы полковник Мұрат Олжабаев.

Жалпы, әскери кафедра студенттері жаңартылған ережелерге сәйкес универ­ситет қабырғасында екі жыл қатарынан екінші мамандықты меңгеріп, запастағы лейтенант және сержант әскери атағын алып шығады және көшбасшылық қаблеттері шыңдалған кәсіби кадр қатарын толықты­рады. Сонмен қатар түлектердің күштік құрылымдарда әрі қарай қызмет етуіне және кәсіби дамуына кең мүмкіндіктер ашылады.

Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:147
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Мамыр 2026 13:11
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Доллар үздік ондыққа әрең ілінді: Әлемдегі ең қымбат валюталар тізімі

06 Тамыз 2026 16:56see165

Үйшік: Атыраудың терең тарихындағы көне қала аты

05 Тамыз 2026 23:24see126

ҰлтССО АҚ ға монополияға қарсы заң бұзушылық үшін ескерту жасалды

05 Тамыз 2026 23:23see119

Блогер Қайсар Қамза Қазақстанға қайтарылды прокуратура мән жайды ашты

06 Тамыз 2026 18:47see119

Павлодарда кәмелетке толмағандарға алкоголь сатқандар жауапқа тартылды

06 Тамыз 2026 15:01see118

Жақында грант иегерлерінің тізімі жарияланады

06 Тамыз 2026 08:29see118

Түркістандағы Respublica форумы: нақты нәтиже, нақты жауапкершілік

05 Тамыз 2026 22:45see117

ШҚО да су бетіне сапбордпен шыққан екі шетелдік қиын жағдайға тап болды

05 Тамыз 2026 23:05see117

Алматы полициясы Канье Уэсттің жанкүйерлерінt ескерту жасады

06 Тамыз 2026 19:10see115

Қазақстан мектептерінде кейбір пәндердің атауы өзгеріп, жаңа сабақтар енгізілді

06 Тамыз 2026 11:01see114

Қазақстанда мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы жаңа заң әзірленіп жатыр

06 Тамыз 2026 11:01see112

Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы 4,08 трлн теңгеге өсті БЖЗҚ себебін атады

06 Тамыз 2026 20:22see111

Бокс кеші өтеді

06 Тамыз 2026 03:21see110

Анасы ұлына түсінде көрген есімді беріп, Норвегияда түрмеге жабылды

07 Тамыз 2026 14:23see110

Сандуғаш Дүйсенова Бажкенованың ақпаратты қалай бұрмалағанын айтып берді

06 Тамыз 2026 21:05see109

Ұлттық ұланның әскери бөлімдерінде 40 қа жуық егіздер қызмет етіп жүр

06 Тамыз 2026 11:40see109

Полицей мен ТЖД қызметкері балаларды құтқарып қалды

06 Тамыз 2026 23:47see109

Заманауи технологиялар шаруашылықтың шырайын келтіреді

06 Тамыз 2026 03:44see108

Алматы мен Астанада қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады

07 Тамыз 2026 13:10see108

Еліміздегі ежелгі қалалардың бірі қайта жаңғыртудан өтіп жатыр

06 Тамыз 2026 16:39see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары