Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

Жемісті жеті жыл

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

Ел қорғанының берік қалқаны

Ел қорғанының берік қалқаны

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Атырау облысында да әскери резервке азаматтарды тарту бағытында түсіндіру және кәсіби бағдарлау жұмыстары жүргізілуде. Атырау облысы Қорғаныс істері жөні­ндегі департаменті бастығының орын­басары, майор Жас­ұлан Саты­балдиевтің айтуынша, әскери резерв бағдарлама-сы – Қазақстанның Қарулы Күштері жүйесінде қолға алынған маңызды бағыттардың бірі.

«Әскери резерв бағдарламасы Қазақстанның Қарулы Күштерінен бастау алды. Республика деңгейінде үгіт-насихат, кәсіби бағдарлау жұ­мыстары жүргізілуде. Жаңа бағдарламаға сәйкес, енді запастағы офицерлер мен кәсіби даярланған сержанттар үш жыл көлемінде резервте әскери қызмет атқарады. Олар Қарулы Күштерде даярлықтан өтіп, жұмылдыру жұмыс­тарына қатысады. Бірақ резевртегі әскери қызмет – ерікті түрде жүзеге аса­ды», – дейді майор Жасұлан Саты­балдиев.

Оның айтуынша, резервке тартылған азаматтарға қызмет кезеңінде бірқатар әлеуметтік және материалдық қолдау қарастырылған. «Резервтегі әскерилер кәдімгі әскери қызметшімен тең құқыққа ие болады. Олар әскери киіммен қамтамасыз етіліп, ай сайынғы төлем алады. Қазір еңбекақы көлемі 85 мың теңгені құрайды. Келер жылы бұл көлем ұлғаяды деп күтілуде. Сонымен қатар резервтегі азаматтарға әлеуметтік пакет ұсынылады. Олардың қатарында балаларды балабақша мен мектепке орналастыруға қатысты мүмкіндіктер, сондай-ақ жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламаларына қатысу, медициналық сақтандыру секілді шаралар бар», – деді майор Жасұлан Сатыбалдиев.

Жалпы, Атырау облысында биыл­ға әскери резервке 31 аза­матты шақыру жоспарланған. Қазіргі уақытта 16 азамат әскери резервте қыз­мет етуде. Еске­ре­рлігі, әскери резервке қабылдау кезінде азаматтардың бұрынғы әскери даярлығы мен азаматтық ма­мандығы да ескеріледі. Әсіресе мерзімді әскери қызмет өткерген, әскери-техникалық мектептерде немесе әскери кафедраларда білім алған азаматтарға басымдық беріледі. 

Ерекше атап өтерлігі, резервтегі қызметтің ерекшелігі – азамат негізгі жұмысынан қол үзбей, әскери даярлығын жетілдіре алады. Мұндай мүмкіндік Атыраудағы резервшілердің бірі Нау­рызбай Дауылбайұлы үшін де маң­ыз­ды болған.

Ол Атыраудағы Халел Досмұхамедов атындағы университетті 2020 жылы тәмамдап, әскери кафедрада білім алған. Қазір қаладағы мектептердің бірінде алғашқы әскери дайындық пәнінен сабақ береді.

«Офицерлік шенім бар. Өзім мұға­ліммін. Балаларға алғашқы әскери дайындық пәнінен сабақ беремін. Бүгінгі уақытта қосымша резервте қызмет атқарып жатырмын. Айына үш күн қызмет атқарамыз, оған қосымша 85 мың теңге жалақы аламыз. Әскери машығымды жетілдіру мақсатында әрі елге қызмет ету үшін резервке келдім», – дейді резервтегі офицер Наурызбай Дауылбайұлы.

Атырау облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары, майор Жасұлан Са­тыбалдиевтің айтуынша, резервке қабылдау кезінде азаматтың әскери даярлығы, денсаулық жағдайы, жасы және таңдалған әскери лауазымға сәйкестігі ескеріледі. Резервтегі қызмет офицерлік және сержанттық құрамды жүйелі түрде даярлауға мүмкіндік береді. Қолданыстағы талаптарға сәйкес, офицерлер 60 жасқа дейін, сержанттар мен сарбаздар 50 жасқа дейін резервтегі қызметке шақырылуы мүмкін. 

Резервшілер Қазақстанның әр өңірінде орналасқан әскери бөлімдерде даярлықтан өте алады. Бұл жүйе ел аумағындағы әскери бөлімдердің жұмылдыру дайындығын арттыруға бағытталған.

Әскери резервтің басты артықшы­лығы – қажет болған жағдайда дайын тұрған азаматтарды қысқа мерзім ішінде жұмылдыруға мүмкіндік беру. Қарулы Күштер үшін резервшілердің тұрақты даярлықта болуы әскери бөлімдердің жұмылу уақытын қысқартуға және әскери дайындық сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Ал азаматтар үшін бұл – негізгі кәсібін жалғастыра отырып, әскери машығын жетілдіру және қосымша табыс табу мүмкіндігі.

Резервшілер оқу-жаттығу кезеңде­рінде әскери даярлықтан өтіп, өздерінің кәсіби және физикалық дайындығын жетілдіреді. Осы арқылы біржылдық мерзімді әскери қызметтен кейін азаматтық өмірге толықтай оралатын азаматтардан ерекшеленетін, әскери дағдыларын жүйелі түрде жаңартып отыратын дайын резерв қалыптасады.

Қазір мұндай резервтің маңызы артып отыр. Қарулы Күштерге дәстүрлі әскери мамандармен қатар, байланыс, ақпараттық техно­логиялар, инженерлік бағыт, ұшқышсыз жүйелер және басқа да техникалық салаларды меңгерген мамандар қажет. Сондықтан әскери резерв тек әскери мамандық иелерін ғана емес, азаматтық салада еңбек етіп жүрген, бірақ ел қауіпсіздігіне үлес қосуға дайын білікті мамандарды да біріктіретін жүйеге айналуы мүмкін.

Әскери резервтің тағы бір маңызды қыры – азамат пен мемлекет арасындағы жауапкершілікті ұштастыру. Резервші бейбіт уақытта өз мамандығы бойынша еңбек етіп, отбасына және қоғамға пайдасын тигізе алады. Ал ел қауіп­сіздігіне немесе төтенше жағдайларға байланысты қосымша күш қажет болған жағдайда, ол әскери даярлығын пайдалана отырып, мемлекетке қызмет етуге дайын болады.

Ауған соғысының ардагері, қоғам қайраткері Бақытбек Смағұл әскери резерв тақырыбына берген сұхбат­тарының бірінде Қазақстан Финлян­дияның үлгісін алуға тиіс деген пікір айтқан еді.  «Бұл шағын ұлт әскерге шақырылғандардан тұратын армия сыртында резервтік армияға да арқа сүйейді. Резервистерді тұрақты тонуста ұстап, даярлығын шыңдап, заманауи соғыс өнеріне, майдан даласындағы жаңа әскери машықтар мен айла-шарғыларға үйрету үшін Қорғаныс министрлігі түрлі қоғамдық әскери ұйымдарға иек артады. Нәтижесінде, бүгінде Фин резервистерінің қауым­дастығы (FRA) қырық мыңдай резервис­тің басын біріктіретін шамамен 340 өңірлік ұйымнан тұрады» деген еді қоғам қайраткері. Осы тұрғыдан алғанда, әскери резервті дамыту – Қарулы Күштердің санын ғана арттыру емес, елдің жұмылдыру әлеуетін күшейтіп, әскери даярлығы бар азаматтардың тұрақты резервін қалыптастырудың заманауи тетігі.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА,

Атырау облысы

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:103
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Тамыз 2026 04:48
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

24 Қыркүйек 2026 10:15see149

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

24 Қыркүйек 2026 09:59see147

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

24 Қыркүйек 2026 10:11see146

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

24 Қыркүйек 2026 10:19see146

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

24 Қыркүйек 2026 19:41see144

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

24 Қыркүйек 2026 10:12see144

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

24 Қыркүйек 2026 19:09see140

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

24 Қыркүйек 2026 10:12see139

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

24 Қыркүйек 2026 10:08see139

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

24 Қыркүйек 2026 10:16see139

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

24 Қыркүйек 2026 12:48see138

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

24 Қыркүйек 2026 10:13see138

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

24 Қыркүйек 2026 11:03see137

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

24 Қыркүйек 2026 10:34see137

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

24 Қыркүйек 2026 10:20see136

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

24 Қыркүйек 2026 09:58see136

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

24 Қыркүйек 2026 18:58see136

Жемісті жеті жыл

24 Қыркүйек 2026 10:10see136

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

24 Қыркүйек 2026 10:19see134

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

24 Қыркүйек 2026 10:21see134
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары