Астана медицина университетіне ұлттық мәртебе беріле ме
Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
– «Астана медицина университеті» КеАҚ-қа (бұдан әрі – университет) «Ұлттық университет» мәртебесін және академик Төрегелді Шармановтың есімін беру мәселелері бойынша сауалды қарап, мынаны хабарлаймын. Қазіргі уақытта университет елдегі жетекші медициналық жоғары оқу орындарының бірі саналады және медициналық білім беру, ғылым және клиникалық тәжірибе саласында беделі жоғары, - деді Олжас Бектенов.
Үкімет басшысының дерегінше, университеттегі студенттердің жалпы саны 11 000-нан астам адамды құрайды. Оның ішінде 20 елден келген 700-ден астам шетелдік студент бар. Университет халықаралық және ұлттық рейтингтерде лайықты орындарға ие.
– Алайда «Білім туралы» Заңға сәйкес университетке ұлттық мәртебе беру қосымша қаражат бөлуді талап етеді. Бұл ретте республикалық және жергілікті бюджеттердің шығыстарын жоспарлау кезінде әлеуметтік саладағы жаңа бастамаларға бюджет қаражатын бөлуге мораторий енгізілгенін ескеріп, бұл мәселені кейінге қалдырған жөн деп пайымдаймыз. Өз кезегінде заңды тұлғаларға атау беру мәселесі тиісті мемлекеттік ономастикалық саясат шеңберінде қаралады және уәкілетті мемлекеттік органдардың тиісті ономастикалық комиссияларының қатысуымен жүзеге асырылады, - деді Премьер-министр.
Бұған дейін сенатор Нұртөре Жүсіп Астана медициналық университетіне ұлттық мәртебе беруді ұсынған еді.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:91
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Сәуір 2026 12:19 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















