Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстан тұрғыны Майк Тайсонмен кездесті (видео)

Что мы вдыхаем? Жители Усть Каменогорска получили доступ к данным о качестве воздуха

Павлодар облысында жас қызбен жыныстық қатынас үшін сотталған жігіт түрмеде өлі табылды

Әділет партиясы тау кен металлургия кешенінің тұрақты дамуына бағытталған жүйелі шешімдер әзірлейді

Енем өзімнен бес жас қана үлкен : әнші Бүркіт отбасы туралы айтты (видео)

Путин Қызыл алаңда Минин мен Пожарский ескерткішіне гүл шоғын қойды видео

Қазақстан отын экспортына шектеуді күшейтті

Ұлттық ғылым академиясында II халықаралық Shoqan Forum басталды

Возвращение короля. Зачем глава Иордании снова приехал в Казахстан

2027 жылы көп адамның бетпердесі шешіледі : Көріпкел Ақгүл Әсетқызы елді елең еткізді

Меруерт Өтекешова: Қыз Жібек өмірімдегі ең үлкен мектеп

Ақтаудағы мектепте мұғалімнің әдепсіздігі: оқиға салдарынан еңбек шарты бұзылды

Дорожные сборы в Казахстане пересмотрят: кого коснутся изменения

Күліп барып, жылап шықтық... : Астанада деменцияға шалдыққан қарттарға арналған балабақша ашылды

ЖИ COVID 19 дан да жаман пандемияға әкелуі мүмкін Билл Гейтс

Медициналық мекемелердің әрбір бесінші басшысы аттестациядан өте алмады

Астанадағы Соғым FEST жәрмеңкесінде ет арзанға сатылып жатыр

Школьник высмеял опоздавшего на урок одноклассника: суд наказал его отца

Қасым Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашты

“Закажите инкассаторскую машину“: казахстанцев обманывают от имени Нацбанка

Астана мен Ташкент: Қасым Жомарт Тоқаев саясаты стратегиялық серіктестікті жаңа деңгейге шығарды

Астана мен Ташкент: Қасым Жомарт Тоқаев саясаты стратегиялық серіктестікті жаңа деңгейге шығарды

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Орталық Азиядағы өзара сенім мен стратегиялық серіктестік жаңа сапалық кезеңге қадам басты. Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы саяси диалогтың нығаюы, бірлескен бастамалардың көбеюі және реформалар бағытының үндесуі өңірдегі тұрақтылық пен орнықты дамудың маңызды алғышартына айналып отыр. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанмен жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге басымдық беруі екі ел арасындағы одақтастық қатынастардың берік негізін айқындай түседі. Сарапшылардың пікірінше, бүгінгі таңда Астана мен Ташкенттің өзара ықпалдастығы тек екіжақты форматпен шектелмей, бүкіл Орталық Азияның халықаралық беделі мен экономикалық әлеуетін арттыруға ықпал етіп келеді. 

Осы орайда саясаттанушы Ардақ Монтаев Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық серіктестіктің қазіргі ахуалы, ортақ реформалардың маңызы және екі ел ынтымақтастығының өңірлік даму үдерістеріне әсері туралы пікір білдірді.

- Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық серіктестіктің күшеюі Орталық Азиядағы тұрақтылық пен өңірлік ықпалдастыққа қандай жаңа мүмкіндіктер ашып отыр?

- Қазақстан мен Өзбекстан – Орталық Азиядағы жетекші мемлекеттердің бірі. Сондықтан екі ел арасындағы стратегиялық серіктестіктің нығаюы бүкіл өңірдің тұрақтылығы мен дамуына оң әсер етеді. Бүгінде тараптар саяси диалогты, экономикалық ынтымақтастықты және көлік-логистика байланыстарын жүйелі түрде дамытып келеді. Бұл өз кезегінде өңірдегі сенім атмосферасын күшейтіп, Орталық Азияның халықаралық аренадағы беделін арттыруға мүмкіндік беріп отыр. Ең бастысы – екі елдің ынтымақтастығы өзара құрмет пен ортақ мүддеге негізделген.

- Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, әкімшіліктер арасындағы байланыстардың жандануы мемлекетаралық ынтымақтастықтың тиімділігіне қалай әсер етеді?

- Мемлекет басшыларының әкімшіліктері арасындағы тұрақты байланыс көптеген мәселелерді жедел шешуге мүмкіндік береді. Бұл – тәжірибе алмасу, реформаларды үйлестіру және стратегиялық жоспарларды жүзеге асыру тұрғысынан өте маңызды. Осындай тікелей әрі сенімді диалог мемлекетаралық қатынастардың сапасын арттырып, екі ел арасындағы әріптестікті жаңа деңгейге көтереді.

- Қазақстанда 2026 жылдың Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жариялануы және Өзбекстанның осы саладағы жетістіктері екі елдің технологиялық әріптестігіне қандай серпін бере алады?

- Бұл бастама екі елдің технологиялық ынтымақтастығына тың серпін береді деп ойлаймын. Қазақстан цифрлық трансформацияға ерекше көңіл бөліп отыр, ал Өзбекстан да IT саласында елеулі жетістіктерге қол жеткізуде. Бірлескен жобалар, стартаптарды қолдау, жасанды интеллект пен цифрлық мемлекеттік қызметтер саласындағы тәжірибе алмасу екі елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Болашақта Орталық Азия цифрлық инновациялардың маңызды орталықтарының біріне айналуы әбден мүмкін.

- Қазақстан мен Өзбекстанда жүргізіліп жатқан жүйелі саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалардың ұқсастықтары мен өзара толықтырушы қырлары қандай?

- Екі ел де ашық әрі тиімді мемлекеттік басқаруды қалыптастыруға, экономиканы әртараптандыруға және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған реформаларды жүзеге асырып келеді. Ұқсастықтар көп болғанымен, әр мемлекеттің өзіндік тәжірибесі бар. Сондықтан тәжірибе алмасу екі тарапқа да пайдалы. Бір елдегі сәтті бастамалар екінші ел үшін тиімді модельге айналып, реформалардың нәтижелілігін арттыруға ықпал етеді.

- Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев бастамашылық етіп отырған реформалар Орталық Азияның жаһандық аренадағы рөлін күшейтуге және аймақтың ортақ үнін қалыптастыруға қаншалықты ықпал етіп отыр?

- Соңғы жылдары Орталық Азия елдері халықаралық деңгейде бұрынғыдан да белсенді әрі біртұтас әрекет ете бастады. Бұл үдерісте Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев жүргізіп отырған реформалардың рөлі зор. Екі көшбасшының бастамалары өңірдегі сенімді нығайтып, экономикалық және саяси байланыстарды тереңдетуге ықпал етуде. Соның нәтижесінде Орталық Азия халықаралық қауымдастықпен тең дәрежеде диалог жүргізе алатын ықпалды аймақ ретінде қалыптасып келеді.

- Сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстардың кеңеюі Қазақстан мен Өзбекстан халықтарының жақындасуына және ортақ дамуына қандай жаңа мүмкіндіктер береді?

- Экономикалық ынтымақтастықтың дамуы жаңа жұмыс орындарының ашылуына, инвестиция көлемінің артуына және халықтың әл-ауқатының жақсаруына ықпал етеді. Ал мәдени-гуманитарлық байланыстар халықтарды одан әрі жақындастырып, ортақ тарихи және рухани құндылықтарды нығайтады. Білім, ғылым, мәдениет және туризм салаларындағы ынтымақтастық жастар үшін де жаңа мүмкіндіктер ашады. Бұл – ортақ дамуға бастайтын маңызды жол.

- Қазақстан мен Өзбекстанның сенімді одақтастық қарым-қатынасы қазіргі геосаяси жағдайда Орталық Азия елдерінің бейбітшілік, қауіпсіздік және орнықты даму мақсаттарын қамтамасыз етуде қаншалықты маңызды?

- Қазіргі күрделі геосаяси жағдайда Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сенімді одақтастықтың маңызы бұрынғыдан да арта түсті. Екі елдің тұрақты саяси диалогы мен өзара қолдауы өңірдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға қызмет етеді. Сонымен қатар бұл ынтымақтастық экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етіп, Орталық Азияның орнықты дамуына берік негіз қалыптастырады. Сондықтан Қазақстан мен Өзбекстанның серіктестігі тек екі ел үшін ғана емес, бүкіл өңір үшін стратегиялық маңызға ие.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:127
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Маусым 2026 09:40
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстан тұрғыны Майк Тайсонмен кездесті (видео)

05 Қараша 2026 23:13see139

Что мы вдыхаем? Жители Усть Каменогорска получили доступ к данным о качестве воздуха

06 Қараша 2026 19:55see138

Павлодар облысында жас қызбен жыныстық қатынас үшін сотталған жігіт түрмеде өлі табылды

06 Қараша 2026 17:53see134

Әділет партиясы тау кен металлургия кешенінің тұрақты дамуына бағытталған жүйелі шешімдер әзірлейді

06 Қараша 2026 17:51see134

Енем өзімнен бес жас қана үлкен : әнші Бүркіт отбасы туралы айтты (видео)

06 Қараша 2026 21:45see133

Путин Қызыл алаңда Минин мен Пожарский ескерткішіне гүл шоғын қойды видео

06 Қараша 2026 01:33see132

Қазақстан отын экспортына шектеуді күшейтті

06 Қараша 2026 17:03see132

Ұлттық ғылым академиясында II халықаралық Shoqan Forum басталды

06 Қараша 2026 14:29see130

Возвращение короля. Зачем глава Иордании снова приехал в Казахстан

06 Қараша 2026 14:34see128

2027 жылы көп адамның бетпердесі шешіледі : Көріпкел Ақгүл Әсетқызы елді елең еткізді

07 Қараша 2026 09:53see125

Меруерт Өтекешова: Қыз Жібек өмірімдегі ең үлкен мектеп

07 Қараша 2026 07:15see123

Ақтаудағы мектепте мұғалімнің әдепсіздігі: оқиға салдарынан еңбек шарты бұзылды

06 Қараша 2026 17:20see122

Дорожные сборы в Казахстане пересмотрят: кого коснутся изменения

06 Қараша 2026 14:33see121

Күліп барып, жылап шықтық... : Астанада деменцияға шалдыққан қарттарға арналған балабақша ашылды

07 Қараша 2026 01:50see120

ЖИ COVID 19 дан да жаман пандемияға әкелуі мүмкін Билл Гейтс

06 Қараша 2026 14:35see118

Медициналық мекемелердің әрбір бесінші басшысы аттестациядан өте алмады

06 Қараша 2026 18:08see117

Астанадағы Соғым FEST жәрмеңкесінде ет арзанға сатылып жатыр

07 Қараша 2026 16:27see117

Школьник высмеял опоздавшего на урок одноклассника: суд наказал его отца

06 Қараша 2026 16:46see116

Қасым Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашты

07 Қараша 2026 16:55see115

“Закажите инкассаторскую машину“: казахстанцев обманывают от имени Нацбанка

06 Қараша 2026 15:20see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары