Астанада апалы сіңлілі екі әйел күйеулерімен бірге притон ұйымдастырған
Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
АСТАНА, 21 қыркүйек – Sputnik. Астана қаласында притон ұйымдастыру, оның ішінде кәмелетке толмағандарды тарту арқылы ұйымдастырылған қылмыстық топтың 15 мүшесіне қатысты қылмыстық істі тергеп-тексеру аяқталды, деп хабарлады Бас прокуратура.
Тергеу барысында 2023 жылдан 2025 жылға дейінгі кезеңде екі апалы-сіңлілі өз жұбайларымен бірге тұрғын үй кешендерінде жыныстық қызмет көрсету үшін "притон" ұйымдастырғаны анықталды.
Ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамына күзетшілер, әкімшілер, сондай-ақ әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы қызметтерді жарнамалаумен айналысқан тұлғалар кірген.
"Ұйымдастырушылар қаладағы түнгі клубтардан қыздарды іздеп, оларға жоғары табыс, тұрғылықты үй, қауіпсіздік және құпиялылықты қамтамасыз етуге уәде берген. Бұдан бөлек, қылмыскерлер клиенттердің алкогольдік масаң күйін пайдаланып, оларға күш қолданып, ақшалай қаражаттарын бопсалаған, сондай-ақ оларды жалға алынған пәтерлерде заңсыз ұстаған", - деп жазылған хабарламада.
Барлық 15 қатысушы ұсталып, оларға қатысты күзетпен ұстау және үйқамақ түріндегі бұлтартпау шаралары қолданылған.
Елорда прокуратурасы қылмыстық істі сотқа жолдады.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:51
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Қыркүйек 2026 16:33 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















