Астанада қарулы шабуыл: Сұңқар арнайы бөлімшесінің қызметкері жарақат алды
Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Әлеуметтік желілерде Астана қаласында болған қарулы оқиға туралы ақпарат тарады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Оқиға салдарынан Ішкі істер министрлігінің «Сұңқар» арнайы бөлімшесінің қызметкері жарақат алған.
Желіде тараған мәліметке сәйкес, «Сұңқар» бөлімшесінің қызметкері автокөлікпен келе жатқан кезде жолға қарулы ер адам шыққан. Күдікті оқ атып, жәбірленушіні жауырын және мойын тұсынан жаралаған, сондай-ақ қарудың дүмімен соққы жасаған. Қорғану барысында қызметкер күдіктіні көлікпен қағып кеткені айтылуда.
Астана қалалық полиция департаментінің мәліметінше, қала тұрғыны өтіп бара жатқан автокөліктің жүргізушісіне аңшылық мылтықтан оқ атып, оқиға орнынан бой тасалаған.
«Жәбірленуші болған жағдай туралы “102” арнасына хабарлады. Оқиға орнына жедел түрде полиция қызметкерлері жетіп, жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 21 жастағы күдікті ұсталды», – делінген полиция хабарламасында.
Құқық қорғау органдары жарақат алған азаматтың ішкі істер органдарының қызметкері екенін және оқиға кезінде еңбек демалысында болғанын растады.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:37
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Қаңтар 2026 19:18 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















