Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

Астанада Ұлы дала қолөнершілер керуен көші жәрмеңкесі басталды

Астанада Ұлы дала қолөнершілер керуен көші жәрмеңкесі басталды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Астанада үш күнге жалғасатын «Ұлы дала қолөнершілер керуен көші» республикалық жәрмеңкесі өтіп жатыр, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жәрмеңкенің басты ерекшелігі – шеберлер әкелген өнімдерін көрмеге ғана қоймай, подиумға шығып, жиналған көпшілікке ұсынады. Ең әуелі бұл жәрмеңке әр аймақтан келген дизайнерлерге түрлі шеберлік сыныбына қатысып, өз идеяларын ортаға салып, пікір алмасуға тамаша мүмкіндік.  Әр аймақтағы қолөнер шеберлерін қолдау мақсатында өткізіліп жатқан бұл көрме Ұлттық өнердің дамуына серпін береді. Сонымен бірге ерекше өнімдер қолжетімді бағада сатылады.

ҚР «Хас Шебер» отандық өнімді дамыту қауымдастығының президенті Зиуар Жұманова  бұл жәрмеңке елдегі қолөнершілердің бірлікте жұмыс істейтінін, үнемі байланыста екенін көрсетіп тұрғанын жеткізді.

– Шақырсақ, еліміздің түпкір-түпкірінен мыңнан астам шебер келетін еді. Бәрі де келгісі келеді, ұлттық нақышта тігілген өз өнімдерін көрсеткісі келеді. Алайда, біз шектеу қойдық. Жұмыс сапасына, ерекшелігіне қарап, іріктеп алдық. Осы орайда, ұлттық өнер десе, ішер асын жерге қоятын қолөнершілерге алғысым шексіз! Құндылығымызды дәріптеу мақсатында өтіп жатқан жәй жәрмеңке емес, мұнда дарынды балалар домбыра тартып, ән шырқайды. Мейлінше үлкен мереке секілді өтеді. Сондай-ақ, үш күн бойы шеберлік сабақтары өтеді, аймақтан келген шеберлер бір-бірімен тәжірибе алмасады. Осылайша, олар өз өнімдерін жетілдіріп, қорларын молайта түседі. Әр дизайнер өзінің ерекше топталамарын ұсынды. Өзіңіз байқағандай, сән көрсетілімінде ең алдымен ерекше балаларды подиумға шығардық. Мұндағы мақсат – оларды қоғамды бейімдеу, ешкімнен кем емес екенін көрсету, – деді ол. 

Жәрмеңкеде ұлттық қолөнерді жұртқа тамсандыртып, подиумға алып шығатындардың арасында ерекше балалар да бар. KUNTOMI инклюзивті театр және моделинг академиясының жетекшісі Ботагөз Жанұзақованың айтуынша бұл балалар үшін үлкен мүмкіндік. 

– Біз академиямыздағы балаларға ең ерекше, тартымды киімдерді кигізіп, түрлі подиумға шығамыз. Балалар ерекше болған соң, киімдердің де ерекше болғанын қалаймын. Балаларға бүгінгі сән көрсетілімі ұнады. Бәрі ду қол шапалақтады. Олар подиумда еркін жүреді. Ешкімнен қорықпады, бойында үрей жоқ, жалтақтамады. Біздің басты миссиямыз да сол. Балалар ел қатарлы жүрсін, көрсін деген мақсатпен көп елге алып шығамыз. Көптеген кәсіби подуимдарда өнер көрсетті. Олардың өзгелерден кем емес, олар да қарапайым балалар секілді қоғамның бір бөлшегі болсын, ешкімнен қорықпасын, басқа балалар секілді емін-еркін жүріп-тұрсын деген ниетпен осындай іс-шараларға жиі қатыстырамыз. Сондықтан бүгінгі ұлттық қолөнершілер жәрмеңкесі де олардың бәрімен тең, бәрімен бірдей екенін анық көрсетті, - деді Ботагөз Жанұзақова.

Бүгінгі жәрмеңкеге қатысу үшін Степногорск қаласынан келген дизайнер де құр қол келмеген.  Джинсы матадан қазақы, әдемі ою өрнектерімізді келістіріп тіккен коллекциясын әкелген.

– Өзім тігемін, өзім – идея авторымын, өзім – дизайнермін. Бәрін өзім істеймін. Бұл жәрмеңкеге қазіргі жастарға үлгі ретінде джинсы матадан қазақы, әдемі ою өрнектерімізді келістіріп тіккен коллекциямды әкелдім. Ою-өрнекті тек той-томалақта емес, күнделікті де, әрі жастарға да киюге болатынын көрсеткім келді. Неге джинсы мата десеңіз, мен – төрт қыздың анасымын. Балабақша, мектепте ата-ана комитетінің жетекшісімін. Ата-аналардан «Қыздарыңызға қандай стильде киінген ұнайды?» деп жиі сұраймын. Олар «Велюрдан шаршадық, оңай кие салатын дүние болса» деді. Сондықтан джинсы дұрыс қой деп, осындай стильде киім тігуді қолға алдым. Бәріне ұнады.

Мұндай іс-шаралар көп өтсе игі. Осындай жәрмеңкелерде түрлі аймақта ұлттық қолөнерді дамытып жатқан дизайнерлер бір-бірімізден білмегенімізді сұраймыз, білгенімізді үйретеміз. Мен осында жүріп, қаншама идеяны пісіріп алдым. «Мына жерге мынадай қоссам екен», «Мынау мына жерге әдемі келеді екен» дегендей көп идея туындады. Расында мұндай жәрмеңкелердің пайдасы да, маңызы да зор.

Көпшілік Степногорскте орысша шүлдірлейтіндер ұлттық қолөнерге қызықпайды деп ойлайды, бірақ шындығында олай емес. Тұрғындарға қызық, әсіресе қазір тренд болып жатқан қазақы киімдерді көп іздейді. Тіпті, орыс ұлтының өкілдерді де қызығып алады. Осы жәрмеңкеге арнайы әзірлеген екі киімге екі орыс кісі келіп, «Астанадан келген соң прокатқа алайықшы. Жаңа жылға киеміз» деп өтініш айтты. Сондықтан біз жақта ұлттық қолөнер бұйымдарына көп адам қызығады, - деді дизайнер Данагүл Сапарғалиқызы. 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:243
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Желтоқсан 2025 19:17
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see119

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see116

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see116

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see115

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see114

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see113

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see112

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see112

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see112

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see112

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see111

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see111

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see111

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see110

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see109

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see109

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see108

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see108

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see108

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

05 Қараша 2026 15:27see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары