Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

ШҚО да аюлардың адамдарға жақындау оқиғалары жиіледі

Ауаға қатысты шағымдар аясында АМӨЗ понтондардың орнатылғанын хабарлады

Путин: Ресей бюджетінде мұнай бағасы $50 болып белгіленеді

​АМӨЗ ге үкіметтік инспекция келді: зауыттағы жаңғырту кезеңдері көрсетілді

Энергетика министрлігі Қашағандағы Д аралы мен мұзжарғыштар флотының дайындығын тексерді

Жамбыл облысында жыпылықтағыш орнатқан жүргізуші жазаланды

Зеленский Трамппен кездесетінін айтты

Қазақстандық студент әкесінен оқу кезеңіне алимент өндіріп алды

Атырау ауасындағы күкіртсутегі: министрлік нормадан асу себептерін түсіндірді

Барыс Локомотивті ойсырата жеңді

Димаштың жаңа видеосы жанкүйерлерін таңғалдырды

Қазақстанның оңтүстігінде бетперде киіп, жастарға оқ жаудырғандар сотталды

Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының жеңіл атлетикадан біріншілігі аяқталды

Тоқаев Дубай әміршісіне көңіл айтты

Ресейдегі сайлау: Единая Россия күшейді, Справедливая Россия шетте қалуы мүмкін

“Көмектесіңіздер“. Маркетплейс қорабындағы жазу қазақстандықтарды алаңдатты

Дүрбелең тудырмаңыздар : Ресейдегі оқу жаттығуға әскери техника жөнелтіледі

Атырау облыстық архивінде орын тапшы: жаңа құжаттарды қабылдау қиындаған

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

Астанадағы жеке клиникада әйел көз жұмды: тексеріс басталды

Астанадағы жеке клиникада әйел көз жұмды: тексеріс басталды

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Қызының айтуынша, 10 қыркүйекте Оразгүл Жұмағалиева лазерлік ота жасату үшін клиникаға барған. Келесі күні дәрігерлер оған тор эндопротезін орнату арқылы лапароскопиялық герниопластика жасаған. Отадан кейін әйел тек түстен кейін есін жиған.

— Бірақ 12 қыркүйекте сұмдық басталды. Түстен кейін әпкем анамнан келген дауыстық хабарламаны топқа жіберді. Анам әрең сөйлеп, өте әлсіз болды. Сол күні кешке қатты құса бастады. Мен кешкі 8–9 шамасында келгенімде оны жансақтау бөліміне алып кетіпті, — дейді қызы.

Келесі күні ол клиникаға қайтадан барған.

— Сенбі болатын және клиникада бірде-бір дәрігер болмады. Күзетші мен медбикелер арқылы анамның жағдайын білуге тырыстық. Бізге: «Ол жақсы, жаңа ғана тамақтанды, уайымдамаңыздар» деді. Кейін білсек, медбикелер бізге өтірік айтыпты. Олар анамның жағдайы жақсы деп сендірді. Бірақ шындығында сол сәтте анам азаппен жан тапсырып жатқан екен, — дейді ол.

Сол күні кешке әйелге қайта ота жасалған. Ішін ашқанда дәрігерлер ішектің 80 пайызы қарайып кеткенін анықтаған. Отаға жауапты дәрігер Қайрат Катренов Алматыға кеткендіктен, оның орнына дәрігер Әділет Мендібаев операция жасаған. Түнде отбасы әйелдің қайтыс болғанын естіген.

Қызының айтуынша, сот-медициналық сараптама қорытындысында марқұмға екінші ота жасалғаны көрсетілмеген.

— Олар жай ғана: «Отадан кейін қайтыс болды» деп жазған. Адам туралы емес, есептегі бір жол іспетті. Қорытындыны анам өзінен-өзі ауырғаннан көз жұмғандай етіп жазған. Бірақ ол ауырмаған. Ал мәтіннің жартысы мүлде басқа адамға қатысты — бойы, салмағы, шашының түсі сәйкес келмейді. Түсінесіз бе? Олар басқа адамның қорытындысын оның ісіне қосқан. Бұл жай қателік емес, бұл — қолдан жасалған жалғандық. Ақша үшін өтірік! Ал бұған кім жауап берді? Ешкім, — дейді қызы.

Green Clinic өкілдері де қайғылы жайтқа қатысты пікір білдірді. Олардың мәліметінше, пациенттің ұлы Р.Ұрақбайдың өтініші клиникаға 16 қазанда түскен. Ал 17 қазанда ол Медпулға (Бірыңғай сақтандыру пулы) тіркелген. Сонымен қатар, Астананың сараптамасы орталығында сот-медициналық сараптама жүргізілген. Клиникада да ішкі тергеу болып, тәуелсіз сарапшылар комиссиясы құрылған. Ол 5 қарашада жұмысына кіріседі. Комиссия жұмысқа кіріскен сәттен бастап 5 жұмыс күнінің ішінде тәуелсіз сарапшылық қорытынды дайын болады. Қорытындыны алғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде клиника оны марқұмның туыстарына және Бірыңғай сақтандыру пулына қатысушы сақтандыру ұйымына жібереді.

Green Clinic «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінің 273-бабына сәйкес, пациенттің денсаулық жағдайы, диагнозы және емі туралы ақпарат дәрігерлік құпия болып саналатынын атап өтеді.

— Кәсіби әдеп нормалары мен ҚР заңнамасының жеке деректерді және дәрігерлік құпияны қорғау талаптарын сақтауға, сондай-ақ тергеу нәтижелері бойынша ресми хабарламаны күтуге шақырамыз. Біз марқұмның туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз және осы жағдайға түсіністікпен қарағандары үшін алғыс білдіреміз, — делінген клиника мәлімдемесінде. 

Айта кетелік Маңғыстауда жекеменшік емшара кабинеттерінде екі адам көз жұмған еді

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:182
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Қараша 2025 20:29
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

20 Қыркүйек 2026 22:23see165

ШҚО да аюлардың адамдарға жақындау оқиғалары жиіледі

20 Қыркүйек 2026 22:22see157

Ауаға қатысты шағымдар аясында АМӨЗ понтондардың орнатылғанын хабарлады

20 Қыркүйек 2026 22:21see156

Путин: Ресей бюджетінде мұнай бағасы $50 болып белгіленеді

20 Қыркүйек 2026 22:21see153

​АМӨЗ ге үкіметтік инспекция келді: зауыттағы жаңғырту кезеңдері көрсетілді

20 Қыркүйек 2026 22:21see151

Энергетика министрлігі Қашағандағы Д аралы мен мұзжарғыштар флотының дайындығын тексерді

20 Қыркүйек 2026 22:22see147

Жамбыл облысында жыпылықтағыш орнатқан жүргізуші жазаланды

21 Қыркүйек 2026 12:41see140

Зеленский Трамппен кездесетінін айтты

21 Қыркүйек 2026 10:06see139

Қазақстандық студент әкесінен оқу кезеңіне алимент өндіріп алды

21 Қыркүйек 2026 13:04see137

Атырау ауасындағы күкіртсутегі: министрлік нормадан асу себептерін түсіндірді

20 Қыркүйек 2026 22:21see135

Барыс Локомотивті ойсырата жеңді

21 Қыркүйек 2026 12:42see133

Димаштың жаңа видеосы жанкүйерлерін таңғалдырды

21 Қыркүйек 2026 15:55see132

Қазақстанның оңтүстігінде бетперде киіп, жастарға оқ жаудырғандар сотталды

20 Қыркүйек 2026 22:18see131

Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының жеңіл атлетикадан біріншілігі аяқталды

21 Қыркүйек 2026 18:03see130

Тоқаев Дубай әміршісіне көңіл айтты

21 Қыркүйек 2026 17:58see127

Ресейдегі сайлау: Единая Россия күшейді, Справедливая Россия шетте қалуы мүмкін

22 Қыркүйек 2026 02:22see126

“Көмектесіңіздер“. Маркетплейс қорабындағы жазу қазақстандықтарды алаңдатты

21 Қыркүйек 2026 17:46see118

Дүрбелең тудырмаңыздар : Ресейдегі оқу жаттығуға әскери техника жөнелтіледі

21 Қыркүйек 2026 14:36see118

Атырау облыстық архивінде орын тапшы: жаңа құжаттарды қабылдау қиындаған

22 Қыркүйек 2026 02:22see118

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

22 Қыркүйек 2026 07:56see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары