Астанадан Араб теңізінің жағалауына: Оманға жаңа әуе рейсі ашылды
Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Қазақстаннан Оманға жаңа халықаралық әуе рейсі ашылды. Астана – Салала бағыты бойынша рейстер Airbus A320 ұшақтарымен орындалады, деп хабарлайды Tengri Travel Көлік министрлігіне сілтеме жасап.
Алғашқы рейспен 140 жолаушы ұшқан. Осылайша ұшақтағы барлық орын толған. Бір күн бұрын Алматыдан Салалаға да алғашқы рейс орындалып, оның да билеттері түгел сатылған.
Анықтама: Салала - Оманның екінші ірі қаласы әрі елдің оңтүстігіндегі Дофар провинциясының көрікті орталығы. Араб теңізінің жағалауында орналасқан қала ежелден жоғары сапалы ладанның отаны әрі сауда орталығы ретінде танылған. Бүгінде жағажайда демалып, Шығыстың өзіндік болмысын сезінгісі келетін саяхатшыларды қызықтырады.
Қазір Қазақстан мен Оман арасында Алматы – Маскат бағыты бойынша да әуе қатынасы бар. Осылайша қазақстандық әуе компаниясы Оманға қатынайтын халықаралық бағыттарының қатарын бірден екі жаңа рейспен толықтырды.
Анықтама: Маскат - Оман сұлтандығының астанасы. Қала Оман шығанағының жағалауын бойлай созылып, көрікті Әл-Хажар тауларының арасында орналасқан. Абаттандырылған жағалауы, XVI ғасырдан сақталған португал қамалдары мен шығыстық қонақжайлығы үйлескен Маскат Араб түбегіндегі ең тыныш, қауіпсіз әрі өзіндік болмысын сақтаған қалалардың бірі саналады.
Жаңа бағыт Мемлекет басшысының авиация саласын дамыту, халықаралық рейстердің аясын кеңейту және Қазақстанның транзиттік әуе хабы ретіндегі орнын нығайту жөніндегі тапсырмасы аясында ашылды. Екі ел арасындағы әуе қатынасын дамытудағы маңызды қадамдардың бірі - 6 қазанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Оман сұлтаны Хайсам бен Тарик Әл Саидтың кездесуі аясында қол қойылған әуе қатынасы туралы үкіметаралық келісім.
Жаңа әуе бағыттары Қазақстан мен Оман арасындағы байланысты нығайтып, азаматтардың саяхаттау мүмкіндігін кеңейтеді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:30
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қазан 2026 12:43 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















