Атырауда әкімдік шенеунігі өлі күйінде табылды БАҚ
Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Атырауда Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментін басқарған Бауыржан Асаиновтың мәйіті табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, ер адамның денесі 18 қазанда өзі тұрған пәтерден табылған. Асаиновтың қазасы ведомствоның ресми парақшасында жарияланды.
"Тараған ақпарат бойынша, шенеуніктің денесі табылғанға дейін пәтерде екі аптадай жатқан. Осы уақыт ішінде үйде жылу қосылған, бұл мәйіттің бұзылуын тездетіп, өлім себебін анықтауды қиындатуы мүмкін", - деп жазады "Ақ Жайық".
Атыраулық басылымның дереккөздері Асаинов пен оның ағасының арасында жанжал болуы мүмкін екенін де хабарлайды. Алдын ала ақпарат бойынша, ер адамдар бірге ішімдік ішіп, аяғында өзара ерегісіп қалған. Болжам бойынша, ағасы Асаиновты ұрып, ол тірі кезінде пәтерден шығып кеткен.
"Дереккөздердің мәліметінше, ақпарат алынған кезде ағасының қайда екені белгісіз болған. Сонымен қатар, жанжалдың мән-жайы, оның шенеуніктің өліміне қатысы бар-жоғы және өлімнің нақты себебі ресми түрде әлі расталған жоқ", - делінген жарияланымда.
Бауыржан Асаинов Атырау облысы бойынша әлеуметтік қорғау департаментін 2023 жылғы 4 қаңтардан бастап басқарды. Оған дейін прокуратурада, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде жұмыс істеген, сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ішкі қауіпсіздік басқармасын басқарған.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:43
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қазан 2026 12:50 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















