Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Әділет партиясы Менің Елім Менің Туым акциясын бастады

БҚО да пациенттің унитаздан су ішкен видеосына қатысты тексеру басталды

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Алматылық дәрігерлер салмағы 679 грамм болып туған нәрестенің өмірі үшін 70 күн күресті

Қысқы дөңгелектерге көшу уақыты келді: Қазақстанда полиция тексерулер бастады

​Қазақстандық оқушы Испанияда шахматтан үш дүркін әлем чемпионы атанды

Аурухана мен емхана басшыларының кәсіби деңгейі тексерілуде

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Тұғыры биік елдің табысы толағай

Тұғыры биік елдің табысы толағай

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Әрине, бүгін де тұрмыстың түйткілі аз емес. Әйтсе де, сол кезең мен қазіргі Қазақстанды қатар қойсақ, тәуелсіздік жылдарында жүріп өткен жолдың ауқымы айқындала түседі. Республика күні қарсаңында елдің экономикалық жетістіктеріне осы тұрғыдан үңіліп көрдік.

Дүниежүзілік банк дерегінше, Қа­зақстанның жалпы ішкі өнімі 1990 жылы 26,9 миллиард доллар бол­ған. Ал Ұлттық статистика бю­ро­сының нақтыланған есебі бойын­ша, 2025 жылы 306 мил­лиард долларға жетті. Доллармен есеп­телетін атаулы көлем он бір есе­ден астам ұлғайыпты. Әрине, ара­лықта баға мен валюта бағамы өз­гергендіктен, мұның бәрін нақ­ты өндірістің өсімі деп түсінуге бол­майды. Дегенмен эконо­ми­ка­ның ауқымы кеңейгені анық. 

Тоқсаныншы жылдардағы құл­ды­раудан кейін Қазақстан эко­но­микасы біртіндеп еңсе тіктеді. Ұлт­тық статистика бюросының есе­­­бінше, 1994 жылдан 2024 жылға дейін оның нақты көлемі 4,4 есе ұл­ғайған. Осы өсім кейін де жал­ғасып, 2025 жылы ел экономикасы тағы 6,5 пайызға кеңейді. Соның нәтижесінде жылдық ЖІӨ көлемі 306 миллиард долларға, ал жан басына шаққандағы көрсеткіш 15 мың доллардан асты. 2026 жылдың алғашқы жартысындағы деректер де осы ілгерілеудің жалғасқанын көр­сетеді: экономика былтырғы сәй­кес кезеңмен салыстырғанда 4,1 пайыз өсті.

Егемендіктің еселі өсімі

Ал ел экономикасының көлемі қазір 350 миллиард долларға жа­қындап, Қазақстан ТМД елдері ара­сында екінші орынға шыққан. Тоқ­саныншы жылдардың басын­да­ғы жағдаймен салыстырсақ, бұл елдің өндірістік және қаржылық мүм­кіндігі қаншалықты кеңей­ге­нін айғақтайды.

Осы өзгерістің тарихи негізін Пре­зидент «Тәуелсіздік бәрінен қым­бат» мақаласында атап өткен еді: «Нарықтық экономикаға өтіп, жекеменшік институтын берік орнықтырдық. Отандық бизнестің негізін қаладық». Шынында да, бү­гінгі кәсіпкерлік ортаны тоқ­саныншы жылдардың басындағы жағдаймен салыстыру қиын. Қазір азаматтың шеберхана ашуына, өнім шығаруына, қызмет көрсе­туі­не мүмкіндік бар. Сол мүмкіндікті іске айналдырғандардың еңбегі ел экономикасын күн сайын толық­тырып отыр. 

Өңдеу өнеркәсібі де ілгерілеп ке­леді. 2026 жылдың алғашқы жар­ты­сында сала 9,8 пайыз өсті. Ин­вес­тицияның да орны бөлек. 

KAZAKH INVEST мәліметінше, тәуел­­­­сіздік жылдары Қазақстанға 480 миллиард доллардан астам ті­келей шетелдік инвестиция тар­тыл­ған. Ал 2025 жылы негізгі ка­пи­талға салынған инвестиция 22,7 трил­лион теңге болды. Бірі жылдар бой­ғы шетелдік капитал ағынын, екін­шісі бір жылдағы негізгі құрал­дар­ға жұмсалған қаражатты біл­діреді. Осындай салымның нәти­же­сі жаңа кәсіпорыннан, жаңарған жа­бдықтан және ашылған жұмыс орнынан көрінері хақ.

Бүгінде Қазақстан жолдарымен ауыл­дағы шаруаның өнімі де, құр­лық асып бара жатқан жүк те та­сы­­малданады. Тәуелсіздік жыл­дарында салынған жаңа бағыттар ел ішіндегі алыс өңірлерді жақын­да­тып, сыртқы нарыққа шығуға жол ашты. Соның бірі – теміржолының екінші же­лісі. Президент аталмыш жоба­ға: «Бұл – егемендік кезеңінде са­лынған ең ірі теміржол құры­лысы», – деп баға берген болатын. Мемлекет басшысы сол жылы 13 мың шақырым автожол салынып, жөнделгенін де атап өтті. 

Көгілдір отынның игілігі көп

Инфрақұрылымды сөз ет­кен­де, тоқсаныншы жылдары газ бал­лонын ауыстыру, қыс түспей кө­мір түсіріп, отын жинау талай от­басының үйреншікті қамы бол­ғаны еріксіз еске оралады. Табиғи газ барлық өңірге бірдей жеткен жоқ. 1991 жылғы «Ауыл» бағдар­ла­масына қатысты үкімет құжатында елдегі 1,6 миллион пәтердің газбен қамтылғаны, бірақ негізінен сұйы­тылған газ пайдаланылғаны көр­се­тілген. Магистралды газ құбыр­лары маңындағы 500 кеңшар мен ұжымшардың тек 90-ы табиғи газ алған. 

Бүгінде газ желісі бұрын қам­тыл­маған елді мекендерге тарты­лып жатыр. Энергетика министр­лігі­нің мәліметінше, 2026 жылдың басында табиғи газға қолжетімділік деңгейі 64,2 пайызға жетіп, 13,1 миллион адамды қамтыды. Соңғы алты жылда осындай мүмкіндікке тағы төрт миллионға жуық тұрғын ие болған. Мыңнан астам елді ме­кен газдандырылып, 20 мың ша­қы­рым газ тарату желісі салынған. 

Өзгерістің бір мысалы – Аста­на­ға табиғи газдың келуі. 2019 жыл­дың соңында «Сарыарқа» м­а­гистралінің Қызылордадан елор­даға дейінгі алғашқы кезеңі пай­да­лануға берілді. Осылайша, бұ­рын газбен жылыту мүмкіндігі бол­­­маған орталық өңірлерге жаңа же­лі тартылып, тұрғын үйлерді қо­суға жол ашылды. Бұл газдан­дыру географиясын кеңейткен маңыз­ды қадам болды. Елдің ба­ты­сындағы газ қорын орталықтағы тұтынушыға жеткізетін байланыс қалыптасты.

Газ келген үйдің қысқы тірші­лігі де жеңілдейді. Күн сайын пеш жағып, күл шығару азайып, үйді жылы ұстау қолайлы бола түседі. Әсі­ресе жасы үлкен адамдар үшін мұ­ның көмегі зор. Ал көмір тасып, от жағуға жұмсалатын уақыттың қыс­қаруы отбасының күнделікті тұр­мысына еркіндік береді. Сон­дық­тан газдандырудың игілігін құбырдың ұзындығынан бұрын, үй ішіндегі осындай өзгерістен бай­қауға болады.

Ырысы тасыған дархан дала

Бір кезде тозған техникасын жөндеп, қолындағы азын-аулақ ма­­лымен күн көрген ауыл адамы бү­гінде шаруа қожалығын бас­қа­рып, өнімін нарыққа шығарып жүр. Бірақ осы екі кезеңнің арасын жү­ріп өту өңір халқына оңайға соқ­қан жоқ. Кеңестік шаруа­ш­ы­лық­тар тарағанда, ауылдағы жұрт жұ­мысынан ғана емес, өнімін өткі­зе­тін, техникасын жаңартатын бұ­рын­ғы жүйеден де айырылды. Со­ған қарамастан, бірі жер алып, егін екті, енді бірі малын көбейтті. Бү­гінгі аграрлық өндірістің негізін осын­дай мыңдаған отбасының ең­бегі қалап отыр.

Сол жылдардың салмағын мал са­нының өзгерісінен де байқауға бо­лады. Ресми деректерде ірі қара­ның 1990 жылғы 9,8 миллионнан 2000 жылы 4,1 миллионға дейін азайғаны көрсетілген. Қой мен еш­кі де осы аралықта 36,2 мил­лион­нан 10 миллионға түскен. Кейін шаруашылықтар біртіндеп ең­се тіктеді. Дегенмен бұрынғы ме­жеге барлық бағытта бірдей жете қой­ған жоқпыз: Үкіметтің 2026 жы­лы қабылдаған салалық жос­па­рында қой мен ешкі саны 20,2 мил­лион деп көрсетілген. Бұл тоқ­саныншы жылдардың басындағы деңгейден әлі де төмен. 

Ал жылқы шаруашылығында жағ­дай өзгеше. Сол құжатта 1990 жы­лы елде 1,6 миллион жылқы бол­ғаны, құжат әзірленген кезеңде олар­дың саны 4,4 миллионға жет­кені жазылған. Яғни шамамен 2,8 есе көбейген. Бір түліктің өзі ауыл­дың тіршілігінде қаншалықты орын алатынын ескерсек, бұл – елеу­лі өзгеріс. Жылқы өсірген шар­уа­ның табысы ет өткізумен шектел­мей, қымыз өндірісімен де толы­ғып келеді. 

Егіншіліктің де басынан талай ке­зең өтті. 1991 жылы өңдеуден кейін­гі салмақпен 12 миллион тон­­­наға жуық астық жиналса, ке­лесі жылы түсім 29,8 миллион тон­наға жеткен. Алайда 1995 жылы 9,5 миллион тоннаға дейін тө­мен­деген. Ал 2025 жылы Қазақстанда 25,95 миллион тонна дәнді және бұр­шақты дақыл жиналды. Осы сан­дардың өзі ауыл шаруа­шы­лы­ғы­ның жолы үнемі өрлеуден тұр­ма­ғанын көрсетеді. 

Әйтсе де, бүгінгі егіншіліктің мүм­­кіндігі астықпен ғана шек­телмек емес. Мәселен, 1991 жылы майлы дақылдардың жалпы түсімі 154,8 мың тонна болса, 2025 жылы 4,95 миллион тоннаға жуықтаған. Бұл – шамамен 32 есе өсім. Демек, жылдар өте егістіктің құрылымы ғана емес, құрамы да, одан қалса шар­уаның табыс көзі болып отыр­ған бағыты да өзгерді. Диқан енді қан­дай дақылдың жеріне қолайлы, на­рықта өтімді екенін есепке алып, еңбегінің қайтарымын із­дей­ді. 

Түптеп келгенде, ауылдың бе­ре­кесі қамбадағы астық пен қора­да­ғы малдың санынан ғана көрін­бе­се керек. Себебі шаруа өнімін өз уақытында сатып, еңбегіне лайық табыс табуы керек. Ол үшін қойма да, өңдейтін кәсіпорын да, тұрақты сатып алушы да қажет. Ауылда ашыл­ған шағын сүт цехының өзі бір­неше отбасына жұмыс береді. Ен­дігі өсімнің мәні де осында: ауыл­дан шыққан өнім сол жердегі жұрт­тың тұрмысын түзеп, жастар­дың туған жерінде еңбек етуіне мүмкіндік ашса игі.

Төл теңге тың белеске бастады

Тоқсаныншы жылдардың ба­сын­да ақша мәселесі жұрттың жан­ды жері еді. Қазақстан рубль ай­мағында қалды, баға шарық­тады, жинақ құнсызданды. Ұлттық банктің тарихи материалдарында 1993 жылғы инфляцияның 2165 пайызға жеткені көрсетіледі. Осын­­дай жағдайда теңгенің енгі­зілуі экономикалық дербестіктің шешуші қадамы болды. Мемлекет өз ақшасының айналымын реттей­тін жүйесін қалыптастыруға кіріс­ті. 

Кейін қаржылық қауіпсіздіктің та­ғы бір тірегі пайда болды. Пре­зи­дент тәуелсіздік белестерін сара­ла­ған мақаласында: «Түрлі дағ­дарыс­тар­дан аман өтуге мүмкіндік бер­ген Ұлттық қорымыз құрылды», – деп жазды. Бұл ойдың мағынасы түсі­нік­ті: мемлекет табысының бір бө­лігін жинақтап, қиын кезеңге қор дайындауға мүмкіндік алды. Шаруашылықтың ертеңін ойлау да экономикалық дербестіктің маңыз­ды белгісі еді. 

Ал бүгінгі отандық FinTech өнім­дер ұсынып отырған мүм­кін­діктер кейбір елдер үшін ертегідей естілері анық. Телефоннан ақша аудару, депозит ашу, коммуналдық төлем төлеу үйреншікті шаруаға ай­налды. 2026 жылдың бірінші жар­тысында халық 7,1 миллиард қол­ма-қол ақшасыз операция жа­саған. Жалпы сомасы 92,1 трил­лион теңгеге жетті. Олардың ақ­шалай көлемінің 90 пайызы ин­тер­нет, мобильді қосымшалар және QR арқылы орындалған. 

Қаржы тартудың мүмкіндігін Ас­тана халықаралық қаржы ор­та­лығы да кеңейтті. 2018 жылдан 2025 жылдың соңына дейін осы алаң арқылы Қазақстан эко­но­ми­касына 20 миллиард доллар тар­тыл­ған. Соның 6 миллиарды 2025 жыл­ға тиесілі. Оның ішінде порт­фельдік инвестициялар да бар.

Ұрпағы кемел ұлт қуатты

Ел экономикасындағы өзгеріс­тер әр азаматтың өмірінен бай­қал­маса, сандардың әсері аз. Тәуел­сіз­дік алған тұста Қазақстанда ша­мамен 16,4 миллион адам тұр­ды. Ал 2026 жылдың басында ха­лық саны 20,5 миллионға жуық­та­ды. Аралықта көші-қонның күр­делі кезеңін есепке алыңыз. Сон­дықтан бүгінгі меженің артында ұзақ демографиялық үдерістер тұр десек, жаңсақ айтпаған болар едік. 

Өмір сүру ұзақтығы 1994 жыл­ғы 64,9 жастан 2025 жылы 76 жасқа жақындады. Он бір жылға жуық айыр­ма бар. Президент 2025 жыл­ғы Республика күнінде медицинаға бөлінетін қаржының 2020 жылдан бері үш есе артқанын айтып: «927 медицина нысаны ашылды», – деді. Әрине, өңірлер арасындағы айыр­машылық сақталады. Бірақ көр­сеткіштер ұзақ мерзім қата­рынан әлеуметтік мәселеленің іл­ге­рі­леп келе жатқанын аңғар­т­а­ды. 

Білімдегі өзгеріс жаңа мектеп­тер­дің қатарынан да көрінеді. «Соң­ғы жеті жылда елімізде 1 мил­лионнан астам оқушыға арналған 1342 мектеп салынды», – деді Мем­­лекет басшысы жуырда өткен ұстаздармен кездесуде. «Келешек мек­тептері» жобасы аясында са­лын­ған 217 мектептің 84-і ауылда ор­наласқан. Бұл ауыл баласының да заманауи кабинеттерде оқып, зерт­ханада тәжірибе жасап, қабі­ле­тін дамытуына мүмкіндік аша­ды.

Елдің еңсе тіктегенін тұрғын үй құрылысының қарқынынан да аңғаруға болады. 1994 жылы Қа­зақ­станда 2,3 миллион шаршы метр баспана пайдалануға берілсе, 2025 жылы бұл көрсеткіш 20,1 мил­лион шаршы метрге жетті. Айыр­масы – сегіз еседен астам. Жа­ңа аудандармен бірге қала­лар­дың тынысы кеңейіп, бұрынғы шет аймақтар ел қоныстанған ме­кен­ге айналды. Бүгінде сол үйлерде тәуелсіз елдің жаңа буыны өсіп ке­леді. Олардың балалық шағы ата-анасы көрген тоқсаныншы жыл­дардың тапшылығынан өзге­ше өтіп жатқанының өзі – ел өмі­рін­дегі елеулі бетбұрыс.

Тәуелсіздік жылдарында еліміз ең­сесін тіктеп, талай белесті ба­ғын­­дырды. Зауыттар ашылды, жол­­дар салынды, ауылдарға газ же­тіп, жаңа мектептер мен тұрғын үй­лер бой көтерді. Мұның бәрі елге қызмет еткен, қиындыққа мойымай еңбек еткен жұрттың ар­қасы. Республика күні – осы жол­ды мақтанышпен еске алып, келешекке сеніммен қарайтын мереке. Еліміз аман, жұртымыз ын­тымақты болса, атқарар іс те, же­тер жетістік те әлі көп.

Кәмила ДҮЙСЕН

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:85
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қазан 2026 12:48
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Әділет партиясы Менің Елім Менің Туым акциясын бастады

22 Қазан 2026 22:28see141

БҚО да пациенттің унитаздан су ішкен видеосына қатысты тексеру басталды

22 Қазан 2026 23:05see140

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see131

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see130

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see130

Алматылық дәрігерлер салмағы 679 грамм болып туған нәрестенің өмірі үшін 70 күн күресті

22 Қазан 2026 22:18see129

Қысқы дөңгелектерге көшу уақыты келді: Қазақстанда полиция тексерулер бастады

22 Қазан 2026 23:06see129

​Қазақстандық оқушы Испанияда шахматтан үш дүркін әлем чемпионы атанды

22 Қазан 2026 23:05see128

Аурухана мен емхана басшыларының кәсіби деңгейі тексерілуде

22 Қазан 2026 22:30see127

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

23 Қазан 2026 01:28see127

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see126

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see126

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see126

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see126

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see126

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see125

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see122

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see120

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see120

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see119
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары