Атырауда оқушы қыз операциядан кейін көз жұмды
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
16 жастағы мектеп оқушысының өлімінен кейін Денсаулық сақтау басқармасы түсініктеме берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Басқарманың мәліметінше, аталған операция техникалық тұрғыдан күрделі әрі жоғары дәлдікті талап етеді. Операциядан кейін пациенттің жағдайы күрт нашарлап, медициналық ұйым тарапынан шұғыл және қарқынды емдеу шаралары жүргізілген. Сонымен қатар бейінді мамандар мен республикалық деңгейдегі сарапшылардың консультациялары ұйымдастырылған.
“Қазіргі уақытта медициналық көмектің уақытылығы мен сапасы, сондай-ақ асқынудың себептері жан-жақты зерделеніп жатыр. Тиісті құжаттар тәуелсіз бейінді мамандардың қатысуымен қаралады. Тексеру толық аяқталғанға дейін алдын ала қорытынды жасауға негіз жоқ”, – деп хабарлады Денсаулық сақтау басқармасы.
Басқарма жағдайды бақылауда ұстап отыр.
Баян Жанұзақова
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:31
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Қыркүйек 2026 16:46 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















