Отбасының цифрлық картасы бір айдан кейін банктермен интеграцияланады
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
АСТАНА, 29 қазан – Sputnik. Отбасының цифрлық картасы 2026 жылдың желтоқсанында екінші деңгейлі банктердің жүйелерімен интеграцияланады. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Жәрдемақыға мұқтаждық принциптерін келесі жылдан бастап кезең-кезеңімен енгізіледі. Биыл желтоқсанда Отбасының цифрлық картасын екінші деңгейлі банктердің ақпараттық жүйелерімен интеграциялау жоспарланып отыр. Сол кезде ең бірінші "А" мен "В" тобына кіретін азаматтар тексеріледі.
"Пилоттық сынақ кезең-кезеңімен жүргізіледі. Алдымен табыс деңгейі жоғары азаматтар, кейін ауқатты азаматтар қамтылады. Пилоттық жобаны мұқият тексерістен өткізудің бірінші кезеңінде әлеуметтік көмекті оңтайландыру шараларының тиімділігі қаралады. Нәтижесіне қарай бұл жұмыстың ауқымын одан әрі кеңейтеміз", - деді Ертаев үкіметтің бүгінгі отырысында.
Айта кетері, кешегі жолдауда Тоқаев мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындаудың жаңа тәртібіне қатысты өз ойын айтқан болатын.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:19
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Қазан 2026 12:52 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















