Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Рыбакина екінші жыл қатарынан Нинбодағы WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды

Исхар Курбаев әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды

Әлемдік концерттік туры аясында Димаш Құдайберген өзінің авторлық әндерін орындауда

Қазақстандық курсант BoxRec рейтингінің үздік ондығына енді

СІМ Түркияда қазақстандық бойжеткеннің қаза тапқанын растады

Ресей Қазақстандағы ауқымды реформаларды құптайды елші Бородавкин

Ыстамбұлдағы қайғылы оқиға: Қазақстан азаматының қазасын СІМ растады

Киіз үй мен Каспий толқындары: Атырау әуежайының жаңа терминалы қандай болады?

Тоқаев Лула да Силваны Бразилия президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады

Жауынгерлік өнер түрлерінен жабық ғимараттағы VI Азия ойындары 2027 жылға шегерілді

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде өнеркәсіп өндірісі артты

Мектептерде күзгі демалыс басталды

Ақтөбеде 1,5 мың жаңа жұмыс орны ашылады

45 ел қатысатын Азия ойындарын өткізу мерзімі келесі жылға шегерілді

Зеленский АҚШ тан зымыран жеткізу мәселесін қайта көтеруді тапсырды

Эстакада астындағы өмір: Астанада LRT ға жақын тұратындар қалай өмір сүріп жатыр?

Көз өтеді дейді : Дариға Бадықова қазіргі күйеуінің өзіне қойған талабын айтты

Астанадағы мамандандырылған ХҚКО да қылмыстық топ құрылған: мемлекеттік корпорация түсініктеме берді

Қазақстандықтарға 5 миллионға дейінгі несиелер мен айыппұлдарды кешіруге уәде беруде: TikTok тағы роликтердің астарында не жатыр

Бір сахнаға сыймайды : Тұрсынбек Қабатовтың қазіргі әйелі Базар жоқ театрының неге тарағанын түсіндірді

Отбасының цифрлық картасы қалай толтырылып, жүргізіледі

Отбасының цифрлық картасы қалай толтырылып, жүргізіледі

Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Отбасының цифрлық картасы (ОЦК) – әлеуметтік-еңбек саласының платформасында іске асырылған, "цифрлық үкімет" платформасы мен мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелерінен алынған деректер негізінде адамдарды, отбасыларды, отбасы мүшелері мен үй шаруашылықтарын әлеуметтік әл-ауқат деңгейіне қарай жіктеуге және тізімдерін қалыптастыруға арналған талдамалық жүйе.

Отбасының цифрлық картасындағы деректер "цифрлық үкімет" платформасынан, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның автоматтандырылған цифрлық жүйелерінен, сондай-ақ мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелерінен "Smart Data Ukimet" цифрлық талдау жүйесі арқылы алынады.

Мәліметтер жаңа деректер енгізілген немесе бұрынғы мәліметтер өзгертілген сайын тұрақты негізде автоматты түрде беріледі. Мемлекеттік органдар жаңартылған ақпаратты тиісті цифрлық жүйеге енгізген немесе өзгерткен күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей жіберуге міндетті.

Әрбір көрсеткіш бойынша мәліметтер мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелеріндегі деректер жаңартылған сайын автоматты түрде өзектендіріледі.

Отбасының цифрлық картасында мынадай көрсеткіштер қалыптастырылады:

кірістер, шығыстар және кредиттік міндеттемелер; жылжымалы мүлік; азаматтардың жұмыспен қамтылуы; әлеуметтік қорғау саласындағы қызметтермен қамтылуы; денсаулық сақтау саласындағы қызметтермен қамтылуы; білім беру саласындағы қызметтермен қамтылуы; тұрғын үй жағдайы мен инфрақұрылым; ауыл шаруашылығы саласындағы қамтамасыз етілуі.

"Кірістер, шығыстар және кредиттік міндеттемелер" көрсеткіші мынадай өлшемшарттар бойынша қалыптастырылады:

жан басына шаққандағы орташа табыс деңгейі; қолданыстағы кредиттік міндеттемелердің болуы немесе болмауы; мүлік кепілімен немесе кепілінсіз берілген тұтынушылық банктік қарыздар бойынша мерзімі өткен берешектің болуы немесе болмауы.

"Жылжымалы мүлік" көрсеткіші мынадай өлшемшарттар бойынша қалыптастырылады:

жеңіл автокөліктің болуы немесе болмауы; автобус, жүк көлігі, шағын автобус немесе арнайы мақсаттағы автокөліктің болуы немесе болмауы; ауыл шаруашылығы техникасының болуы немесе болмауы.

"Азаматтардың жұмыспен қамтылуы" көрсеткіші мынадай өлшемшарттар бойынша қалыптастырылады:

жұмыссыз азаматтардың болуы немесе болмауы; жұмыс істейтін азаматтардың болуы немесе болмауы; кәсіпкерлік қызметпен айналысатын адамның тіркелген-тіркелмегені.

"Әлеуметтік қорғау саласындағы қызметтермен қамтылуы" көрсеткіші мынадай өлшемшарттар бойынша қалыптастырылады:

18 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған балалар мен 23 жасқа дейінгі жастар қатарындағы білім алушылардың болуы немесе болмауы; 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдардың болуы немесе болмауы; бала кезінен мүгедектігі бар адамның немесе мүгедектігі бар баланың болуы немесе болмауы.

"Денсаулық сақтау саласындағы қызметтермен қамтылуы" көрсеткіші мынадай өлшемшарттар бойынша қалыптастырылады:

медициналық ұйымға тіркелуінің болуы немесе болмауы; отбасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушылардың болуы немесе болмауы; динамикалық бақылауға жататын созылмалы ауруы бар адамның болуы немесе болмауы; диспансерлік есепте тұрған адамның болуы немесе болмауы.

"Білім беру саласындағы қызметтермен қамтылуы" көрсеткіші мынадай өлшемшарттар бойынша қалыптастырылады:

балалардың болуы және олардың мектепке дейінгі білім беру ұйымына тіркелуі немесе тіркелмеуі; балалардың орта білім беру ұйымына тіркелуі немесе тіркелмеуі.

"Тұрғын үй жағдайы мен инфрақұрылым" көрсеткіші мынадай өлшемшарттар бойынша қалыптастырылады:

отбасының, адамның немесе үй шаруашылығының тұрғын үймен қамтамасыз етілуі; коммерциялық жылжымайтын мүліктің болуы немесе болмауы; елді мекеннің мәртебесі.

"Ауыл шаруашылығы саласындағы қамтамасыз етілу" көрсеткіші мынадай өлшемшарттар бойынша қалыптастырылады:

отбасында, адамда немесе үй шаруашылығында жеке қосалқы шаруашылықтың болуы немесе болмауы; жеке меншіктегі жер учаскесінің болуы немесе болмауы; ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер пайдалануға берілген учаскенің болуы немесе болмауы.

Отбасының цифрлық картасына мәліметтер беретін мемлекеттік органдар мынадай міндеттерді атқарады:

берілетін мәліметтердің толықтығын, дұрыстығын және өзектілігін қамтамасыз ету; өздерінің цифрлық жүйелеріне деректерді уақтылы енгізіп, жаңарту және оларды Отбасының цифрлық картасына жіберу; анықталған қателер мен сәйкессіздіктерді белгіленген мерзімде жою; деректерді беру және өңдеу кезінде Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының талаптарын сақтау; өздерінің цифрлық жүйелеріне қатысты киберқауіпсіздік талаптарын және интеграциялық сервистердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету; халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның сұрауы бойынша берілген мәліметтердегі анықталған алшақтықтарға қатысты түсініктеме ұсыну.

Толық емес, ескірген немесе дұрыс емес мәліметтерді дереккөз болып табылатын мемлекеттік орган олардың анықталған күнінен немесе халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның тиісті сұрауын алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей түзетуге міндетті.

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелерінен келіп түскен мәліметтерді өз бетінше өзгерте алмайды. Өзгерістерді тиісті ақпарат сақталған цифрлық жүйенің иесі болып табылатын мемлекеттік орган енгізеді.

Мемлекеттік органның цифрлық жүйесіндегі мәліметтер өзектендірілгеннен кейін Отбасының цифрлық картасындағы деректер ведомствоаралық өзара іс-қимыл аясында автоматты түрде жаңартылады.

Бұйрық 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:65
embedДереккөз:https://kaz.zakon.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Қазан 2026 14:46
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Рыбакина екінші жыл қатарынан Нинбодағы WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды

25 Қазан 2026 16:13see155

Исхар Курбаев әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды

25 Қазан 2026 18:29see145

Әлемдік концерттік туры аясында Димаш Құдайберген өзінің авторлық әндерін орындауда

25 Қазан 2026 16:29see140

Қазақстандық курсант BoxRec рейтингінің үздік ондығына енді

25 Қазан 2026 15:54see137

СІМ Түркияда қазақстандық бойжеткеннің қаза тапқанын растады

26 Қазан 2026 14:59see132

Ресей Қазақстандағы ауқымды реформаларды құптайды елші Бородавкин

26 Қазан 2026 10:23see129

Ыстамбұлдағы қайғылы оқиға: Қазақстан азаматының қазасын СІМ растады

26 Қазан 2026 14:52see127

Киіз үй мен Каспий толқындары: Атырау әуежайының жаңа терминалы қандай болады?

26 Қазан 2026 20:30see127

Тоқаев Лула да Силваны Бразилия президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады

26 Қазан 2026 09:51see126

Жауынгерлік өнер түрлерінен жабық ғимараттағы VI Азия ойындары 2027 жылға шегерілді

26 Қазан 2026 21:17see126

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде өнеркәсіп өндірісі артты

26 Қазан 2026 18:37see125

Мектептерде күзгі демалыс басталды

26 Қазан 2026 18:37see117

Ақтөбеде 1,5 мың жаңа жұмыс орны ашылады

26 Қазан 2026 20:18see116

45 ел қатысатын Азия ойындарын өткізу мерзімі келесі жылға шегерілді

26 Қазан 2026 19:04see114

Зеленский АҚШ тан зымыран жеткізу мәселесін қайта көтеруді тапсырды

26 Қазан 2026 20:18see111

Эстакада астындағы өмір: Астанада LRT ға жақын тұратындар қалай өмір сүріп жатыр?

27 Қазан 2026 14:43see106

Көз өтеді дейді : Дариға Бадықова қазіргі күйеуінің өзіне қойған талабын айтты

26 Қазан 2026 12:40see106

Астанадағы мамандандырылған ХҚКО да қылмыстық топ құрылған: мемлекеттік корпорация түсініктеме берді

26 Қазан 2026 09:30see105

Қазақстандықтарға 5 миллионға дейінгі несиелер мен айыппұлдарды кешіруге уәде беруде: TikTok тағы роликтердің астарында не жатыр

27 Қазан 2026 14:44see105

Бір сахнаға сыймайды : Тұрсынбек Қабатовтың қазіргі әйелі Базар жоқ театрының неге тарағанын түсіндірді

26 Қазан 2026 11:55see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары