Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Жемісті жеті жыл

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

Ауылға қамқор азамат

Ауылға қамқор азамат

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Биылғы жылды Науырзым өңіріндегі «Богдан» шаруа қожалығы табысты аяқтады. Егін өсірумен қатар, асыл тұқымды мал басын көбейтіп отырған шаруашылық жергілікті тұрғындарын еңбекке жұмылдырып, бірталай отбасының ауылда тұрақтап қалуына ұйытқы болып отыр.

Шаруашылық басшысы Дмитрий Исаев – қалада туып-өскен азамат. Қостанайдағы №7 мектепте оқыды. 9-сыныптан кейін Қостанай автомобиль көлігі колледжінде білім алды.

Қалаға сыймайтын, үнемі ауыл­ға елегізіп, дала мен дәннің, қора мен мал­дың иісін аңсап тұратын адамдар болады. Диманың бойында да осындай қасиет бар. Оны бала жастан ауылға ынтықтырып қойған ата-әжесінің мейірімі еді. Каникул немесе мерекелік демалыс бола қалса, жаз демей, қыс демей, бірден Өлеңдіге тартатын. Мұнда атасының шаруа қожалығы бар. Темір-терсекке үйірсек, зерек бала 12 жасынан бас­тап осы шаруашылыққа тиесілі кез келген техниканың қозғалтқышын жөндей беретін. 13 жасында-ақ тракторға шалғы тіркеп, өзі шөп шауып, оны тасып әкеліп, таудай ғып қораның жанына үйіп қоятын. Артылғанын елге сатып, киім-кешегі мен мектепке қажет заттарын өзі түгендеп алатын.

Колледждегі оқуын 2012 жылы тәмам­­даған талапты жас бала осы жылы біржола Өлеңді ауылына келіп, тұралап қалған шағын шаруашылықты қолға алды. Бұл кезде атасының қуаты қайтып, қартайыңқырап, қожалыққа тиесілі алқап мүлде қараусыз қалған еді. Оның сыртында, бірталай жылдан бері салығы мен өзге де толып жат­қан­ міндеттемелерін өтей алмаған шаруа­шы­лық шашетектен қарызға батты. Осы ауыртпалықтың бәрі тұтастай оқуды жаңа ғана бітіріп келген жас талаптың мойнына артылды.

Дмитрий алдымен топырағы тозып, құмға айналуға шақ тұрған алқаптың құнарын арттыруды қолға алды. Жер ерінбей еңбек еткенге ғана еселеп береді. Қасына Ринат, Нұрислам, Михаил сынды ауылдың қолынан іс келетін, еті тірі жігіттерін жинаған шаруақор азамат айналасы бір-екі жылдың ішінде жақсы өнім алып, қыруар қарызынан құтылды. Одан кейінгі жылдары шаруашылық техникасын жаңартудың қамына кірісіп, іске жарарлық трактор, комбайн сатып алды. Төрт жыл қатарынан түскен табысты шатқаяқтап қалған шаруашылықтың еңсесін көтеруге жұмсады. Бұрынғы кеңшардан қалған қамба мен қойманы сатып алды. Егіншілікті әуел бас­та 350 гектардан бастаған қожалық он шақты жылдың ішінде алқап көлемін 2 мың гектарға жеткізіп, арпа, бидай, жасымық тәрізді дәнді, майлы дақылдар өсіріп отыр.

Кәсіпкер 2017 жылы «Сыбаға» бағдар­ла­масы арқылы 25 бас ірі қара алып, мал шаруа­шылығының іргесін қалады. 2019 жылы мемлекеттің қолдауымен 80 бас абердин ангус ірі қарасын, енді бірер жылдан кейін әулиекөл сиырларын сатып алып, асыл тұқымды мал шаруашылығы мен егіншілікті қатар жолға қойды.

Бүгінде Өлеңдіде шамамен 50 шақты үй түтін түтетіп отыр. Шалғай елді мекеннің тоғыз жылдық мектебі, балабақшасы бар. Кә­сіп­кер шамасы жеткенше ауылдың әлеу­мет­тік жағдайына да қарасып, мектеп пен балабақшаға материалдық көмек көрсетіп тұрады. Қыста өзге шаруалармен бірлесіп жолдың қарын күреп, әлеуметтік нысандардың айналасын тазартуға атсалысады. Ауылдағы 4-5 отбасы осы шаруашылықтан нәпақа тауып, жан бағады.

Шаруа қожалығында көктемгі, күзгі науқан кезінде 12–14 адам жұмыс істейді. Жұмысшының біразы қаладан келеді. Өйткені қазір ауылдан жұмысшы табу қиын. Ауылда отырған әр отбасының өз малы, өз шаруасы бар. Ал Дмитриймен бірге жұмыс істейтін бес адамның малы, оның күтімі, отбасының отын-суы түгелдей шаруашылықтың мойнында.

«Дима болмағанда ауылдан әлдеқашан көшіп кетер ме едім, кім білсін. Екеумізді еңбек табыстырды. Бала кезімізден-ақ осы ауылда бірге жұмыс істедік, мал бақтық, шөп шаптық. Кейін қалада оқуын тәмамдап, осы шаруашылықты қолына алған соң, жұмысқа шақырды. Содан бері біргеміз. Мен үйленіп, отау көтерген жылы бүкіл жиһазымен дайын үй берді. Қазір бала-шағамызбен осы үйде тұрып жатырмыз. Малымызды шаруашылыққа қосып қойдық. Қысы-жазы осында жүреді. Жұмыстан кейін үйдегі малға жем-шөп беру керек еді деп алаңдамаймыз. Оның сыртында, малымызға түрлі ауруға қарсы вакцинаны да шаруашылық ектіреді. Бұл бізге де, шаруашылыққа да қолайлы. Кәдімгі шағын ұжымдық шаруа­шы­лық сияқтымыз, әрқайсымыздың өз үлесіміз, өз міндетіміз, өз жауапкершілігіміз бар. Егін жақсы шықса, табысымыз еселенеді. Қуаңшылық жылдары барға қанағат, жоққа сабыр етеміз. Өйткені егін нашар шыққан жылдары шаруашылық табысының көбі көктемгі егіс жұмыстарына алған несиені жабуға кетеді. Бұған түсіністікпен қараймыз. Бірақ қандай қиын жылдар болса да, Дима ешкімді айлықсыз қалдырмайды. Қалаға барып қарыз алып келсе де, еңбегімізді береді. Жағдайын көріп тұрған соң, кейде ұялып, алмай қойған кезіміз болды. Биыл жақсы өнім алдық. Өз басым бір айдың ішінде 2 млн теңге табыс таптым. Дмитрий – уәдеге берік, дегеніне жетпей қоймайтын табанды азамат. Бар болса, бөлісіп отырады. Мысалы, биыл шаруашылық есебінен балабақшадағы балаларға жеткілікті етіп түрлі ойыншық алып берді. Жылда мереке сайын көмек беріп тұрады», дейді ауыл тұрғыны Ринат Нұрлыбаев.

Өкінішке қарай, аталған шаруашылықтың жұмысшылары біртіндеп аудан орталығына, қалаға қоныс аударып жатыр. Жұрт көбі тұрмыстың нашарлығынан емес, ауылда он бір жылдық мектептің жоқтығынан көшуге мәжбүр. Бір-екі жылдан соң, Дмитрий басқаратын шаруа қожалығында еңбек ететін екі жұмысшының да балалары тоғызыншы сыныпты бітіреді.

Қостанай облысы 

Соңғы жаңалықтар

Міндетті таңбалауға тағы бір өнім қосылды

Экономика • Бүгін, 09:23

ӘКК кәсіпкерлерге қорған бола алмай тұр...

ЖОЛДАУ • Бүгін, 09:20

Көлік нарығы көңіл көншіте ме?

Сараптама • Бүгін, 09:18

Саламатты қоғам құрудың түп негізі

Денсаулық • Бүгін, 09:15

Ауылға қамқор азамат

Еңбек • Бүгін, 09:12

Білікті жандарға ел риза

Қоғам • Бүгін, 09:10

Су қауіпсіздігі өзара сенімге тәуелді

Мәселе • Бүгін, 09:08

Алғаш рет жүрек алмастырды

Медицина • Бүгін, 09:05

Халықаралық рейтингте мәртебеміз айқындалды

Экономика • Бүгін, 09:00

Жастарды жасқаған баспана

Пікір • Бүгін, 08:55

Құмарпаз болма әрнеге...

Қоғам • Бүгін, 08:50

Дархан Ахмед-Заки: Президент реформасы жоғары білімге тың серпін береді

Сұхбат • Бүгін, 08:45

Микология майталманы

Тұлға • Бүгін, 08:40

Дәрігерлерге алғыс айтамын

Қоғам • Бүгін, 08:38

Ізденіс өндірісті қуаттандырады

Инфографика • Бүгін, 08:35

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:199
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Желтоқсан 2025 09:54
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

24 Қыркүйек 2026 10:15see148

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

24 Қыркүйек 2026 09:59see146

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

24 Қыркүйек 2026 10:19see145

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

24 Қыркүйек 2026 10:11see145

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

24 Қыркүйек 2026 10:12see143

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

24 Қыркүйек 2026 19:41see143

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

24 Қыркүйек 2026 19:09see139

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

24 Қыркүйек 2026 10:08see138

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

24 Қыркүйек 2026 10:12see138

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

24 Қыркүйек 2026 10:16see138

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

24 Қыркүйек 2026 10:13see137

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

24 Қыркүйек 2026 12:48see137

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

24 Қыркүйек 2026 11:03see136

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

24 Қыркүйек 2026 10:34see136

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

24 Қыркүйек 2026 09:58see135

Жемісті жеті жыл

24 Қыркүйек 2026 10:10see135

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

24 Қыркүйек 2026 18:58see135

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

24 Қыркүйек 2026 10:20see135

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

24 Қыркүйек 2026 10:19see133

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

24 Қыркүйек 2026 10:21see133
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары