Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысы ЕАЭО байланыстарын кеңейту туралы айтты

Қазақстан мен Ресей ядролық және радиациялық қауіпсіздік бойынша жол картасына қол қойды

Дастан Сатпаевтың жейдесі Будапешттегі арнайы көрмеге қойылды

Қазақстан мен Ресей Қытайға мұнай жеткізуді арттыруға келісті

Қазақстан бақылау тарихындағы ең ыстық жылды бастан өткерді

Олимпиада чемпиондары Михаил Шайдоров төңірегіндегі дауға байланысты пікір білдірді

Жангелдин ісі: Сәрсемалиев әкесі сөйлегенде жылап жіберді, ал анасы бекем болуға шақырды

Қазақстанға 40 градусқа дейінгі аптап ыстық келеді

Алматы әуежайында мысық чемодандармен бірге берілді полиция тексерісті бастады

Ақмола облысында тоғыз шетелдік турист тауда жоғалып кетіп, құтқарушылар аяғынан тік тұрды

Қазақстанда кімдер қылмыстық және әкімшілік амнистияға ілігуі мүмкін

​Депутаттар Атыраудың өзі қаржыдан тарығып отырғанын мәлімдеді

Қазақстанда жаңа туған сәбилерге негізгі жауапкершілік педиатрларға қайта жүктеледі

Павлодар облысында 1500 ден астам жүргізуші рөлде телефонмен ұсталды

“Мұндай ерлікке кез келген адамның батылы бара бермейді” БҚО да мектеп оқушысы екі інісін өрттен құтқарып қалды

Көкшетауда пәтер ішінде жалғыз қалып кеткен бала құтқарылды

Президент: Қазақстан технологияны нетто экспорттаушы мәртебесін дәлелдеді

Цифрлық трансформация Еуразиялық ықпалдастықтың басым бағыты

Ресейден ел аумағына 200 тоннадан астам бүлінген астықты алып кірмек болған

Лондондағы Мисс Кәусар

Қарттарға қамқор орталық

Қарттарға қамқор орталық

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Ертеректе ағайын арасы жақын, көрші-қолаң аралас-құралас тұрған заманда төрдегі үлкен кісілеріміздің қабағы ашық, көңілі сергек отырушы еді. Келімді-кетімді кісі аяғы толастамайтындықтан, жалғыздық дегенді сезіне қоймайтын. Ауыл іргесі сөгіліп, халықтың дені қонысын қалаға ауыстырған соң, жағдай өзгерді. Балалары жұмысбасты, ағайын арасы алыс, замандасы сиреп қалған кейбір қария көппәтерлі үйдің ең жоғарғы қабатында ұзақ күн жалғыз отырып қалатыны да рас. Мамандар адам өмірінің қысқаруына да осы жалғыздық себеп болатынын айтады. Демек қала тұрмысы көп отбасының тарихында бұрын-соңды болмаған жаңа бір қажеттілікті туындатып отыр. Гериатриялық орталық осы қажеттілікті өтеп отырған мекеме.

Қостанайдағы «Sun Vita» ге­риатриялық орталығы арнайы күтімді қажет ететін қарт кісі­лерді қанатының астына алып, қамқорлық жасап отыр.  Мұнда әртүрлі созылмалы науқасы, мүге­дектігі бар, отырып-тұруы қиын отызға жуық адам тұрып жатыр. Олардың біразы көптен бері осы орталықты паналап келеді. Он-он бес күн немесе бір-екі ай, уақытша  жатып кететіндер де көп.

Біз орталыққа кіріп бара жатқанда әкесін алып шығып келе жатқан Ләззат есімді келіншекпен танысып, аз-кем тілдесіп қалдық. Әкесі осы­дан 2-3 жыл бұрын инсульт алып, төсек тартып жатып қал­ған жалғызбасты әйел нау­қасқа қарайтын өзінен басқа ешкім болмаған соң, амалсыз жұ­мыстан шығуына тура келе­ді. Содан бері үйінде кісі күті­мінде отыр. Алайда Астана, Қара­ғанды жақтағы туыстарына барарда жылына бір-екі рет осы орталыққа әкеліп 15-20 күнге тастап кетуге мәжбүр болады.

– Мұндағы мамандар кісіге менен гөрі жақсы қарайды. Әкем 1-топтағы мүгедек, мем­лекеттің қамқорлығында. Күні-түні төсек тартып жатқандықтан әуелі памперс, жаялық, өзге де гигиеналық бұйымдарды сатып алып тұрдым. Олардың бағасы қымбат, мысалы, ересектерге арналған бір орам памперстің өзі жеті жарым мың теңге тұрады. Кейін әкем­нің мүгедектігі туралы құ­жатты ресімдедім. Содан бері мұ­ның бәрін облыстық әлеу­меттік қолдау басқармасы беріп тұрады. Қымбат тұратын жай­лы әрі жеңіл екі арбаны да мемлекет тегін берді. Бірін­шісін үйде, екіншісін сырт­та пайдаланамыз. Адам күтімін­де отырған соң, өзім де айы­на 70 мың теңге көлемінде әлеуметтік төлем аламын. Біз сияқты отбасыларға мұндай гериатриялық орталықтардың көмегі қажет. Кейде кәдімгі балабақша сияқты жұмыс істейтін қарттар орталығы ашылса деп те ойламын. Тек мұндай мекемеге ата-ана баласын емес, керісінше, баласы ата-анасын апаратын болады. Сонда науқас ата-анасына бола ешкім жұмысын тастап, үйде отырмас еді. Таңертең жұмысқа кетіп бара жатып қарт ата-анасын орталыққа өткізіп кетеді де, кешкілік жұмысы аяқталған соң үйіне алып кетеді. Тетігін таба білген адамға бұл дайын бизнес, – дейді Ләззат.

Орталықтың қарттар мен за­ғиптар жататын өзге де әлеу­меттік мекемелерден әжептәуір айырмашылығы бар. Мәселен, алғашқысы кәрілік жеңген жалғызбасты қариялардың алдына ас-суын тосып, күтімін ғана жасайды. Гериатриялық орталықта жатқандар күні-түні дәрігер бақылауында болады.  Мұнда қарттардың дәрісін бе­ріп, ем-домын жасайтын арнайы медициналық білімі бар бі­лікті мамандар қызмет етеді. Сондай-ақ орталықта егде жас­тағы кісілердің қимыл-қозға­лысын ширатып, жақсы нәрсе­ні ғана ойлауға үйрететін әлеу­меттік бағдарламалар, оқу-жат­тығу сабақтары өтіп тұрады.

– Үйде отырған қарт кісілер көбіне төрт қабырғаға қамалып, қоғамнан оқшау қалып қойып жатады. Ғалымдар әлеуметтік байланыстың жетіспеушілігі денсаулыққа кері әсер ете­тінін әлдеқашан дәлелдеп қойған. Жалғыздық  адамның  қартаюын жеделдетеді, өмір­ге деген құлшынысын әлсіре­теді. Әсіресе оңаша қалған қарт адам күйректікке салынып, күйзеліске түсіп кетеді.  Орталыққа келген қарттар бір-бірімен танысады, әңгімелеседі, шахмат, дойбы, лото ойнайды, таза ауада бірге серуендейді, топтық жаттығуларға қатысады. Осылайша, әрқайсысының өмір сүру белсенділігі арта түседі. Бізге келген адамдардың көбі уақыт өткізіп барып, қайта оралып жатады. Жылына бірнеше рет келіп, осында жатып, демалып, ем алып, сергіп қайтатын кісілер көбейді, – дейді орталық директоры Ирина Сәдуақасова.

Бір ауық осында келіп жатып кететіндердің бірі – 82 жастағы қала тұрғыны Мария әжей. Зейнеткер қызының қолында тұрады.

– Қанша дегенмен қызым­ның өз балалары бар, шаруа­сы бастан асады. Таңертең тамағымды бере салып, екі баласын киіндіріп мектепке алып кетеді. Одан әрі жұмысына бара салып, қоңырау шалып жағдайымды сұрайды. Жағдайым қалай болушы еді, Светлана жұмыстан келгенше, уақыт санап үйде жалғыз отырамын. Кейде теледидар қараймын, бірақ көк жәшікке телміріп қашанғы отыра бересің? Далаға, таза ауаға шыққың келіп, елегізисің. Пәтеріміз бесінші қабатта, лифт жоқ, өзім біреудің демеуінсіз жүре алмаймын. Қызым алғаш осы орталық туралы айтқанда «менен құтыла алмай жүрсің-ау» деп ренжігенім рас. Бірақ мұнда келген соң, көңіл күйім көтеріліп, қызыма рахметімді айттым. Бірінші кел­генде екі ай жаттым. Қызым, не­ме­релерім күнара келіп тұрды. Денсаулығым да жақсарған сияқты. Мұнда өзім сияқты замандастарым бар, әңгімеміз де жарасады. Ирина Викторовна бастаған күтуші-медбикелерге алғысым шексіз. Өз анасындай күтім жасап, бәйек болып жүреді. Тамағы да дәмді. Бәрі – осы қыздардың арқасы, – дейді кейуана.

И.Сәдуақасованың айтуын­ша, қарияларға жан-жақты қызмет көрсететін мұндай әмбебап орталықты іске қосу оңайға соқпаған. 2017 жылы жалға алған ғимаратта меди­циналық орталық ретінде ашылған мекеме әу баста қарт кісілерге дәрігерлік көмек көрсетумен ғана шектелген.

– Бірде орталыққа демен­циямен ауыратын қарт науқас түсті. Мұндай науқастар жеке кү­тімді, күн-түн демей дәрі­гердің көмегін қажет етеді. Осыдан кейін ауыр дертке шал­дыққан егде жастағы адам­дарға дәрігерлік көмек көрсе­тетін арнайы бір орын қажет екенін түсіндік. Кейін бізді ұзынқұлақ арқылы естіп-білген өзге де қарт кісілер келе бас­тады. Осылайша, қатардағы медициналық орталықтан бірте-бірте гериатриялық орталыққа айналдық. Еліміз көлемінде мұндай үш-ақ орталық бар. Науқастар тәулік бойы білікті мамандардың бақылауында болып, түрлі пси­хологиялық кеңес алады. Әлеуметтік бейімдеу іс-шараларына, қарт кісілердің психикалық саулығының жақ­са­руына, күрделі операция­дан кейін пайда болатын эмо­циялық қиындықтарды еңсе­руге көмектесетін тренинг-жаттығуларға қатысады. Кейін­гі жылдары тұрғындар ұзақ уақыт бойы төсек тартып жатып қалған туыстарын да бізге әкеліп орналастыратын болды. Әрине, мұндай кісілерге ерекше күтім керек. Жатып қалған кісілердің төсектік орны аптасына бір рет жаңаланады. Күн сайын киімін ауыстырып, шомылдырып, тырнағын, шашын алып отырамыз. Жаялы­ғын тәулігіне төрт рет ауыстырамыз. Орайы келгенде айта кетейік, осыдан екі жыл бұрын әлеуметтік кәсіпкерлерді қол­дауға арналған мемлекеттік бағдарламаға қатысып, «Даму» қоры арқылы шағын автобус алдық. Қазір науқастарды көбі­не осы көлікпен әкелеміз немесе үйіне апарып тастаймыз, – дейді әлеуметтік мекеменің басшысы.

Бүгінде орталықтың екі ғимараты жұмыс істеп тұр. Мұндағы мамандар деменциясы бар, Альцгеймер, Паркинсон дертіне шалдыққан, инсульт, инфарктан кейін бейімдеу ем-шараларына мұқтаж ауыр науқастарға, жамбасын сындырып алып, аттап басуы мұң болып қалған қарт кісілерге тұрмыстық, дәрігерлік, психо­логиялық көмек көрсетіп, өмірге қайта бейімдейді.  Орта­лықтың екі, үш орындық кең бөлмелері бар. Төсек тартып қалған қарттар декубиттен сақтайтын төсеніші бар функционалды кереуетте жатады.

Жалғыздық – бүгінгі урба­низацияланған қоғамда көп қарияның үнсіз серігіне айналғаны ащы шындық. Осындайда «Sun Vita» секілді ге­риатриялық орталықтардың атқарып отырған қызметі – тек медициналық күтім ғана емес, жанға жылу, көңілге медет. Мұнда тек денсаулығына емес, өміріне де жанашырлықпен қарайды. Бұл – адамға деген ізгі ниеттің, қоғамға деген жауапкершіліктің айқын көрінісі. Қарияны қадірлеген ел – қашанда берекелі.

Қостанай облысы 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:116
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Қараша 2025 09:31
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысы ЕАЭО байланыстарын кеңейту туралы айтты

29 Мамыр 2026 17:01see116

Қазақстан мен Ресей ядролық және радиациялық қауіпсіздік бойынша жол картасына қол қойды

29 Мамыр 2026 11:54see114

Дастан Сатпаевтың жейдесі Будапешттегі арнайы көрмеге қойылды

29 Мамыр 2026 11:50see114

Қазақстан мен Ресей Қытайға мұнай жеткізуді арттыруға келісті

29 Мамыр 2026 20:39see112

Қазақстан бақылау тарихындағы ең ыстық жылды бастан өткерді

29 Мамыр 2026 11:29see112

Олимпиада чемпиондары Михаил Шайдоров төңірегіндегі дауға байланысты пікір білдірді

29 Мамыр 2026 11:51see110

Жангелдин ісі: Сәрсемалиев әкесі сөйлегенде жылап жіберді, ал анасы бекем болуға шақырды

29 Мамыр 2026 20:39see110

Қазақстанға 40 градусқа дейінгі аптап ыстық келеді

29 Мамыр 2026 16:03see110

Алматы әуежайында мысық чемодандармен бірге берілді полиция тексерісті бастады

29 Мамыр 2026 19:42see109

Ақмола облысында тоғыз шетелдік турист тауда жоғалып кетіп, құтқарушылар аяғынан тік тұрды

30 Мамыр 2026 15:58see109

Қазақстанда кімдер қылмыстық және әкімшілік амнистияға ілігуі мүмкін

30 Мамыр 2026 12:16see107

​Депутаттар Атыраудың өзі қаржыдан тарығып отырғанын мәлімдеді

29 Мамыр 2026 20:38see106

Қазақстанда жаңа туған сәбилерге негізгі жауапкершілік педиатрларға қайта жүктеледі

30 Мамыр 2026 13:30see106

Павлодар облысында 1500 ден астам жүргізуші рөлде телефонмен ұсталды

29 Мамыр 2026 16:32see105

“Мұндай ерлікке кез келген адамның батылы бара бермейді” БҚО да мектеп оқушысы екі інісін өрттен құтқарып қалды

29 Мамыр 2026 11:31see102

Көкшетауда пәтер ішінде жалғыз қалып кеткен бала құтқарылды

30 Мамыр 2026 09:44see102

Президент: Қазақстан технологияны нетто экспорттаушы мәртебесін дәлелдеді

29 Мамыр 2026 17:33see102

Цифрлық трансформация Еуразиялық ықпалдастықтың басым бағыты

30 Мамыр 2026 13:45see102

Ресейден ел аумағына 200 тоннадан астам бүлінген астықты алып кірмек болған

30 Мамыр 2026 12:00see102

Лондондағы Мисс Кәусар

30 Мамыр 2026 13:48see102
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары