Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

Шымкентте Қамқор әлеуметтік жобасы қолға алынды

Шымкентте Қамқор әлеуметтік жобасы қолға алынды

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Шымкентте зейнеткерлер мәдени ошақтар мен спорттық кешендерге тегін кіреді.

Енді қариялар театр, музейлерді қалағанынша аралап, спорттық үйірмелерге қатыса алады. Сала мамандарының айтуы бойынша, әлеуметтік қолдаудың арқасында аға буынның өмір сапасы жақсара бастады. 

Алпысты алқымдаған Мейірбек Байтанов тән саулығын сақтау үшін су спортына жазылды. Енді ол олимпиада резервінің мамандандырылған базасында кәсіби нұсқаушылардан тәлім алып, жүзумен тегін айналысады. Жаттығу түрлері де жас ерекшелігіне қарай тағайындалды. 

Мейірбек Байтанов, зейнеткер:

- Бала кезде шомылғанбыз. Арнайы айналысқан жоқпын. Бірақ қызығушылық болды. Келіп, қатысуға болады дегеннен кейін осында келіп шомылып жатырмыз. Су жылы, рахат.

Бұдан былай қала қарттарынан спорттық кешендермен қатар, театр, музейлерде және хайуанаттар бағында ақы алынбайды. Олардың бос уақытын тиімді өткізу үшін Белсенді ұзақ өмір орталықтарына да жолдама көлемі ұлғайды. Өйткені кәрілікке бой алдырмай, жан мен тән саулығын сақтап жүрген зейнеткерлер саны артып келеді.

Мауия Алданазарова, қалалық Белсенді ұзақ өмір орталығының басшысы:

- Бүгінгі таңда 4 белсенді ұзақ өмір орталығы бар. Төрт ғимаратта орналасқан. Аудан-аудандардан келіп жатыр барлығы. Бесінші ғимаратты осы желтоқсан айына дайындап жатырмыз.

Бой сергітпеген бір күн - ауру шақырады. Мұндағы қариялар йогамен айналысып, еңбек терапиясы арқылы ем алады. Кітап оқып, шығармашылығын дамытады. Кестелі өнердің қыр-сырын меңгеріп, тоқыма тоқиды.

Күләш Сатылғанова, зейнеткер:

- Аяқ ауру. Басқа да аурулар болады ғой енді қария кісілерде. Солардың бәріне әсері мол. Өйткені біз соларды ұмытып, жаттығуымыздың арқасында, дәрігерлердің арқасында, бір-бірімізбен қарым-қатынас, жылы сөздің арқасында керемет жағдайдамыз.

Қалада 100 мыңға жуық зейнеткер бар. Оларға «Қамқор» әлеуметтік жобасы аясында құрмет көрсетіліп, кейінгі жастарға үлгі ету көзделген.

Сәрсен Құранбек, қала әкімінің орынбасары:

- Дәстүрлі қоғамымызда, дәстүрлі отбасында үлкен кісілердің алатын орны қашан да өте зор. Сол кісілер арқылы тұтас буын қалыптасады. Ұрпақ жалғастығы, дәстүр сабақтастығы қамтамасыз етіледі. Осы Оңтүстік басқаға үлгі болсын деп жасап отырғанымызды айтқымыз келеді.

Мамандардың айтуынша, соңғы жылдары қарттар арасында салауатты өмір салтын ұстанушы көп. «Олардың белсенді өмір салтына бейімделуі алпыс жастан кейін жаңа тыныстың ашылатынын дәлелдейді»,- дейді. Сондықтан қоғам өміріне етене араласқан ардагерлерге құрмет мен қолдау арта бермек.

Авторлары: Нұрсұлтан Мұхамеджан, Нұрмахан Мұсатов, Нұрмахан Бекмұратов

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:160
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Қазан 2025 10:00
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see119

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see116

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see116

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see115

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see114

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see113

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see112

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see112

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see112

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see112

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see111

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see111

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see111

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see110

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see109

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see109

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see108

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see108

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see108

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

05 Қараша 2026 15:27see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары