Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Маңғыстауда туған күнінде жоғалып кеткен 18 жастағы жігітті сүңгуірлер мен дрондар іздеп жатыр

Alageum Electric компаниялар тобы Qazaq Tili Endowment қорына екінші мәрте 100 миллион теңге аударды

ӘЧ 2026: Бүгін Франция мен Марокко ширек финалда кездеседі

ІІМ: Заңсыз қосымша отын бактарын пайдаланған жүргізушілер жауапқа тартылды

Қоғамдық іс шара кезіндегі әрекеті үшін астаналық спортшыға айыппұл салынды

Жамбыл облысында шетел азаматынан 170 млн теңге декларацияланбаған валюта анықталды

Қант зауыттары қамқорлыққа зәру

Қазақстан ІІМ делегациясы БҰҰ Полиция саммитіне қатысуда

Іргелідегі Асыл Арман ТҮК: Алматы іргесіндегі Алматылық Бангладеште халық қалай тұрады

Жатыр мойны обырының алдын алуға болады: 265 мың қыз балаға вакцина салынды

Бурабайда полицейлер 3 жасар баланы ауруханаға жедел жеткізуге көмектесті

Жамбыл облысында қолма қол ақшаны заңсыз шығармақ болған шетелдік ұсталды

Мұнара “оралды“: Астананың ескі вокзалында қазір не болып жатыр?

Қазақстанның бес тас жолында орташа жылдамдық енгізілді ІІМ жүргізушілерге үндеу жасады

Дастан Сәтпаев Хаби Алонсомен бірге алғашқы жаттығуын өткізді

Иранның оңтүстігінде жаңа жарылыстар сериясы болды

Астанада Аманжолов көшесі толығымен жабылады

Жасанды интеллект математикаға қалай ықпал етеді?

Үлкен жеңілдіктер күдікті белгі. Пәтер сатып алмас бұрын құрылыс салушыны қалай тексеруге болады?

Алматыда кикшерингке арналған жылдамдық шектеуін қайта қарау талап етілді

Ата Заңдағы аманат табиғатқа қамқор көзқарас

Ата Заңдағы аманат табиғатқа қамқор көзқарас

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Бүгінде мемлекеттік дамудың алтын арқауына айналған экологиялық саясат – бабалар аманаты мен замана талабының тоғысқан түйіні. Ал тұмса табиғатты қорғауды конституциялық деңгейге көтеру – ұлттың өзін-өзі сақтау инстинкті мен болашақ алдындағы жауапкершілігінің көрінісі. Елде «Таза Қазақстан» бағдарламасынан бастап, ауқымды көгалдандыру, орман отырғызу, саланы цифрландыру жүйелі жүзеге асырылып жатыр. Ал биылғы сәуірде Өңірлік эколо­гиялық құрылтай өткізілмек.

Конституция – қоршаған ортаның қорғаны

Биылғы 15 наурызда жалпыхалықтық референдумға ұсы­нылатын Қазақстан Конституциясының жаңа жобасы мем­лекетшілдік пен ұлтжандылықтың жаңа белесін ай­қын­дап бермек. Оның кіріспесінде, яғни төрінен экология мәсе­ле­сіне үлкен орын берілген. «Біз, біртұтас Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттілікті нығайта оты­рып, Ұлы даланың мыңдаған жылдық тарихының са­бақ­тастығын сақтап, мем­ле­кеттің унитарлы сипатын, оның шекарасы мен аумағының тұтас­тығына қол сұғуға бол­майтынын нақтылап, Әділетті Қа­зақстан идеясын және «Заң мен тәртіп» қағидатын ұста­нып, адамның және аза­мат­тың құқықтары мен бостандықтары мүл­тіксіз сақта­ла­тынын мәлімдеп, бірлік пен ынтымақ, этно­саралық және кон­фессияаралық татулық қағидаттарына сүйе­ніп, мәде­ниет пен білім, ғылым мен инновация құн­дылықтарын бағ­­­­дарға алып, табиғатты аялау қажеттігін мойын­дап, бей­бітшілікке және барлық елмен достыққа ұм­ты­лып, келешек ұрпақ алдындағы аса жоғары жауапкершілікті сезініп, Қазақстан Республикасының Ата Заңын – осы Конс­ти­туция­ны қабылдаймыз», – делінген жобада. 

Сонымен қатар оның 37-бабында, бір­ін­шіден, «Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғи байлыққа ұқыпты қарауға міндетті» деп белгіленген. Екіншіден, «Мемлекеттің адамның өмiр сүруiне және денсаулығына қолайлы болатын қоршаған ортаны қорғауды мақсат ететіні» бекітілмек. Үшіншіден, «Адам­ өмiрi мен денсаулығына, қоршаған орта­ға қатер төндiретiн фактілерді, мән-жайларды лауазымды адамдардың жасыруы заңға сәйкес жауаптылыққа алып келетіні» нықталды. Осылайша, экологиялық қауіп­сіздік конституциялық басымдық ретінде бекітіледі.

– Жаңа Конституция жобасында қоғам­ның басты сұраныстарының бірі – адамның өмірі мен денсаулығына қолайлы қоршаған орта құру және табиғатқа жанашырлықпен қарау сияқты іргелі қағидатты енгізу бол­ды, – деп атап өтті Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр.

Алайда конституциялық басымдықтың өмірде жүзеге асуы үшін қандай нақты іс-шаралар қабылданады? Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысан­баев­тың мәліметінше, министрлік бұл жұмысты бірден бірнеше бағытта іске асырып жатыр. Оған қоршаған ортаның жай-күйін бақылау, қалдықтарды басқару және шығарындыларды мониторинг жасау, орман өрттерінің ошақтарын дер кезінде анықтау, орман ресурстарын есепке алу және ұлттық парктерге келушілерді бақылау бағытында цифрлық жобалардың кешенін іске асыру кіреді.

Президент сондай-ақ 2 млрд түп ағаш отырғызу және орман алқаптарының аумағын 14,5 млн гектарға жеткізу бойынша ау­қым­ды міндет қойғаны белгілі. Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шәрбиевтің айтуынша, Мемлекет басшысының осы тапсырмасын орындау үшін 2025 жылы мемлекеттік орман қоры аумағында, 337,8 мың гектар алқапта жоспарланған 370,7 млн көшеттің орнына 497,9 миллион бірлігі отырғызылды. Жоспар 35%-ға артық орындалды. Елді мекендерде былтыр 3,8 млн ағаш егілген.

Әйткенмен, Экология министрі арқаны кеңге салуға болмайтынын, себебі оң динамикаға қарамастан, Қазақстанда жердің тозуы және шөлейттену мәселелері өзекті күйінде қалып отырғанын ескертті. Бұл проблеманы шешу үшін жел эрозиясын азайту, құмдарды бекіту және жайылым­дарды қалпына келтіру мақсатында қорғаныш орман белдеулері мен тосқау­ылдық екпелер жүйесін құру көзделген.

«Таза Қазақстаннан» – жаһандық диалогқа

Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» бастамасы бүгінде жалпыұлттық қозғалысқа ұласты. Бұл – тек ауланы сыпыру емес, ұлттың экологиялық санасын жаңғырту. Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаевтың мәліметінше, елде экологиялық күн тәртібі жүйелі түрде пысықталады. «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында 2025 жылы елде 1 294 экологиялық акция өткізілді. Оған 6,9 млн адам, оның ішінде 781 мың ерікті қатысты. Нәтижесінде, 884,3 мың тонна қоқыс жиналып, 1,1 млн гектар аумақ тазартылды. Бұл – халықтың жер тағдырына бейжай қарамайтынының айқын айғағы.

– 2024 жылғы маусымнан бастап @TazaQazBot чат-боты жұмыс істейді. 2025 жылы ол арқылы 26 мыңнан астам өтініш түсіп, оның 24 мыңнан астамы орындалды. Азаматтар көбінесе аумақтарды тазалау, қоқыс шығару, көшелерді абаттандыру және жол жөндеу мәселелері бойынша жүгінді. Чат-бот мемлекет пен халық арасындағы кері байланыс­тың тиімді құралына айналды, – деді Мансұр Ошурбаев.

Биылғы наурызда оңтүстік өңірлерде аумақ­тарды, су айдындары мен бұлақ көздерін тазалау және ағаш отырғызу акциялары басталады. Жылы мезгіл басталғанда ұқсас іс-шара солтүстік өңірлерде де өтеді.

Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблея­сының 78-сессиясында 2026 жылы елімізде Өңір­лік экологиялық саммит өткізу туралы бастама көтерді. Аталған экосаммитті Астана БҰҰ-мен бірлесіп 2026 жылғы сәуір айында ұйымдастырмақ. Ол Орталық Азиядағы эко­ло­гиялық және климаттық мәселелерді тал­қы­лауға арналған негізгі алаңға айналуға тиіс. Саммитті өткізу аймақ елдерінің өңірара­лық ынтымақтастықтағы әлеуетін және жаһан­дық күш-жігерді нығайтуға үлесін көрсетуге тиіс.

Саммит аясында аймақ елдерінің ұлттық павильондары ұсынылатын «RES EXPO 2026» халықаралық жасыл технологиялар көрмесін өткізу жоспарланған. Қорытынды құжаттар, соның ішінде «Мемлекеттер басшыларының декларациясын» және «БҰҰ агенттіктерімен бірге 2030 жылға дейінгі Іс-қимыл бағдарла­ма­сын» қабылдануы керек. Саммиттің ресми сайты іске қосылды. Жалпы, халықаралық аренада Қазақстанның «экологиялық диплома­тияның» орталығына айналғаны маңызды.

Экология вице-министрі Жомарт Әлиевтің дерегінше, 2025 жылы экологиялық ауыртпалық төмендетіліп, табиғат қорғау заңнамасының сақталуына бақылау күшейді. Шығарындылар көлемі 4,01 млн тоннаны, төгінділер көлемі 2,3 млн тоннаны құрады, бұл 2024 жылғыдан тиісінше 0,5% және 2,5%-ға төмен. Бұл ретте улы шығарындылардың 63%-ы 50 ірі өнер­кә­сіптік кәсіпорынға тиесілі екен. Міне осы­лармен жеке жұмыс жүргізілгені жөн. Олар­дың нормативтік шығарындыларының көлемі 148 мың тоннаға (-7,2%) кеміпті.

Автоматтандырылған мониторинг жүйелерін енгізу жалғасады. Бүгінде бұл талап 115 ірі кәсіпорынға таралады, олардың басым бөлігі деректерді беру жүйесіне қосылған. Арнайы датчиктер әр 20 минут сайын ластаушы зат­тардың шоғырлануы туралы мәліметті тікелей орталық жүйеге жолдайды.

Министрліктің маңызды міндеттерінің бірі – жеке инвестицияларды тарта отырып, қалдықтарды басқару жүйесін дамыту. 2025 жылы ғарыштық мониторинг арқылы 3828 заңсыз қоқыс орны анықталып, оның 95%-ы жойылды. Экологиялық заңнаманы бұз­ғаны үшін 165 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жеңілдетілген қаржыландыру тетігі аясында бүгінде қалдықтарды басқару және инфрақұрылымды дамыту бойынша жалпы сомасы 294 млрд теңгені құрайтын 62 жобаның 25-і іске асырылуда. Олардың ішінде қоқыс таситын көліктерді сатып алу, қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу жобалары бар. Қоқысты жинау, тасымалдау және қайта өңдеуді қадағалайтын EcoQolday платформасы жұмыс істейді. Оның негізінде жаңа ұлттық жүйе құрылады: ол қалдықтардың пайда болуынан бастап қайта өңделуіне немесе көмілуіне дейінгі бүкіл жолын бақыламақ.

– Мегаполистерде қалдықтарды жағу арқылы энергетикалық кәдеге жарату зауыттарын салу үшін 293 млрд теңгеге ин­вес­тициялық келісімдер жасалды. «Экоқолдау» бағдарламасы аясында шамамен 60 мың тонна қалдық қайта өңделді, кәсіп­орындарға 880 млн теңге субсидия берілді. Астана, Алматы және Шымкентте жалпы қуаты тәулігіне 3 600 тонна болатын үш қоқыс өртеу зауытын салу жоспарланып отыр. 2026–2030 жылдарға арналған қал­дықтардың барлық түрін басқару тұжырым­дамасы бекітілді. Министрлік экологиялық жүктемені төмендету, заңнаманы жетілдіру және қалдықтарды басқарудың заманауи инфрақұрылымын дамыту жөніндегі жүйелі шараларды жалғас­тырады, – деді Жомарт Әлиев.

Цифрландыру – экологияның «көзі мен құлағы»

2026 жылғы 6 қаңтарда Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылды «Цифр­ландыру және жасанды интеллект жылы» деп жариялау туралы Жарлыққа қол қойғаны мәлім. Бұл бастама қоршаған ортаны қорғау саласын да қамтиды. Вице-министр Нұрлан Құрмалаевтың айтуынша, экология және табиғи ресурстар саласына цифрлық техноло­гиялар белсенді енгізіледі. Біріншіден, елде ауа, су мен табиғаттың жай-күйін онлайн режимде бақылауға мүмкіндік беретін цифр­лық жүйелер құрылып жатыр. Бұл заңбұзушы­лықтарды жедел анықтауға және мемлекеттік органдар жұмысының ашықтығын арттыруға ықпал етеді.

– Екіншіден, қоршаған ортаның жай-күйі туралы Ұлттық деректер банкі құрылды. Бұл – еліміз бойынша экологиялық ақпарат жинақталатын ірі платформа. Ірі зауыттар әр 20 минут сайын шығарындылар туралы деректерді жіберетін датчиктер орнатуға міндетті. Осы жүйе арқылы қалдықтар мен парниктік газдар жөніндегі есептер де тап­сы­рылады. Болашақта платформаға эко­ло­гиялық тәуекелдерді болжау және заң­бұзушылықтарды автоматты түрде анықтау үшін ЖИ енгізу жоспарланды. Сон­дай-ақ шығарынды нормаларын асырғаны үшін айыппұлдарды автомат­тан­дыру көзделген, – деді Н.Құрмалаев.

Үшіншіден, орман өрттерін ерте анықтау жүйесі енгізілмек. Ормандарға 30 шақырым қашықтыққа дейін түтін мен жылу ано­ма­лияларын анықтайтын камералар орна­тылады. Жүйе жұмыс істеп тұрған аумақтарда өрт ер­терек анықталып, келтірілетін залал азай­ған. Болашақта ол 5,5 млн гектар орманды қамтиды. 2025 жылы 63,3 мың гектар аумақта 618 орман өрті тіркелді. Заңсыз ағаш кесу көлемі 1,6 есеге, ал табиғатты қорғау меке­мелерінде 3,6 есеге қысқарды.

Төртіншіден, орман, жануарлар дүниесі, өрт пен экологиялық жағдай туралы дерек­терді біріктіретін Tabigat геоақпараттық платформасы іске қосылды. Бесіншіден, орман кесуге рұқсат билеттерін беру авто­маттандырылып, кесілген ағаш пен атылған киік өнімдерін таңбалау жүйесі енгізілді. Бұл оның шығу тегін бақылауға мүмкіндік береді екен. 

Қазақстанда барлық экологиялық мәселе толық шешімін тапты деу болмайды: жердің құнарсыздануы және деградациясы жалғасты, биыл су қоры миллиард текше метрге қыс­қарып, қуаңшылық қаупі күшейді. Каспий теңізінің тартылуы да алаңдатарлық деңгейге жетті. Бұл үрдістер табиғи тепе-теңдікке ғана емес, экономикалық және әлеуметтік тұрақты­лыққа да тікелей әсер етеді. Десек те, эколо­гия­лық саясатты мемлекеттік бас­ымдыққа айналдыру және жүйелі шара қабылдау – жағдайды өзгертуге мүмкіндік беретін алғышарт. Мемлекет табандылық танытып, ғылым мен басқаруды ұштастырса, шешілмейтін проблема кемде-кем. Ал табиғатты қорғау – мемлекетті қорғаумен егіз ұғым.

Айхан ШӘРІП

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:157
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Ақпан 2026 06:30
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Маңғыстауда туған күнінде жоғалып кеткен 18 жастағы жігітті сүңгуірлер мен дрондар іздеп жатыр

09 Шілде 2026 08:19see118

Alageum Electric компаниялар тобы Qazaq Tili Endowment қорына екінші мәрте 100 миллион теңге аударды

09 Шілде 2026 14:20see117

ӘЧ 2026: Бүгін Франция мен Марокко ширек финалда кездеседі

09 Шілде 2026 19:58see115

ІІМ: Заңсыз қосымша отын бактарын пайдаланған жүргізушілер жауапқа тартылды

09 Шілде 2026 09:11see113

Қоғамдық іс шара кезіндегі әрекеті үшін астаналық спортшыға айыппұл салынды

09 Шілде 2026 08:18see112

Жамбыл облысында шетел азаматынан 170 млн теңге декларацияланбаған валюта анықталды

09 Шілде 2026 11:59see110

Қант зауыттары қамқорлыққа зәру

10 Шілде 2026 10:12see108

Қазақстан ІІМ делегациясы БҰҰ Полиция саммитіне қатысуда

09 Шілде 2026 00:22see108

Іргелідегі Асыл Арман ТҮК: Алматы іргесіндегі Алматылық Бангладеште халық қалай тұрады

09 Шілде 2026 10:12see108

Жатыр мойны обырының алдын алуға болады: 265 мың қыз балаға вакцина салынды

10 Шілде 2026 16:08see107

Бурабайда полицейлер 3 жасар баланы ауруханаға жедел жеткізуге көмектесті

09 Шілде 2026 21:10see107

Жамбыл облысында қолма қол ақшаны заңсыз шығармақ болған шетелдік ұсталды

09 Шілде 2026 13:35see107

Мұнара “оралды“: Астананың ескі вокзалында қазір не болып жатыр?

09 Шілде 2026 08:16see106

Қазақстанның бес тас жолында орташа жылдамдық енгізілді ІІМ жүргізушілерге үндеу жасады

10 Шілде 2026 10:52see106

Дастан Сәтпаев Хаби Алонсомен бірге алғашқы жаттығуын өткізді

10 Шілде 2026 10:12see105

Иранның оңтүстігінде жаңа жарылыстар сериясы болды

10 Шілде 2026 10:08see105

Астанада Аманжолов көшесі толығымен жабылады

09 Шілде 2026 10:31see105

Жасанды интеллект математикаға қалай ықпал етеді?

10 Шілде 2026 16:51see104

Үлкен жеңілдіктер күдікті белгі. Пәтер сатып алмас бұрын құрылыс салушыны қалай тексеруге болады?

10 Шілде 2026 10:42see104

Алматыда кикшерингке арналған жылдамдық шектеуін қайта қарау талап етілді

09 Шілде 2026 17:47see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары