Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Тәуелсіздік шыңына шықты

Ауылға жеке инвестиция тарту қажет Президент

Ауылға жеке инвестиция тарту қажет Президент

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Ауылға әркімнің бүйрегі бұрады. Әркім аз да болса ауылына үлес қосқысы келеді. Бірақ оны қалай жүзеге асырамыз? Ауылды қалай дамытсақ болады?

Мемлекет басшысы да ауылды өркендетуге жеке инвестицияны көптеп тартуды тапсырды. Бұл орайда туған жерге туын тігуге дайын азаматтармен жергілікті билік бірлесе жұмыс істеуі керек, әрине.

Қазір елдегі барлық ауыл әкімін халық сайлады. Бұл да билікпен халық арасында ашық диалогтың болуына сеп. Мұның бәрі айналып келгенде ауылды дамытудың қамы.

Елде агроөнеркәсіп кешенін дамытуға қатысты 200-ден астам инвестициялық жоба жасақталды. Оның жалпы құны 4 трлн теңге. Мемлекет басшысы: «бұл жобаларды жүзеге асыруға әкімдіктер де, министрлік те белсенді араласуы керек», – деді. Ауылды дамытуға жеке инвесторларды тартуды да міндеттеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Жалпы ауылға жеке инвестиция тарту өте маңызды. Бұл жұмысқа бизнес өкілдері белсене атсалысуы керек. Табысқа жеткен әрбір кәсіпкер өз ауыл-аймағының өркендеуіне үлес қосып, қаржы салса, еліміздегі көптеген елді мекен көркейе түсері анық.

Ауыл әкімдерінің форумына қатысу үшін БҚО Ақжайық ауданындағы Базаршолан ауылдық округінің әкімі Астанаға келді. Ол туған жерінің жанашыры.

Әкім болғалы елді мекенге интернет тартты. Жергілікті мектеп күрделі жөндеуден өтті. Көшелерге жарық берілді. Үйлер мен шағын емдеу мекемесі салынды. Шаруа қожақтарының саны артты. Қазір ауылдағы кен орны зерттеліп жатыр.

Мұрат Жұмашов, БҚО Ақжайық ауданы Базаршолан ауылдық округінің әкімі:

- Инвестиция енді біртіндеп жұмыстанамыз ғой. Өзімнің Базаршолан ауылдық округінде Сатимолла деген кен орны бар. Калий өндіреді. Сол енді болашақта үлкен, Қазақстандағы ірі жобалардың бірі болады. Ол біртіндеп жүзеге асып жатыр. Германиядан инвесторлар тартылып жатыр. Болашақта үлкен өзгерістер болады. Өздерінің әлеуметтік көмектерін, экономикалық көмектерін береді деген сенімдемін. Жеке кәсіпкерлермен де жұмыстануымыз керек.

«Ауылдан адам кеткенімен, адамнан ауыл кетпейді». Бұл рас. Қаншалықты қалаға сіңуге тырыссаң да, жусан иісі аңқыған атамекеніңді аңсап тұрасың. «Сол себепті ауыл әкімдері халқының кемімеуіне мүдделі болу керек», – дейді мамандар. Ал мемлекет тарапынан «Ауыл аманаты», «Ауыл – ел бесігі» сияқты бағдарламалар жемісті жүзеге асып келеді.

Бекзат Алтынбеков, «AMANAT» партиясы Қарағанды облыстық филиалының төрағасы:

- Ауыл әкімі ауылдағы әр азамат сол елінде дұрыс жұмыс жасап, жұмыс көздерін ұйымдастыратын болса, табыс көзін арттыратын болса, қалаға көшкен азаматтар қайтадан ауылға көшуге мүдделі болады деп есептеймін. Сондықтан біз қазір көптеген инвестицияларды ауылға әкелуге мүдделіміз деп есептеймін. Сондықтан әкімдер де осы мақсатта жұмыс жасауы керек.

Урбандалу үдерісі елдегі ауыл санын азайтуы мүмкін. Бірақ, бір тәуірі, жергілікті халық саны азаймайды. Яғни елдің бәрі бірдей қалға көшіп жатқан жоқ. Өзге ауылдарда тіршілік жанданған. Мұның бір себебі Үкімет ауылға барынша көңіл бөліп келеді. Кейінгі 5 жылда тиісті стратегиялық және бағдарламалық құжаттар қабылданды. Соның маңыздысы «ҚР ауылдық аумақтарын дамытудың 2023–2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы». Ол ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуды, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуды, сондай-ақ кәсіпкерлікке дем беріп, жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдіруді көздейді. Демек ауыл әкімдеріне артылған жүк жеңіл емес.

Авторы: Мерей Мұратханқызы

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:188
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Қараша 2025 09:18
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see141

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see139

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see138

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see138

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see137

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see136

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see136

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see135

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see134

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see132

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see130

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see129

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see122

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see122

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see121

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see120

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see118

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see115

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары