Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Ұзақмерзімді инвестиция тарту басымдығы

Ұзақмерзімді инвестиция тарту басымдығы

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Премьер-министр Олжас Бектенов жаһандық инвести­циялар жөніндегі VIII қазақстандық дөңгелек үстелге (KGIR-2025) қатысты. Форумға 50-ден астам елден 1 мыңнан астам қатысушы, соның ішінде өнеркәсіп, энергетика, АӨК, қаржы, фармацевтика, консалтинг, басқа да салалардағы компаниялардың басшылығы жиналды.

Олжас Бектенов өз сө­зінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халық­қа Жолдауында жаңа инвести­циялық циклді іске қосу қажет­тігін атап көрсеткенін баса айтты. Басты міндет – мемлекет тек бизнесті сүйемелдеп қана қоймай, жаңа жобаларды құру­ға, іске қосуға белсенді қатыса­тын үлгіге көшу арқылы белсен­ді инвестициялық саясатты жүзеге асыру.

Үкімет ұлттық экономика­ны трансформациялау бойын­ша жүйелі жұмыс жүргізіп отыр. Биылғы 9 айда еліміздегі ІЖӨ кө­лемі 6,3%-ға өсті. Негізгі капиталға салынған инвести­ция көлемі 13,5%-ға артып, шама­мен 13,8 трлн теңгеге жетті. Жал­пы, Қазақстанның инвестиция­лық деңгейін әлемнің жетек­ші рейтингтік агенттіктері растады. Атап айтқанда, «Moody’s» еліміздің ұзақмерзімді рейтин­гін «Тұрақты» деген болжаммен тәуелсіз Қазақстан тарихын­дағы ең үздік көрсеткішке дейін көтерді.

Стратегиялық маңызы бар Транс­каспий халықаралық көлік бағыты инвестиция үшін келе­шегі зор аймақ ретінде айқындалды. ТХКБ бойынша ірі инфрақұрылымдық бірқатар жоба, соның ішінде шетелдік капитал мен халықаралық қаржы институттарының қатысуымен жүзеге асырылып жатыр.

Мемлекет басшысының ауқым­ды цифрландыру, жасанды интеллект технологияларын енгізу жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыруға ерекше назар аударылды. Озық шешімдерді енгізуге және стартаптарды одан әрі жеделдетуге бағытталған «Alem.ai» халықаралық ЖИ орта­лығының ашылуы цифр­лық клас­терді нығайтуға ықпал етеді.

«Астана» халықаралық қар­­­жы орталығында бизнесті жүр­гізу үшін бірегей жағдай ұсынылады. АХҚО базасында ағыл­шын құқығы юрисдик­ция­сы заңды рәсімдердің ашықты­ғына кепілдік береді. Сондай-ақ Орталық «жасыл», исламдық және инновациялық қаржы құ­ралдарын дамыту үшін сенімді серіктес ретінде қызмет етеді.

Сонымен қатар Олжас Бектенов дөңгелек үстелге қаты­су­шылармен бірқатар кездесу өткізді. Онда агроөнеркәсіп кешені, энергетика, комму­нал­дық секторлар және басқа да салалардағы ағымдағы және перспективалық жобалар аясын­да инвестициялық ынты­мақ­тастық бағыттары қаралды.

Еуропалық қайта құру және даму банкінің вице-прези­денті Маттео Патронемен банк­тің Қазақстан аумағында инфра­құрылымдық жобаларға қатысу мәселелері талқыланды. Сондай-ақ шағын және орта бизнесті дамыту бағыттарына назар аударылды.

Ресей, Беларусь, Кавказ және Орталық Азия аймағы бойынша «PepsiCo» компаниясының президенті Дэвид Манзинимен кездесу барысында Алматы облысында құрылысы ақталуға жақын тұрған зауыт жөніндегі жобаның іске асырылу барысы қаралды. Өңір әкімдіктеріне тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп, инвестициялық жобаны қажетті инфрақұрылымдық шешімдермен қамтамасыз етуге одан әрі жәрдемдесу тапсырылды.

«Fufeng Group» директорлар кеңесінің төрағасы Ли Сюэчунмен Жамбыл облысында жүгеріні терең өңдеу бойынша тігінен интеграцияланған өнеркәсіптік парк жобасын жүзеге асыруға көңіл бөлінді. Өндіріс отандық шикізатқа негізделетін болады. Инвестор алдағы өндірісті іске қосу үшін «жылдам дәліз» тетігі шеңберінде қолайлы бизнес-ортаны және жасалған жағдайларды оң бағалады.

Кездесулердің қорытындысы бойынша Олжас Бектенов ел Үкіметі инвесторларға жан-жақ­ты қолдау көрсетіп және биз­нес-жобаларды толық сүйе­мел­деуге баса назар аудара отырып, қолайлы инвестициялық ахуал­ды қалыптастыруды жалғас­­ты­ратынын атап өтті. Жаңа өн­дірістерді іске қосу елдің өнер­кәсіптік және экспорттық әле­уетін нығайту, сондай-ақ жаңа жұ­мыс орындарын ашу үшін стра­­тегиялық маңызға ие.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:202
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Қараша 2025 12:15
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see169

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see164

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see161

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see157

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see141

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see138

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see134

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see128

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see122

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see122

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see121

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see118

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see116

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see115

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see111

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see108

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see108

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see106

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары