Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

Жемісті жеті жыл

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

Қазақстанда түнгі жарыстармен және шулы көліктермен күресудің жаңа тәсілі ұсынылды

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

Астанада автомобиль иесін суға батыра жаздады онда нақты не бұзылуы мүмкін еді?

Белінен ұстап, сипалаған: Шымкентте жеткіншекке қол жүгірткен 56 жастағы көршісі сотталды

YTO Қазақстандағы инвестициялық ауқымын кеңейтуге дайын: Қазпошта мен қытайлық компания Almaty Sky Hub жобасын жүзеге асыру қарқынын арттырады

Азықтан аспайтын ақша

Азықтан аспайтын ақша

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Сарапшылардың есебінше, елімізде жалпы ішкі өнімнің шамамен 19%-ы осы салаға тиесілі, жұмыспен қамтылған халықтың 17%-ы осы салада еңбек етеді. Оған қоса, жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың 27%-ы саудада жүр. Halyk Finance сараптама орталығының мәліметінше, биылғы бес айда осы ішкі сауда көрсеткіші біраз төмендеген. Ол халықтың сатып алу қабілетінен туындап отыр екен. Нақты табыс төмендеген соң елде ақша жарату да азайған. Жұрт бүгінде тіршілікке ақша жұмсауда тоңазытқыш пен телефон сияқты азық-түлікке жатпайтын тауарларды былай қойып, тек күнделікті тамақ пен ең қажетті деген дүниелерге ден қойған.

Қолға тиген ресми статистиканың бәрі осыған меңзейді. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, биылғы қаңтар-мамыр аралығында сауда саласының өсу қарқыны былтырғымен салыстырғанда баяулаған. Былтыр осы кезеңде сауда көлемі 7,8% өссе, осы жылы 5,6% болып тұр. Өсімнің баяулауы бөлшек саудада да, көтерме саудада да байқалады. Көтерме сауда көбіне ірі бизнестің әңгімесі болғандықтан, оны қоя тұрайық. Бізге керегі бөлшек сауда. Мұндағы өсімнің мұншалық бәсеңдеуіне тұтынушылық несиенің қысқаруы, инфляцияның жоғары болуы, халықтың нақты табысының төмендеуі әсер еткені айтылады. Оған қоса, салық заңнамасындағы өзгерістердің бизнеске жайсыз тиіп жатқаны және бар. 

Осылардың ішінде азық-түлік тауар­ларының сатылымы 10,7%-ға артқанын ерекшелеп айтқымыз келеді. Есесіне азық-түлікке жатпайтын тауарлар саудасы небәрі 0,7%-ға өскен. Жоғарыда айтқан халықтың тек ішіп-жем мен ең керекті заттарға ғана шығындала бастағаны осыдан-ақ көрініп тұр.

Санкцияға батқандардың халі жақсы

Былтырғы жылдың ел азаматтары үшін оңай болмағанын тағы бір статистика дәлелдеп берді. Еуразиялық экономикалық комиссияның мәліметінше былтыр ха­лықтың нақты ақшалай табысы өспей, керісінше төмендеген. Бұл 2021 жылдан бері болмаған жағдай. Сол статистикаға қарасақ, Қазақстанда нақты ақшалай табыс индексі 97,3%-ды құраған, яғни халық табысының сатып алу қабілеті 2,7%-ға кеміген. Ақшалай табыс көлемі номиналды түрде артқанымен, оны инфляция жеп қойып, нақты құны азайған.

Біздің қасымызда 4 жарым жылдан бері соғысып, қаптаған санкцияның астын­да өмір сүріп жатқан Ресейдің жағдайы әлде­қайда жақсы. Көрші елде халықтың нақты ақшалай табысы 7,7%-ға өскен. Ал­дыңғы жылғысынан аздап төмен бол­ғаны­мен, оң динамика сақталып отыр. Жан басына шаққандағы орташа ақшалай табыс бойынша да Ресей бізден оқ бойы озық. Оларда 897 доллар болса, бізде керісінше төмендеп, бар-жоғы 449 доллар болған. 

Ұлттық статистика бюросы да мұндай мәліметті растайды. Олардың дерегінде өткен жылдың төртінші тоқсанында халық­тың жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай табысы 254,4 мың теңгені құраған. Бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңіндегі көр­сеткіштен 9,8% жоғары екен. Алайда елдегі жоғары инфляция бұл өсімді толы­ғымен жұтып жіберген. Нәтижесінде халық­тың нақты табысы төмендеген. Нақты ақшалай табыс индексі былтырғы төртінші тоқсаны­мен салыстырғанда 97,7%-ды құраған. Демек, жалақы өсімі қымбатшылық қар­қы­нына ілесе алмай отыр, яғни номиналды табыс артқанымен, халықтың сатып алу қабілеті төмендеп, нақты әл-ауқаты жақсармаған. 

Халықтың сатып алу қабілетінің паритетін негізге алу керек

Экономист Айдархан Құсайыновтың пікірінше, сатып алу қабілеті ең алдымен халықтың табысына, әсіресе жалақы деңгейіне байланысты. Ал жалақы – отандық өндірістің қоятын бағасы, бағалар өз кезегінде халықтың шығынын білдіреді. Басқаша түсіндірсек, халық тауарлар мен қызметтерді сатып алады. Сол арқылы кәсіпорындар табыс тауып, жұмысшы­ларына жалақы төлейді. Осылай ақша ел ішінде айналып, экономиканы қолдап отырады.

Алайда халық негізінен импорттық тауарларды сатып алса, бұл тізбек үзіледі. Мұндай жағдайда жұмсалған қаржының азғантай бөлігі қызмет көрсету саласы мен салықтар арқылы ел экономикасында қалады да, негізгі бөлігі шетелдік өндіру­шілердің табысы мен басқа мем­лекеттердің бюджетіне кетеді.

Экономист мұны елден байлықтың сыртқа ағылуына әкелетін үрдіс деп сипат­тайды. Оның сөзіне қарағанда, Ұлттық банк­тің статистикасы бойынша мемлекеттік шығыстардағы әрбір 100 теңгенің шамамен 80 теңгесі шетелдік өндірушілерге кетеді. Демек, бұл қаржы экономикалық белсенділік арттырудың орнына басқа елдердің әл-ауқатын жақсартады. Осылайша, тұтынушы­лық шығындардың шамамен 30%-ы да шетел экономикасына жұмыс істеп жат­қанын айтады. Мұндай жағдайда халықтың әл-ауқатын, табысын және сатып алу қабіле­тін тұрақты арттырып отыру қиын. Шығын көлемін арттырып, жағдайды уақытша жақ­сартуға болады. Бірақ қаржы азайған сәтте бәрі бұрынғы қиын қалпына қайта түседі.

«Шикізаттың, несиенің, сауда үсте­ме­сінің немесе салықтардың бағасын арзандату жөніндегі ұсыныстар түбегейлі мәселені шешпейді. Біріншіден, бұл нарық қағида­ларына сәйкес келмейді. Екіншіден, кез келген арзандату бір тарапқа пайда әкелсе, екінші тарапты шығынға батырады. Комму­налдық тарифтер мен экспортқа қойылған шектеулер осының айқын мысалы», – дейді сарапшы.

Сондықтан оның пікірінше, егер эко­­но­миканың мұнай мен металл сек­торынан басқа көптеген саласы әлсіз болса, онда мәселе жекелеген нарықтағы кемшіліктерде емес, жалпы экономикалық жүйенің өзінде. Елдер арасындағы баға деңгейін салыстыруға мүмкіндік беретін негізгі макроэкономи­калық көрсеткіш – сатып алу қабілетінің паритеті. 

Айта кетейік, халықтың сатып алу қа­біл­етінің паритеті дегеніміз – әрбір елдегі өмір сүру құнының айырмашы­лықтарын ескере отырып, экономиканың нақты көлемін бағалайтын көрсеткіш. Халықаралық валюта қорының осы көрсеткіш бойынша жариялаған тізімі бар. Бір қызығы, біздің жағдайымыз ол жерде соншалық әлсіз емес. 2025 жылды қорытындылап берген рейтингте Қазақстан Сингапурдан кейін 35-орында тұр. Онда ел экономикасының көлемі 973 млрд доллар деп көрсетілген. Ал рейтингті Қытай (43,49 трлн доллар) мен АҚШ (31,82 трлн доллар) бастап тұр.

Ербол ТҰРЫМБЕТ

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:120
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Маусым 2026 23:59
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

24 Қыркүйек 2026 10:15see115

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

24 Қыркүйек 2026 09:59see115

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

24 Қыркүйек 2026 10:12see114

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

24 Қыркүйек 2026 10:12see114

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

24 Қыркүйек 2026 10:16see114

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

24 Қыркүйек 2026 11:03see113

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

24 Қыркүйек 2026 10:34see113

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

24 Қыркүйек 2026 10:20see112

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

24 Қыркүйек 2026 10:19see112

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

24 Қыркүйек 2026 10:08see111

Жемісті жеті жыл

24 Қыркүйек 2026 10:10see111

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

24 Қыркүйек 2026 09:58see110

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

24 Қыркүйек 2026 10:21see110

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

24 Қыркүйек 2026 10:19see110

Қазақстанда түнгі жарыстармен және шулы көліктермен күресудің жаңа тәсілі ұсынылды

24 Қыркүйек 2026 10:18see109

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

24 Қыркүйек 2026 10:13see109

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

24 Қыркүйек 2026 10:11see108

Астанада автомобиль иесін суға батыра жаздады онда нақты не бұзылуы мүмкін еді?

24 Қыркүйек 2026 10:21see107

Белінен ұстап, сипалаған: Шымкентте жеткіншекке қол жүгірткен 56 жастағы көршісі сотталды

24 Қыркүйек 2026 10:33see105

YTO Қазақстандағы инвестициялық ауқымын кеңейтуге дайын: Қазпошта мен қытайлық компания Almaty Sky Hub жобасын жүзеге асыру қарқынын арттырады

24 Қыркүйек 2026 10:08see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары