Б. Нетаньяху президенттен рақымшылық сұрады
24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Израиль халқы Тель-Авив көшелеріне шықты. Жиылған жұрт президент резиденциясы жанына жиналды. Олар премьер-министр Биньямин Нетаньяхудың рақымшылық жасау туралы өтінішін қабылдамауды талап етіп жатыр.
«Израиль үкімет басшысы жемқорлық пен алаяқтық жасады және қызметін асыра пайдаланды», – дейді ел. Президент кеңсесінің мәліметі бойынша өтініш Нетаньяхудың жеке жазған хаты мен қорғаушысы жолдаған 111 беттік құжаттан тұрады. Ол хатында «аптасына үш рет сотқа бару мемлекетті басқаруға кедергі келтіреді», – деп жазған. Израиль президенті сотталғандарға рақымшылық жасауға құқығы бар. «Ал тергеу аяқталмаған күдіктіге мұндай шешім қоғамның мүддесіне сай деп танылса ғана қабылдануы мүмкін», – дейді сарапшылар.
Ронит Левин-Шнур, сарапшы:
- Егер Нетаньяхуға рақымшылық жарияланса, Израильде тәуелсіз сот бар, барлығы заңға бағынады деу қиын болады. Бұл Израиль мемлекетінің демократиялық тұрақтылығына нұқсан келтіруі мүмкін. Саяси тұрғыдан алғанда Нетаньяхуға рақымшылық жасалса, ол келесі сайлауда да премьер-министр ретінде қызметін жалғастыруға мүмкіндік алады.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:40
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Желтоқсан 2025 11:41 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















