BaiQymyz 2026 фестивалінде 56 тонна қымыз ұсынылады
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
11-12 шілде күндері Астанадағы «Қазанат» ипподромында ұлттық мәдениет пен қазақтың дәстүрлі тағамдарын насихаттауға арналған BaiQymyz-2026 гастрономиялық фестивалі өтеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Екі күнге жоспарланған ауқымды іс-шарада келушілер ұлттық тағамдардан дәм татып, қазақтың салт-дәстүрімен, қолөнерімен және өнерімен жақынырақ таныса алады. Фестивальдің басты ерекшелігі – қонақтарға 56 тонна қымыз ұсынылады.
Бағдарлама аясында суретшілер мен қолөнершілердің көрмелері ұйымдастырылып, ұлттық ат спорты ойындары көрсетіледі. Сондай-ақ балалар мен ересектерге арналған түрлі танымдық және ойын-сауық шаралары өткізіледі.
Фестивальдің әр күні еліміздің танымал өнер жұлдыздарының қатысуымен өтетін гала-концертпен қорытындыланады.
BaiQymyz-2026 – еліміздегі оқиғалық туризмнің маңызды жобаларының бірі. Фестиваль Туризм және спорт министрлігі бекіткен 2026 жылғы республикалық туристік іс-шаралар күнтізбесіне енгізілген және Ұлттық оқиғалар күнтізбесінің зәкірлік іс-шараларының қатарына кіреді. Бұл оның еліміздің туристік әлеуетін ілгерілетудегі жоғары мәртебесін айқындайды.
Іс-шара ұлттық мәдени мұраны сақтауға және кеңінен насихаттауға, гастрономиялық туризмді дамытуға, сондай-ақ Астана мен жалпы Қазақстанның туристік тартымдылығын арттыратын жаңа туристік оқиғаларды қалыптастыруға бағытталған.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:93
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Шілде 2026 17:20 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















