Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu
BaiQymyz 2026 фестивалінде Заң мен тәртіп акциясы өтті

BaiQymyz 2026 фестивалінде Заң мен тәртіп акциясы өтті

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

 Іс-шара құқықтық сауаттылықты арттыруға, құқық бұзушылықтардың және есірткі қылмысының алдын алуға бағытталды, деп хабарлайды Aikyn.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Акцияға Астана қаласының прокуратурасы, Полиция департаментінің өкілдері, еріктілер, сондай-ақ көпшілікке таныс Тәртіпбек пен Тазабек маскоттары қатысты. Олар фестиваль қонақтарымен кездесіп, заң талаптарын сақтаудың маңызын түсіндіріп, ақпараттық буклеттер мен жадынамалар таратты.

Іс-шара барысында есірткінің зияны мен оның заңсыз айналымының алдын алу мәселесіне ерекше назар аударылды. Еріктілер тұрғындарға есірткінің қауіптілігі туралы айтып, оған қарсы іс-қимыл жолдарын түсіндірді. Сонымен қатар қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде заманауи технологиялардың мүмкіндігін көрсететін робот-ит таныстырылып, келушілердің ерекше қызығушылығын тудырды.

Астана қаласы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бөлімінің бастығы Әлия Қибатқызының айтуынша, мұндай акциялар халыққа маңызды профилактикалық ақпаратты қарапайым әрі түсінікті түрде жеткізуге мүмкіндік береді.

Оның сөзінше, фестиваль барысында полиция, прокуратура және еріктілер бірлесіп «Заң мен тәртіп» қағидатын насихаттап, есірткінің зияны туралы ақпараттық-түсіндіру жүргізуде. Сондай-ақ арнайы баннерлерде есірткіні тарату немесе қолдану деректері туралы хабарлауға болатын жасырын сенім телефондарының нөмірлері орналастырылған.

Акцияның тағы бір ерекшелігі – ашық микрофон алаңы. Мұнда келушілер құқықтық нормалар, қоғамдық тәртіп, есірткінің зияны және басқа да мәселелер бойынша өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан жауап алды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар құқықтық мәдениетті нығайтуға, қауіпсіздік мәселесіне жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға және мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы өзара байланысты дамытуға ықпал етеді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:89
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Шілде 2026 15:29
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары