Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Бірнеше жол апатын жасаған: Қазақстан азаматы шетелде полициядан қашты

Павлодарда шенеуніктер 400 млн теңгеге жуық бюджет қаражатын тиімсіз жұмсамақ болған

Мұнай мен ядролық қару үшін күрестегі тең нәтиже сарапшы Иран мен АҚШ меморандумы туралы

Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы күрт өзгереді: шаңды дауыл мен аптап ыстық күтіледі

Қару жарақ, миллиондар және шекарадағы кептеліс: ҰҚК Түркістан облысындағы ҰҚТ ның жолын кесті

Қазақстандықтар шекті деңгей көтерілгеннен кейін зейнетақы жинақтарын алудың жолын тапты

Астана салқындайды, Алматыны аптап ыстық басады 23 25 маусымға арналған болжам

Астанада тұрғын үй кешеніндегі өрт сөндіріліп жатыр

ЕАЭО дан тыс елдерден қызанақ әкелуге уақытша тыйым енгізілді

Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында дала өртеніп жатыр

Әл Фарабидегі жол апаты: Прокурор күдіктіні 10 жылға соттауды сұрады

Ұлыбритания премьер министрі Кир Стармер отставкаға кетті

Әлеуметтік желілердегі арандатушылық үшін қатаң жаза бар бас прокуратура үндеуі

Қазақстанда ішкі сауда бойынша Алматы мен Астана көш бастап тұр

Атырау облысында​ ТЖМ ұшағы жолға қонады: қозғалыс уақытша тоқтайды

Басқа көлікке ауыстырып тиейді: полиция логистика саласындағы алаяқтық туралы ескертті

Еуропалық комиссия басшысы қазақстандықтар үшін жақсы жаңалықты хабарлады

Атырау облысында қонатын жер іздеген швейцариялық байкерлер қызық жағдайға тап болды

Құтқарушылар Көлсай көлінде жарақат алған туристке көмек көрсетті

​Катардағы алып газ кешенінде жарылыс болды: ондаған жаралы, із‑түзсіз кеткендер бар

Балалар спортындағы бетбұрыс: Қазақстанда бұл саланы реформалау қалай жүріп жатыр

Балалар спортындағы бетбұрыс: Қазақстанда бұл саланы реформалау қалай жүріп жатыр

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Балалар спортындағы маңызды өзгерістер

Мемлекет басшысы 16 наурызда туризм саласын қолдау және балалар спорты туралы заңға қол қойды.

Жаңа түзетулерге сәйкес, қаржыландыру қағидасы айтарлықтай өзгереді. Егер бұрын қаражат спорт мекемелерінің сметасына қарай бөлінсе, енді бұл процесс бала санына тікелей байланысты болады.

Туризм және спорт министрлігі бұл өзгерістер мен шешімдердің маңызы зор екенін айтады. Бұл бағытта балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерін жан басына шаққандағы норматив бойынша қаржыландыру тәртібі енгізіледі.

Шахматтан ҚР мемлекеттік жаттықтырушысы Дастан Қапаев жаңашылдықтың басты ерекшелігіне тоқталды.

– Бұрын спорт мектептерінің бюджеті мекеменің беделі мен штаттық кестесіне қарап белгіленетін. Енді қаржы әр балаға бөлінетін болады. Әрине, осылайша жүйенің мәнін өзгереді. Қазір басты орында мекеменің есебі емес, жас спортшы мен оның жеткен нәтижесі тұрады, – дейді сарапшы.

Балалар спортына қанша бюджет құйылады?

Реформаның ең маңызды тұсы – қаржының еселеп өсуі.https://kaz.inform.kz/news/balalar-sportin-karzhilandiru-kolem-ek-esege-zhuik-artadi-turizm-zhane-sport-ministrlg-2c5dc1/ Егер бұрын бір балаға жылына 233 мың теңге бөлінсе, енді бұл сома екі есеге жуық артып, 415 мың теңгеге жетті.

Мемлекет бұрынғы қаржы көлемі жаттығу сапасын да, секциялардың қолжетімділігін де толық қамтамасыз ете алмағанын мойындап отыр. Жаңа модельде ақша балаға байланады, демек, мекемелер тәрбиеленушілерді жаттықтыруға ынталы болады.

Туризм және спорт министрлігінің ресми мәлімдемесінде бұл тәсіл бюджеттің ашықтығын қамтамасыз етіп, балалар мен жасөспірімдер спортының өрісін кеңейтетіні атап өтілген.

Сарапшылар бюджеттің ұлғаюына қатысты мәселенің практикалық жағына да баса назар аударады. «Қазақстан хоккей федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің балалар мен жасөспірімдер жарыстарын өткізу бөлімінің басшысы Петр Белыйдың айтуынша, спорт – ғылыми жаңалықтар мен тың әдістемелер үнемі енгізіліп отыратын қарқынды сала.

Спортшылардың тактикалық, физикалық және психологиялық дайындығы жетіліп, технологиялық шешімдер мен жаңа құрал-жабдықтар, киім-кешектер де жиі жаңарады. Бұның бәрі қомақты қаржыны талап етеді.

– Қабылданған шешім – балалардың спорттық шеберлігін шыңдау үшін сапалы дайындық пен қажетті жабдықтарды қамтамасыз етудегі маңызды кезең. Сонымен қатар қаржы көлемін жүйелі түрде арттыру, спорттық ұйымдарды қаржыландыру тетігін одан ары жетілдіру, сондай-ақ бөлінген қаржының жұмсалуы мен көрсетілетін қызмет сапасын тиісті құрылымдар тарапынан қатаң бақылауға алу сияқты шартты сақтау қажет, – деп атап өтті сарапшы.

Дастан Қапаев та бұл пікірмен келіседі. Оның айтуынша, қаржыландырудың екі есеге өсуі – алға жасалған үлкен қадам.

– Бұл қаражат балалар спортының негізгі қажеттіліктерін жабуға толық жетеді. Ең бастысы сапалы спорттық киімдер мен құрал-жабдықтарды сатып алу мүмкіндігі болады. Бұған қоса оқу-жаттығу жиындары мен жарыстарға қатысу шығындарын жүйелі түрде жоспарлауға тиімді. Өзге өңірлердегі турнирлерге бару – спортшының дамуы үшін өте маңызды, ал бұрын мектептер бұл үшін жиі демеуші іздеуге мәжбүр болатын, – деп түсіндірді ол.

Бүгінгі таңда Қазақстанда 526 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істейді, онда 398 342 бала шынығады. Жаттығу процесін 15 мыңнан астам жаттықтырушы жүргізеді, ал спортқа қабылдаудың ең төменгі жасы 5 жастан басталады.

Бұл цифрлар жүйенің ауқымын көрсеткенімен, оның артында басқару саласындағы үлкен жүктеме тұр. Жүзден астам мекеме, ондаған мың маман және 400 мыңға жуық бала бірыңғай стандарттарды, ашық есептілікті және республика деңгейіндегі үйлесімді жұмысты қажет етеді.

Қазіргі таңда халықтың спортпен шұғылдану деңгейі 41,4 пайызға немесе 8,4 млн адамға жетті. Оның 5,1 млн-ы – балалар мен жасөспірімдер, бірақ олардың тек 30 пайызы ғана спортпен жүйелі түрде айналысады. Бұл дегеніміз – өсу әлеуетіміз әлі де жоғары. Балалардың шамамен 70 пайызы ұйымдасқан спорт ортасынан тыс қалып отыр.

Дастан Қапаев бұл мәселенің ұзақ уақыт бойы басты кедергі болғанын айтады.

– Халықтың бұқаралық спортқа деген сұранысы артқанымен, материалдық база мен дайындық әдістемелері өткен онжылдықтардың деңгейінде қалып қойды. Жан басына шаққандағы қаржыландыру – қоғамның сапа мен қолжетімділікке қатысты сұранысына берілген жауап, – дейді мемлекеттік жаттықтырушы.

74 млрд теңге қайда жұмсалады?

Реформаны жүзеге асыру үшін 2026–2028 жылдарға 74 млрд теңге қарастырылған. Бұл соманың 1,8 млрд теңгесі жаттықтырушыларға қосымша ақы төлеуге бағытталса, қалған бөлігі инфрақұрылымды дамытуға, спорттық киім-кешек пен құрал-жабдықтарды сатып алуға, оқу-жаттығу жиындары мен жарыстарды өткізуге бөлінеді.

Мұндай шешім мемлекет спорттың толыққанды экожүйесіне инвестиция салуға талпынып жатқанын көрсетеді.

– Қаржыландыру материалдық-техникалық базаны дамытуға, жаттығу процесін қамтамасыз етуге және жаттықтырушылар құрамының біліктілігін арттыруға жұмсалады, – деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі.

Сонда да инфрақұрылым мәселесі әлі де болса ең әлсіз тұстардың бірі болып қалмақ. Елде 25 мыңға жуық спорт нысаны бар, бірақ олардың тек 20 пайыздайы ғана заманауи стандарттарға сай келеді. Жыл сайын 90-100 жаңа нысан іске қосылғанымен мәселені толық шешпейді.

Бапкерлердің еңбегін бағалаудың жаңа жүйесі

Реформаның тағы бір маңызды бағыты – жаттықтырушыларға берілген басымдық. Жүйенің негізін құрайтын 15 мыңнан астам маманның біліктілігіне соңғы нәтиже тікелей байланысты.

– Осы заң аясында балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері жаттықтырушы-оқытушыларының еңбекақысын көтеру шаралары жүзеге асырылып жатыр. Олардың жалақысы лауазымдық ақысының 30 пайызы көлемінде өседі. Қосымша ақы біліктілік тестілеуінен өткен және оқу-жаттығу процесін ұлттық стандарттарға сай жүргізетін мамандарға беріледі, – деп түсіндірді Туризм және спорт министрлігінің баспасөз хатшысы Балым Адамиденова.

Сарапшы Петр Белый соңғы жылдары саланың басты мәселесі білікті кадрлардың тапшылығы екенін айтады. Оның пікірінше, бұл ең алдымен жалақының төмендігі мен мамандарға түсетін жүктеменің ауырлығына байланысты еді. Тиісінше қабылданған заң бұл жағдайды өзгертуі тиіс.

– Жалақының өсуі жаттықтырушы мамандығының мәртебесін арттырады, жас мамандарды тартуға қосымша серпін береді және кадрлардың коммерциялық секторға немесе шетелге кетіп қалуын ішінара тоқтатады, – деп атап өтті ол.

Дастан Қапаев та жаттықтырушылардың жалақысын көтеру мамандарды сақтап қалу үшін жасалған өте маңызды қадам екенін айтады.

– Тек еңбекақыны көтеру ғана емес, бұл заң жаттықтырушыларды кәсіби тұрғыдан да өсуге ынталандырады. Үстемеақы біліктілік пен шәкірттерінің нәтижесіне тікелей байланысты. Осылайша спорт мектептеріндегі жаттықтырушы мамандығы мәртебелі әрі қаржылық тұрғыдан тұрақты болады. Құрал-жабдықтар мен инфрақұрылымның жаңаруымен қатар, бұл жаттықтырушылар үшін қолайлы орта қалыптастырады, – дейді Дастан Қапаев.

Спорттағы теңсіздік – өткеннің еншісінде

Көрсеткіштердің жалпы өсуіне қарамастан, өңірлік теңгерімсіздік әлі де шешімін таппаған мәселе. Қалаларда балаларды спортпен қамту деңгейі 40 пайыздан асса, ауылдық жерлерде бұл көрсеткіш 22–25 пайыз төңірегінде құбылып тұр.

Бұған инфрақұрылымның тапшылығы, жаттықтырушылардың аздығы және көлік қатынасының қиындығы себеп. Қаржы бөлінген күннің өзінде, осы факторлар балалардың секцияларға баруына кедергі келтіреді. Сарапшының айтуынша, жаңа модель бұл мәселені толықтай дерлік шеше алады.

– Жан басына шаққандағы норматив бірыңғай стандарт ретінде белгіленетінін түсіну маңызды. Бұл теңсіздік мәселесін реттейді. Бала елордада тұра ма, әлде шалғай ауданда ма – маңызды емес, мемлекет оған белгілі бір көлемде қолдау көрсетуге кепілдік береді. Қосымша шығындардың Республикалық бюджет комиссиясы тарапынан мақұлдануы – дотациядағы аймақтарда да қолдаудың тұрақтылығын қамтамасыз етеді, – деп атап өтті Дастан Қапаев.

Цифрландыру – заңсыздыққа тосқауыл

Реформаның жеке бір бөлігі цифрландырумен тығыз байланысты. Бұрын бұл жүйеде балалардың келмеуі, тізімге адам қосу, төлемдердің кешігуі, тіпті қылмыстық істерге дейін жететін заң бұзушылықтар кездесетін.

Жаңа модель есепке алудың цифрлық платформасын енгізуді көздейді. Бұл жүйе нақты уақыт режимінде балалардың қатысуын, қаражаттың қозғалысын және бағдарламалардың тиімділігін бақылауға мүмкіндік береді.

– Кез келген реформаның өзіндік тәуекелдері болады, бірақ дәл осы заң цифрландыру арқылы оған мықты тосқауыл қойып отыр. Бірыңғай ақпараттық жүйелерді енгізу (бұрынғы Artsport-тың қателіктерін ескере отырып) әр баланы ЖСН арқылы тексеруге жол ашады. Деректердің ашықтығы мен операторлардың қаржылық есептілігіне міндетті аудит жүргізу – жүйені ескі «қағазбасты» есептен гөрі айла-шарғылардан әлдеқайда сенімді қорғайды, — дейді сарапшы.

Бұған дейін ArtSport платформасындағы жағдай туралы талай жазған болатынбыз. Бастапқыда балаларды спорт пен шығармашылыққа жаппай тарту құралы ретінде басталған жоба ауқымды заңсыздықтарға тап болды. Тізімде тіпті өмірден өткен жандар, жалған секциялар мен іс жүзінде көрсетілмеген қызметтер тіркелді. Бірқатар өңірде қылмыстық істер қозғалып, шығын көлемі ондаған миллион теңгені құрады. Нәтижесінде платформа жабылды. Бұл – тиімді әкімшілендіру болмаса, жақсы әлеуметтік бастаманың қалай жемқорлық көзіне айналатынына айқын мысал болды.

Бүгінде 670 мың қазақстандық ұлттық спорт түрлерімен айналысады, оның 450 мыңы – балалар. Бұл бағыт мәдени саясаттың бір бөлігі және жастарды тәрбиелеу құралы. Балалар спорты тәртіпті қалыптастырып, жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізуіне септігін тигізеді.

Қазақстандағы балалар спортының реформасы дайындық сапасын арттыру және қаржыландырудың ашықтығын қамтамасыз ету секілді бір мезгілде бірнеше міндетті шешуге бағытталған. Алайда ең басты мәселе – жүйенің бұл қағидаларды іс жүзінде қаншалықты тиімді жүзеге асыра алатындығында болып отыр.

Мемлекет қаржылық және институттық базаны күшейтіп жатқанда, реформаның түпкі нәтижесі – жаңа ережелердің ірі қалалардан бастап ең шалғай аудандарға дейін қаншалықты жүйелі жұмыс істейтініне байланысты болмақ.

Айта кетейік, бұған дейін Қарағандыда балалар спортына бөлінген қаржы жымқырылғанын жазған едік.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:133
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Наурыз 2026 09:50
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Бірнеше жол апатын жасаған: Қазақстан азаматы шетелде полициядан қашты

22 Маусым 2026 15:57see118

Павлодарда шенеуніктер 400 млн теңгеге жуық бюджет қаражатын тиімсіз жұмсамақ болған

22 Маусым 2026 11:05see116

Мұнай мен ядролық қару үшін күрестегі тең нәтиже сарапшы Иран мен АҚШ меморандумы туралы

22 Маусым 2026 10:33see115

Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы күрт өзгереді: шаңды дауыл мен аптап ыстық күтіледі

22 Маусым 2026 16:05see115

Қару жарақ, миллиондар және шекарадағы кептеліс: ҰҚК Түркістан облысындағы ҰҚТ ның жолын кесті

22 Маусым 2026 13:35see113

Қазақстандықтар шекті деңгей көтерілгеннен кейін зейнетақы жинақтарын алудың жолын тапты

23 Маусым 2026 11:27see112

Астана салқындайды, Алматыны аптап ыстық басады 23 25 маусымға арналған болжам

22 Маусым 2026 14:37see112

Астанада тұрғын үй кешеніндегі өрт сөндіріліп жатыр

23 Маусым 2026 12:23see111

ЕАЭО дан тыс елдерден қызанақ әкелуге уақытша тыйым енгізілді

23 Маусым 2026 11:37see111

Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында дала өртеніп жатыр

22 Маусым 2026 18:49see110

Әл Фарабидегі жол апаты: Прокурор күдіктіні 10 жылға соттауды сұрады

22 Маусым 2026 11:58see110

Ұлыбритания премьер министрі Кир Стармер отставкаға кетті

22 Маусым 2026 16:37see110

Әлеуметтік желілердегі арандатушылық үшін қатаң жаза бар бас прокуратура үндеуі

23 Маусым 2026 12:04see109

Қазақстанда ішкі сауда бойынша Алматы мен Астана көш бастап тұр

23 Маусым 2026 12:03see109

Атырау облысында​ ТЖМ ұшағы жолға қонады: қозғалыс уақытша тоқтайды

22 Маусым 2026 15:06see109

Басқа көлікке ауыстырып тиейді: полиция логистика саласындағы алаяқтық туралы ескертті

23 Маусым 2026 12:03see109

Еуропалық комиссия басшысы қазақстандықтар үшін жақсы жаңалықты хабарлады

23 Маусым 2026 20:05see109

Атырау облысында қонатын жер іздеген швейцариялық байкерлер қызық жағдайға тап болды

22 Маусым 2026 13:35see109

Құтқарушылар Көлсай көлінде жарақат алған туристке көмек көрсетті

22 Маусым 2026 09:56see108

​Катардағы алып газ кешенінде жарылыс болды: ондаған жаралы, із‑түзсіз кеткендер бар

22 Маусым 2026 15:06see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары