Балам терезеден құлап кетті : елордада әйел әріптестерін алдап, Түркияда демалып қайтқан
Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
АСТАНА, 13 қазан - Sputnik. Елорда тұрғыны ойдан шығарылған оқиға айтып, әріптестерін алдаған, деп хабарлайды Polisia.kz.
Астанада полиция қызметкерлері 31 жастағы әйелді жеке пайдасы үшін әріптестерінің сенімін теріс пайдаланғаны үшін жауапкершілікке тартты.
"Декреттік демалыста жүрген әйел өз басшысына хабарласып, ойдан шығарылған қайғылы оқиға туралы айтқан. Ол баласы терезеден құлап, жансақтау бөлімінде жатыр деп мәлімдеген. Әріптестері жанашырлық танытып, ем-домға көмек ретінде ақша жинап берген", - деп жазылған хабарламада.
Алайда көп ұзамай шындық анықталды. Әріптестерінің бірі оның жұбайына хабарласып, жағдайды сұрағанда, ер адам баласының аман-есен екенін айтып, әйелінің айтқан сөзін жоққа шығарған.
Тексеру барысында әйелдің жиналған қаражатты жеке қажетіне жұмсағаны, соның ішінде Түркияға демалысқа барғаны анықталды.
Алаяқтық дерегі бойынша құқық қорғау органдары жедел тексеріс жүргізіп, күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғады.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:116
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Қазан 2025 00:02 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















