Балидегі ертегідей демалыс турист үшін басталмай жатып, айқын емес қателік салдарынан аяқталды
Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Индонезияның танымал Бали аралындағы көптен күткен демалыс турист қыз үшін басталмай жатып аяқталды. Депортациялауға бір қарағанда зиянсыз көрінген әрекет себеп болған - қыз иммиграциялық бақылау кезегінде тұрып, Telegram-да қысқаша видеохабарлама жазған, деп хабарлайды Tengri Travel.
Оқиға қыз әлеуметтік желіде бейнеүндеу жариялап, басқа саяхатшыларға режимдік аймақтарда телефон қолдану қауіпті екенін ескерткеннен кейін көпшілікке белгілі болды.
Не болды?Зардап шегушінің айтуынша, оқиға аралға ұшып барған бойда болған. Иммиграциялық бақылау аймағындағы кезек созылып кеткендіктен, ол өзімен бірге келген серігіне хабарласуды жөн көрген.
"Мен Балиге ұшып келдім. Алда көптен күткен демалыс, мұхит, жаңа әсер күтіп тұрған еді. Бірақ оның орнына мені үйге қайтарғалы жатыр!" - деп жазды автор.
Ол төлқұжат бақылау аймағында 40 минуттай тұрғанын және алдағы кезекті бағамдай келе, бұл рәсім тағы кем дегенде бір жарым сағатқа созылатынын түсінген. Турист қыздың құрбысы ол кезде тексерістен өтіп, оны сыртта күтіп тұрған.
"Сол кезде мен күніне жүз рет жасайтын үйреншікті нәрсені істеуді ұйғардым! Телефонымды шығарып, Telegram-ды аштым да, оған видеохабарлама жаздым. Небәрі бірнеше секунд! Әлі кезекте тұрғанымды көрсетіп, мені күте тұруын сұрадым", - деп түсіндірді жазба авторы.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Қауіпсіздік қызметі мен иммиграциялық полиция өкілдерінің реакциясы көп күттірген жоқ. Түсірілім дерегін әуежайда орнатылған бейнебақылау камералары тіркеп алғаны белгілі болды.
"Маған полиция қызметкерлері келді. Кезектен шығарып алды. Жеке бөлмеге апарды. Төлқұжатымды алып қойды! Артынша төбемнен жай түскендей мына сөзді естідім: "Отырып күтіңіз. Қазір сізді кері депортациялаймыз!" - деп сипаттады турист болған жайтты.
Қыз оқиғаның бұлай өрбитінін мүлдем күтпесе керек. Оның айтуынша, ол аралға жаңа ғана ұшып келген және мұндай ауыр салдарға нақты не себеп болғанын түсінбеген.
Турист қыздың басынан өткен жағдай жергілікті заңнамамен реттелген. Индонезияда иммиграциялық рәсімдерді өткізу ережелері мен бақылау аймақтарындағы тәртіп мемлекеттік нормативтік актілермен қатаң қадағаланады.
Атап айтқанда, шетелдік азаматтардың келу және кету рәсімі Peraturan Menteri Hukum dan HAM Nomor 9 Tahun 2024 (Индонезия Республикасының аумағына кіретін немесе шығатын адамдарға иммиграциялық бақылау жүргізу тәртібі туралы Әділет және адам құқықтары министрлігінің 2024 жылғы № 9 регламенті) құжатымен белгіленеді.
Бұл құжат ел аумағына кіретін және шығатын адамдарға қатысты иммиграциялық бақылау тәртібін реттейді.
Нормативтік акті сипаттамасына сәйкес, Индонезия шекарасын кесіп өтетін барлық адам иммиграциялық бақылау пункттерінде тиісті лауазымды тұлғалардың тексерісінен өтуі тиіс. Атап айтқанда, мұндай пункттерге теңіз порттары, әуежайлар және шекара өткелдері жатады.
Заңнамаға сәйкес, әуежайлардың халықаралық аймағы мен иммиграциялық бақылау пункті ерекше қауіпсіздік режиміндегі нысанға жатады. Олардың аумағында арнайы рұқсатсыз кез келген фото және видео түсірілім жасауға қатаң тыйым салынған - бұл адамның өзін түсіруіне, тікелей эфир жүргізуіне немесе жақындарына қысқаша хабарлама жазуына қарамастан қолданылады.
Өз оқиғасын қорытындылай келе, қыз туристерді сақ болуға және оның қателігін қайталамауға шақырып, мұндай режим әлемнің барлық дерлік әуежайында қолданылатынын еске салды.
"Бұл жағдай Балиде болды, бірақ кез келген әуежайда түсірілім жасауға болмайды. Бұл режимдік нысан. Тіпті өзіңізді түсірсеңіз де! Құрбыңызға видеохабарлама жіберсеңіз де! Тек видео жазып алғыңыз келсе де!" - деп атап өтті ол.
Турист барлық рәсімді толық аяқтағанға дейін гаджеттерді пайдаланудан бас тартуға кеңес берді.
Тағы оқыңыз: Такси үшін 15 миллион: қазақстандықтың Балиге сапары қыруар қаржыға түсті
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:103
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Қазан 2026 22:37 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















