Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

Бас редакторлар клубы мен Қорғаныс министрлігі ынтымақтастық меморандумын жасады

Бас редакторлар клубы мен Қорғаныс министрлігі ынтымақтастық меморандумын жасады

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Ұлттық әскери-патриоттық орталықта «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігі мен Қорғаныс министрлігі арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Құжат медиа қауымдастық пен мемлекеттік сектор арасындағы орнықты серіктестікті қалыптастыруға, сондай-ақ әскери тақырыпты кәсіби әрі жауапты түрде жариялауды дамытуға бағытталған. Меморандумға Бас редакторлар клубының президенті, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Бибігүл Жексенбай және Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары, вице-адмирал Серік Бурамбаев қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Талқылауға Бас редакторлар клубының мүшелері - жетекші республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары, сондай-ақ Қорғаныс министрлігінің ақпарат және коммуникациялар, тәрбие және идеологиялық жұмыс, ұйымдастыру-мобилизациялық бағыт, әскери білім және ғылым салаларына жауапты құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері қатысты. Ел өңірлеріндегі бас редакторлар кездесуге онлайн форматта қосылды.

Кездесу барысында Бибігүл Жексенбай меморандумға қол қою мемлекеттік орган мен медиа қауымдастық арасындағы сенімді нығайтуға бағытталған саналы қадам екенін айтты.

«Президент бірнеше рет атап өткендей, биліктің ашықтығы мен қоғаммен адал диалог – орнықты мемлекеттің негізі. Осы тұрғыда кәсіби медиа қауымдастықтың рөлі айрықша. Ақпараттық кеңістікте жауапкершілік, дәлдік пен мазмұн стандарттарын айқындайтын – бас редакторлар», деді Б.Жексенбай.

Бас редакторлар клубының президентінің айтуынша, өзара іс-қимылдың жаңа форматы жекелеген байланыстардан жүйелі жұмысқа, ал кейінгі реакциядан – алдын ала ойластырылған, мазмұнды диалогқа көшуге мүмкіндік береді.

Өз кезегінде вице-адмирал Серік Бурамбаев қоғамда Қарулы күштерге қатысты қалыптасқан кейбір стереотиптердің әлі де сақталып отырғанына назар аударып, армия, әскери қызметшілер және олардың елге қызметі туралы сапалы әрі сұранысқа ие контент қалыптастырудың зор әлеуеті бар екенін атап өтті:

«Бүгінде ар-намыс, борыш, отансүйгіштік секілді негізгі құндылықтарды қоғамдық дискурсқа қайта енгізу аса маңызды. Бұл мемлекет пен медиа қауымдастықтың бірлескен күш-жігерін, Қарулы күштердің қызметін фактілерді бұрмаламай, безендірмей, адал әрі кәсіби түрде жариялауды талап етеді», деді вице-адмирал.

Қол қойылған меморандум Қорғаныс министрлігінің қызметкерлеріне арналған оқыту бағдарламаларын іске асыруды, семинарлар, шеберлік сабақтары, тағылымдамалар мен баспасөз турларын өткізуді көздейді. Сондай-ақ әскери тақырыпты БАҚ-та жариялауды жетілдіру жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, Бас редакторлар клубының сараптамалық кеңесін қалыптастыру және оның салалық медиа жобаларға, оның ішінде «Әскер медиа» конкурсына қатысуы жоспарланған.

Кездесу барысында медиа қауымдастық өкілдері ынтымақтастықты дамыту жөніндегі ұсыныстарын білдірді. Өз бастамаларын MNU университетінің Халықаралық журналистика мектебінің атынан медиаменеджер Бақыт Шойынбек ұсынды.

«Қазақ газеттері» ЖШС Бас директорының орынбасары Қамбар Ахметов:

«Біздің басылымдар Қазақстан Республикасының Қарулы күштерімен ұзақ жылдар бойы тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеп келеді. Меморандум жүйелі жұмысты жолға қоюға және заманауи ақпараттық форматтарды енгізуге негіз қалайды», деп атап өтті.

«Литер» газетінің бас редакторы Жанна Ойшыбаева:

«Біз үшін армия туралы кәсіби әрі аудиторияға түсінікті тілде айту маңызды. Меморандумға қол қою ашық диалогқа жаңа мүмкіндіктер ашады», деді.

Кездесу қатысушылары «Egemen Qazaqstan», «Казахстанская правда» және «Литер» басылымдары Қазақстан Республикасының Қарулы күштерімен көп жылдан бері ынтымақтастық орнатып келе жатқанын атап өтіп, ақпараттық өзара іс-қимылдың жаңа форматтарын дамытуға дайын екендіктерін білдірді.

Өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының бас редакторлары да меморандум аясында белсенді әрі сындарлы ынтымақтастықты қолдайтындарын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар

Қызылордада мас жүргізушілер 1 жылда 763 рет құқық бұзған

Қоғам • Бүгін, 17:20

Қазақстанда сирек металдарды барлаудың жаңа стандарты енгізіледі

Үкімет • Бүгін, 17:13

Мемлекеттік архивтерге «Ұлттық» мәртебе беріледі

Қоғам • Бүгін, 17:00

Астанада 14 млрд теңгеге заманауи зертханалық кешен салынады

Елорда • Бүгін, 16:51

ЛГБТ насихаты үшін салынатын айыппұл көлемі белгілі болды

Оқиға • Бүгін, 16:40

Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 24 трлн теңгеден асты

Экономика • Бүгін, 16:32

2025 жылы ел экономикасы қалай өзгерді?

Экономика • Бүгін, 16:22

Мемлекет басшысы Жапонияның Премьер-министрі Санаэ Такаичимен келіссөз жүргізді

Президент • Бүгін, 16:15

Пайдалы қазбалардың 103 түрі мен 10 мыңға жуық кен орны мемлекеттік есепке алынған

Экономика • Бүгін, 16:01

Жапония Премьер-министрінің офисінде Қасым-Жомарт Тоқаевты қарсы алу рәсімі өтті

Президент • Бүгін, 15:52

18–20 желтоқсан аралығында елімізде қар жауып, боран соғады

Ауа райы • Бүгін, 15:45

Мирас Мұқаш: Әскер беделін арттыратын туындылар керек

Қоғам • Бүгін, 15:28

«Отанды сүю – жүректен» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Мәдениет • Бүгін, 15:01

Қазақстанда самокатпен жүру ережелері қатаңдады

Қоғам • Бүгін, 14:56

Бас редакторлар клубы мен Қорғаныс министрлігі ынтымақтастық меморандумын жасады

Әскер • Бүгін, 14:43

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:233
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Желтоқсан 2025 17:45
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see119

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see116

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see116

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see115

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see114

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see113

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see112

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see112

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see112

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see112

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see111

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see111

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see111

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see110

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see109

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see109

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see108

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see108

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see108

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

05 Қараша 2026 15:27see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары