Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Жемісті жеті жыл

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

Баспана берекелі отбасының басты тірегі

Баспана берекелі отбасының басты тірегі

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Ал отбасының берекелі өмір сүруінің басты алғышартының бірі – баспаналы болу. Сондықтан тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі тек әлеуметтік саясаттың ғана емес, отбасы құндылықтарын нығайтудың да маңызды тетігіне айналып отыр. Қазақстанда халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған мемлекеттік саясат аясында тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізіліп, әлеуметтік тұрғыдан осал санаттағы азаматтарды баспанамен қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінуде. Осы бағыттағы жүйелі жұмыстардың жарқын үлгісі Шымкент қаласында айқын көрініс табуда.

Бүгінде үшінші мегаполисте тұрғын үй құрылысы мен тұрғындарды баспанамен қамту жұмыстары кешенді түрде жүзеге асырылып келеді. Қалада жаңа шағынаудандар бой көтеріп, инженерлік инфрақұрылым дамытылып, әлеуметтік қолдау тетіктері жетілдірілуде. Мұның бәрі тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартып қана қоймай, отбасы­лардың болашаққа деген сенімін нығайтуға ықпал етуде.

ӘРБІР ОТБАСЫ ҮШІН ҚОЛЖЕТІМДІ БАСПАНА

2026 жылдың соңына дейін Шымкентте 7 386 пәтерді пайдалануға беру жоспарланған. Оның құ­рамына жалдамалы және несиелік тұрғын үй­лер енгізілген. Жыл басынан бері 2 865 отбасы жаңа баспанаға қол жеткізіп, өз шаңырағының табалдырығын аттады. Бұл көрсеткіштер тұрғын үй саясатының жүйелі түрде жүзеге асып жатқанын көрсетеді. Әсіресе әлеуметтік жағынан қолдауды қажет ететін азаматтарға басымдық берілуі – мем­лекеттік саясаттың басты қағидаларының бірі. Жуыр­да қалада тағы 40 отбасыға жаңа пәтердің кілті табысталды. Жалға беру және кейіннен сатып алу құқығымен ұсынылған тұрғын үйлер Бозарық шағынауданында орналасқан. Заманауи талаптарға сай салынған көпқабатты үйлер қажетті инженерлік инфрақұрылыммен толық қамтамасыз етілген.

Жаңа баспананың иелері қатарында көпбалалы және толық емес отбасылар, мүгедектігі бар аза­маттар, ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар, сондай-ақ жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған азаматтар бар. Бұл – әлеуметтік әділеттілік қағидатын жүзеге асыру­­дағы маңызды қадамның бірі.

Әрбір табысталған пәтер отбасының жаңа өмір бастауы, балалардың қауіпсіз әрі жайлы ортада өсіп-жетілуіне жасалған мүмкіндік – ертеңгі күнге деген сенімнің белгісі.

ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ – БОЛАШАҚҚА САЛЫНҒАН ИНВЕСТИЦИЯ

Жас отбасылардың баспаналы болуы – мем­лекеттің демографиялық және әлеуметтік сая­сатының маңызды бағыты. Осы мақсатта Шымкентте жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы жалғасуда. Бағдарлама мерзімі аяқталған азаматтарды жеңілдетілген «Қамқор» бағдарламасы арқылы тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіліп келеді. Қазір аталған бағдарлама аясында 565 отбасы өз баспанасына қол жеткізді.

Бұл бастама жастардың еңбек етуіне, отбасын құруына және тұрақты өмір сүруіне қолайлы жағдай жасап отыр. Баспаналы болған жас мамандардың қалада тұрақтап қалуына, еңбек нарығында белсенді қызмет етуіне және балаларын қауіпсіз ортада тәрбиелеуіне мүмкіндік артады. Шымкентте тұрғын үй қатынастарын басқару саласында цифрлық технологиялар да кеңінен енгізілуде.

Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы жалдамалы пәтерлер бойынша төлемдерді цифрландыру жү­зе­ге асырылып, қарыздарды өндіріп алу және мо­ни­торинг жүргізу жүйесі жетілдірілді. Сонымен қа­тар тұрғын үйді жалдау ақысын субсидиялау бағ­­дарламасы аясында талаптардың сақталуына тұрақты бақылау жүргізілуде.

Жыл басынан бері мемлекеттік тұрғын үйді жекешелендіру және тұрғын үй сертификаттарын беру бағытында да бірқатар мемлекеттік қызмет көрсетіліп, әлеуметтік санаттағы азаматтарға нақ­­ты қолдау жасалды. Бұл жұмыстар тұрғын үй саясатының ашықтығын қамтамасыз етіп, мемле­кеттік қолдаудың шынайы мұқтаж азаматтарға же­туіне ықпал етеді.

ҚАУІПСІЗ ӘРІ ЖАЙЛЫ ӨМІР СҮРУ ОРТАСЫ

Баспана салумен ғана шектелмей, қолданыстағы тұрғын үйлердің сапасын жақсарту бағытындағы жұмыстар да назардан тыс қалған жоқ. Көпқабатты тұрғын үйлерді жаңғырту бағдарламасы аясында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ескі лифтілер кезең-кезеңімен жаңартылуда. Сонымен қатар тұрғын үй қорын басқару сапасына, лифт қауіпсіздігіне және газ жабдықтарын пайдалану талаптарының сақталуына тұрақты мониторинг жүргізіледі. Газ қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақ­сатында тұрғын үйлерді аралау, түсіндіру жұмыс­тарын жүргізу және қауіпті жабдықтарды анықтау ісі де жүйелі түрде ұйымдастырылып келеді.

Мұндай жұмыстар тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, жайлы әрі қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыруға бағытталған. Қазір отбасы институтын нығайту тек әлеуметтік төлемдермен немесе жеңілдіктермен ғана өлшен­бейді. Ол тұрғындардың тұрақты жұмыспен қам­тылуы, қолжетімді баспанамен қамтамасыз етілуі, қауіпсіз өмір сүру ортасының қалыптасуы және балалардың сапалы ортада тәрбиеленуімен тығыз байланысты.

Шымкентте жүзеге асырылып жатқан тұрғын үй саясаты дәл осы мақсаттарға қызмет етеді. Әрбір пайдалануға берілген тұрғын үй, әрбір табысталған пәтер кілті, әрбір жаңғыртылған көпқабатты үй – қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты күшейтіп, отбасылардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған нақты қадам.

Отбасы – мемлекеттің іргетасы. Ал берік от­басы ең алдымен өз шаңырағының астында қалып­тасады. Сондықтан тұрғын үй саясатын тиімді жү­зеге асыру құрылыс саласын дамыту емес, қо­ғам­дағы отбасылық құндылықтарды нығайтып, ел­дің әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз етудің маңызды тетігі болып қала береді.

Назгүл НАЗАРБЕК,

Шымкент қаласы

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:161
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Тамыз 2026 04:13
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

24 Қыркүйек 2026 10:15see148

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

24 Қыркүйек 2026 09:59see146

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

24 Қыркүйек 2026 10:11see145

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

24 Қыркүйек 2026 10:19see145

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

24 Қыркүйек 2026 10:12see143

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

24 Қыркүйек 2026 19:41see143

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

24 Қыркүйек 2026 19:09see139

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

24 Қыркүйек 2026 10:08see138

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

24 Қыркүйек 2026 10:12see138

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

24 Қыркүйек 2026 10:16see138

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

24 Қыркүйек 2026 10:13see137

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

24 Қыркүйек 2026 12:48see137

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

24 Қыркүйек 2026 11:03see136

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

24 Қыркүйек 2026 10:34see136

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

24 Қыркүйек 2026 09:58see135

Жемісті жеті жыл

24 Қыркүйек 2026 10:10see135

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

24 Қыркүйек 2026 18:58see135

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

24 Қыркүйек 2026 10:20see135

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

24 Қыркүйек 2026 10:19see133

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

24 Қыркүйек 2026 10:21see133
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары