Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Что мы вдыхаем? Жители Усть Каменогорска получили доступ к данным о качестве воздуха

Әділет партиясы тау кен металлургия кешенінің тұрақты дамуына бағытталған жүйелі шешімдер әзірлейді

Павлодар облысында жас қызбен жыныстық қатынас үшін сотталған жігіт түрмеде өлі табылды

Қазақстан отын экспортына шектеуді күшейтті

Енем өзімнен бес жас қана үлкен : әнші Бүркіт отбасы туралы айтты (видео)

Путин Қызыл алаңда Минин мен Пожарский ескерткішіне гүл шоғын қойды видео

Ұлттық ғылым академиясында II халықаралық Shoqan Forum басталды

Возвращение короля. Зачем глава Иордании снова приехал в Казахстан

2027 жылы көп адамның бетпердесі шешіледі : Көріпкел Ақгүл Әсетқызы елді елең еткізді

Меруерт Өтекешова: Қыз Жібек өмірімдегі ең үлкен мектеп

Дорожные сборы в Казахстане пересмотрят: кого коснутся изменения

Ақтаудағы мектепте мұғалімнің әдепсіздігі: оқиға салдарынан еңбек шарты бұзылды

Күліп барып, жылап шықтық... : Астанада деменцияға шалдыққан қарттарға арналған балабақша ашылды

ЖИ COVID 19 дан да жаман пандемияға әкелуі мүмкін Билл Гейтс

Астанадағы Соғым FEST жәрмеңкесінде ет арзанға сатылып жатыр

Медициналық мекемелердің әрбір бесінші басшысы аттестациядан өте алмады

Школьник высмеял опоздавшего на урок одноклассника: суд наказал его отца

Қасым Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашты

“Закажите инкассаторскую машину“: казахстанцев обманывают от имени Нацбанка

Эмомали Рахмон Қазақстандағы реформаларға жоғары баға берді

Баспана кезегіне қатысты жаңа ережелер қабылданды

Баспана кезегіне қатысты жаңа ережелер қабылданды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

2025 жылдың мамыр айынан бастап Отбасы банк тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың кезегін орталықтандырылған түрде жүргізе бастады. Сондай-ақ банк жалға берілетін және кредит арқылы ұсынылатын тұрғын үйлерді бөлуге жауапты болды. 2025 жылдың тамыз айында әкімдіктер банкке тұрғын үй кезегінде тұрған 642 мыңнан астам адамның дерегін тапсырды. Ал қазан айынан бастап осы мәліметтер базасын кезең-кезеңімен тексеру жұмыстары басталды. Тексерудің негізгі мақсаты – деректерді жаңартып, мемлекеттік тұрғын үй көмегін әділ әрі ашық түрде бөлу, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Отбасы банктің мәліметінше, келіп түскен деректерді талдау барысында бұрын толық реттелмеген жүйелік мәселелер және азаматтардың жеке жағдайларына байланысты олқылықтар анықталған. Атап айтқанда, қағаз түріндегі есептен электрондық жүйеге өткенде деректердің жоғалуы, мекенжайдың өзгеруі, мүлікте кішкене үлестің болуы, отбасы құрамын тіркеген кезде кеткен қателіктер, сондай-ақ әлеуметтік тұрғыдан осал азаматтар – жетім балалар, мүгедектігі бар адамдар және олардың заңды өкілдерінің жағдайына қатысты мәселелер.

Өтініштерді талдаған соң, Отбасы банк азаматтардың құқығын қорғау және олардың кезектен негізсіз шығарылмауын қамтамасыз ету үшін ең жиі кездесетін мәселелер бойынша бірнеше шешім қабылдады.

1. Мекенжайды ауыстырғаны үшін кезектен шығару (әсіресе жетім балалар үшін)

Мәселе: Мектеп бітіргеннен кейін жетім балалардың көпшілігі оқу немесе жұмыс мақсатында басқа қалаға көшіп, тіркеу мекенжайын өзгертеді немесе уақытша тіркеусіз қалады. Соның салдарынан тұрғын үй бөлу кезінде олар бойынша «бөлу мүмкін емес» деген жауап беріліп келген.

Шешім: Енді бұл санаттағы азаматтар үшін олардың қазіргі тіркеу орны емес, тұрғын үй кезегіне алғаш тұрған аймағы негізге алынады. Осылайша, жетім балалар мемлекеттік тұрғын үй қолдауын кезекке тұрған өңірі бойынша ала алады.

2. Тіпті, аз ғана тұрғын үй үлесінің болуы қолдау алуға кедергі келтіретін

Мәселе: Бұрын азаматтың тұрғын үйде аз ғана үлесі болса да (мысалы, ата-анасының жекешелендірілген пәтеріндегі үлесі), ол жеңілдетілген ипотекаға немесе жалға берілетін тұрғын үйге үміткер болу құқығынан айырылатын.

Шешім: 2026 жылдың ақпан айынан бастап тұрғын үйдегі үлестің болуы мемлекеттік қолдау алуға кедергі болмайды. Кезекте тұрған азаматтар үлесі бар-жоғына қарамастан, жалға берілетін тұрғын үйге де, жеңілдетілген ипотекаға да қол жеткізе алады.

3. Кезекте тұрған адам сатып алу-сату келісімін бұзғаннан кейін тіркеуден шығарылатын

Мәселе: Егер адам кредиттік немесе жалға берілетін тұрғын үйден бас тартып, әкімдікпен келісімді бұзса, жүйе оны соңғы 5 жылда тұрғын үйі бар деп есептеп, тіркеу мәртебесін тоқтататын.

Шешім: Егер адам шындығында сол тұрғын үйде тұрмаған болса (ипотека алмаған немесе жалға берілетін үй жарамаған) және әкімдікпен келісімді ресми түрде бұзу туралы құжаты болса, ол адам қайтадан кезекке тұрып, мемлекеттік қолдауды ала алады.

4. Жақын туыстары жоқтығынан пәтерден бас тарту

Мәселе: Кейбір кезекте тұрғандар (жетім балалар, мүгедектігі бар адамдар) жақын туыстары жоқ немесе қажетті табысы жоқ болғандықтан, талапқа сәйкес бола алмайтын.

Шешім: Енді оларға табыссыз да талапты өтеуге; қосалқы қарыз алушылар ретінде (кепілгер ретінде) екі адамға дейін тартуға рұқсат берілді. Бұл жағдайда олардың отбасының табысы тексерілмейді.

5. Саяжайда үйі болғандықтан, мемлекеттік қолдау ала алмау

Мәселе: Саяжай мен тіркеме бөлмесі тұрғын үй ретінде саналмайтынына қарамастан, бұл жеңілдетілген ипотека бермеуге себеп болатын.

Шешім: Саяжай учаскесінде үйі бар адамдар кезекке тұра алады және мемлекеттік қолдау ала алады.

6. Кезекке қою кезінде кеткен қателіктер (қате адамды қойған)

Мәселе: Бұрын деректерді қолмен енгізу кезінде кейде қамқоршыларды тәрбиеленушілердің орнына немесе балаларды ата-ананың орнына жазып жіберген жағдайлар болған.

Шешім: Қателерді арыз, әкімдік хаты немесе сот шешімі бойынша түзетуге болады.

7. Отбасының құрамында бөтен адамдар көрсетілген

Мәселе: Кейбір кезекте тұрғандар жүйеде туыстық қатынасы жоқ адамдардың көрсетілгенін байқаған.

Шешім: Мұндай адамдар арыз және растайтын құжаттар бойынша отбасы құрамынан шығарылуы мүмкін.

8. Облыстар мен қалалардың шекарасын өзгерту

Мәселе: 2022 жылғы әкімшілік реформадан кейін кезекке тұрған аймақ туралы кей деректер ескірген.

Шешім: Кезекке тұрған аймақты арыз арқылы түзетуге рұқсат берілді.

9. Қазақстаннан тыс жердегі неке және балалардың елден кетуі

Мәселе: Шетел азаматтарымен некеде немесе балалар шетелге кеткен жағдайда жүйедегі деректер дұрыс деп саналмайтын. 

Шешім: Шетел азаматтары – жұбайлар отбасы құрамынан инвентаризация және тұрғын үйді бөлу кезінде шығарылуы мүмкін.

10. Тұрғын үйді ескірген деректер бойынша бөлу

Мәселе: kezekte.kz жүйесіндегі ескі деректерге сүйене отырып, тұрғын үйді бөлу қателіктерге әкелген. Мысалы, шын мәнінде жоқ үлкен отбасына пәтер бөлінуі немесе кезекте тұрған адамның ұзақ уақыт күтуде қалуы.

Шешім: Жалға берілетін және кредиттік тұрғын үй тек түгелдеуден өткен, яғни деректері жаңартылған адамдарға бөлінеді.

Отбасы банк өкілдері барлық шешімді Қазақстан Республикасы заңнамасы шеңберінде жүзеге асатынын, азаматтардың мүддесі мен тұрғын үй мәселесінің әлеуметтік маңызды екенін атап өтті.

«Кезектегі әр жазбаның артында отбасының өмірі, үміті барын түсінеміз. Біздің міндет – әр жағдайды әділ қарастыру. Бұрын жүйеде қателік болса, оны бүгін түзетуіміз керек. Отбасы банк халықтың мұң-мұқтажын естіп отыр   және ел тұрғындарының өмірін нақты жақсартатын шешімдер қабылдауды жалғастырады», – деп атап өтті  Отбасы банк басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.

Бұған дейін AIQYN газетінде қызылордалық көпбалалы аналардың жанайқайы жөнінде материал жарияланған еді. Қалалық әкімдікті жағалаған ақжаулықтылар тұрғын үй кезегіне қатысты жағдай ушығып тұрғанын айтып, редакцияға мұңын шаққан болатын.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:167
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Ақпан 2026 16:50
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Что мы вдыхаем? Жители Усть Каменогорска получили доступ к данным о качестве воздуха

06 Қараша 2026 19:55see140

Әділет партиясы тау кен металлургия кешенінің тұрақты дамуына бағытталған жүйелі шешімдер әзірлейді

06 Қараша 2026 17:51see137

Павлодар облысында жас қызбен жыныстық қатынас үшін сотталған жігіт түрмеде өлі табылды

06 Қараша 2026 17:53see136

Қазақстан отын экспортына шектеуді күшейтті

06 Қараша 2026 17:03see135

Енем өзімнен бес жас қана үлкен : әнші Бүркіт отбасы туралы айтты (видео)

06 Қараша 2026 21:45see135

Путин Қызыл алаңда Минин мен Пожарский ескерткішіне гүл шоғын қойды видео

06 Қараша 2026 01:33see134

Ұлттық ғылым академиясында II халықаралық Shoqan Forum басталды

06 Қараша 2026 14:29see133

Возвращение короля. Зачем глава Иордании снова приехал в Казахстан

06 Қараша 2026 14:34see130

2027 жылы көп адамның бетпердесі шешіледі : Көріпкел Ақгүл Әсетқызы елді елең еткізді

07 Қараша 2026 09:53see127

Меруерт Өтекешова: Қыз Жібек өмірімдегі ең үлкен мектеп

07 Қараша 2026 07:15see125

Дорожные сборы в Казахстане пересмотрят: кого коснутся изменения

06 Қараша 2026 14:33see124

Ақтаудағы мектепте мұғалімнің әдепсіздігі: оқиға салдарынан еңбек шарты бұзылды

06 Қараша 2026 17:20see124

Күліп барып, жылап шықтық... : Астанада деменцияға шалдыққан қарттарға арналған балабақша ашылды

07 Қараша 2026 01:50see122

ЖИ COVID 19 дан да жаман пандемияға әкелуі мүмкін Билл Гейтс

06 Қараша 2026 14:35see120

Астанадағы Соғым FEST жәрмеңкесінде ет арзанға сатылып жатыр

07 Қараша 2026 16:27see119

Медициналық мекемелердің әрбір бесінші басшысы аттестациядан өте алмады

06 Қараша 2026 18:08see119

Школьник высмеял опоздавшего на урок одноклассника: суд наказал его отца

06 Қараша 2026 16:46see118

Қасым Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашты

07 Қараша 2026 16:55see117

“Закажите инкассаторскую машину“: казахстанцев обманывают от имени Нацбанка

06 Қараша 2026 15:20see117

Эмомали Рахмон Қазақстандағы реформаларға жоғары баға берді

07 Қараша 2026 16:19see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары