Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстанда қай несие түрін алу оңайырақ

Алматыда Жандосов көшесінде қозғалысқа төртінші рет шектеу қойылды

Оралда Ұлттық ұлан әскери қызметшісі өрт кезінде екі баланы құтқарды

​Мемлекеттік аппараттағы өзгерістер: Президент бірнеше шенеунікті қызметінен босатты

Атыраудағы WeDrink қоймасынан 21 адам эвакуацияланды, олардың ішінде тоғыз бала бар

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

Мейрамбек Бесбаев жұртты таңғалдырды (видео)

Украинада әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге қаражат жетіспейді Жоғарғы Рада

Алматыда куәлігі жоқ және терезесі қараңғыланған жүргізуші қамауға алынды

Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

Құрылтай төрағасы сайланды

Жастар неге шетелге кетеді?

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

Непал мен Қытай шекарасында болған жойқын су тасқыны: Қазақстан азаматы да іздестіріліп жатыр

Қазақстандықтар қай салада көбірек жұмыс істейді инфографика

Баспананың бірыңғай кезегі: бір өкініш, бір үміт

Баспананың бірыңғай кезегі: бір өкініш, бір үміт

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

 2026 жыл­ғы 30 маусымдағы соңғы бірлескен отырысында халықты бас­па­на­мен қамтудың стратегиялық мәнге ие екеніне жеке тоқталды. 

– Елімізде түбегейлі жаңа Құрылыс кодексі қабылданды. Стра­те­гия­лық маңызы айрықша саланы ретке келтіру үшін қабылданған құ­жаттың маңызы зор. Былтыр Қазақстанда 20 миллион шаршы метр­ден астам тұрғын үй салынды. Бұл да тарихымыздағы ең жоғары көр­сет­кіш. Ең басты нә­тиже – мыңдаған отбасы баспаналы болды, – деді Прези­дент. 

Ол Үкіметке халықты баспанамен қамтудағы мәсе­ле­лерді еңсеруге ба­ғытталған шара қабылдауды жүктеді. Өз кезегінде Министрлер ка­би­неті Парламент палаталарының бірлескен отырысында айтылған Президент тапсырма­ларын жүзеге асыруға кірісіп кеткенін хабарлады. 

– Былтырғы жыл қорытындысы бойынша, барлық қар­жыландыру көз­­дері есебінен 20,1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Ха­лықтың әлеуметтік осал топтары үшін 5 141 тұрғын үй сатып алын­ды. Бұл жұмыс жал­ғасады. Өнеркәсіп жә­не құрылыс министрлігіне өңір әкімдіктерімен бірлесіп, жос­пар­лан­ған тұрғын үй көле­мінің пай­да­лануға берілуін қамтамасыз ету тап­сырылды. Ин­женерлік инф­ра­құры­­лымды уақытылы жүргізу және құ­ры­лыс жұмыстарының сапасы ерек­­ше бақылауда болады, – деп баян­дады жуырда Премьер-министр Олжас Бектенов.

Ұлттық статистика бюросының мә­ліметіне жүгінсек, құрылыс қар­қы­нының баяулай бастағаны бай­қа­лады. Статорганның дерегінше, 2026 жылғы қаңтар-мамырда пай­да­лануға берілген тұрғын үйлердің жал­пы алаңы 2025 жылғы қаңтар-ма­мырмен салыстырғанда 4,5% кө­бейді. Салыстыра кетсек, өткен жыл­дың қаңтар-мамыр айларында ел игілігіне тапсырылған тұрғын үй­­­­­лер­дің жалпы алаңы 2024 жыл­да­ғы­дан 5,7%-ға өскен-тін. 

Биылғы бес ай қорытындысында рес­публика бойынша жалпы көлемі  6 миллион 293,4 мың шаршы метр тұр­ғын үй іске қосылды. Оның ішін­де 4 миллион 223,1 мың шаршы мет­рі – көппәтерлі. Қалған 2 мил­лион 50 мың шаршы метрі – жеке үй­лер және коттедждер. Тұрғын үй­лердің едәуір бөлігін немесе 6 мил­лион 94,7 мың шаршы метрін же­ке құрылыс компаниялары енгізді не­месе азаматтардың өзі салған. Яғ­ни олардың нарықтағы үлесі 96,8%. Өзгесі – мемлекеттік кәсіпорын­дар­дың тұрғызғаны. Бір қызығы, жыл ба­сынан бері қазақстандықтар өзі са­тып алған жер учаскелеріне өз бе­тін­ше 2 миллион 136,2 мың шаршы метр­ді құрайтын баспана салып алып­ты. Демек, халыққа тегін жер та­рат­са және ол аудардарды сумен, жа­рықпен, жылумен, телеко­м­му­ни­кация­мен жабдықтаса, жетімбұрыш жа­ғалаған жұрт баспанамен өзін-өзі қам­тамасыз ете алар еді. 

Құрылыста рекорд, бірақ мәселе шешілмеді

Халықты қолжетімді баспанамен қам­ту және азаматтардың тұрмыс жағдайын жақсарту – мемлекеттің басты стратегиялық басымдығының бірі. Мемлекет басшысының «Әді­лет­ті Қазақстан – бәріміз және әр­кім үшін. Қазір және әрдайым» атты тұ­ғырнамасына сәйкес жеті жыл ішін­де 111 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған. Бұл 1 мил­лион­нан астам отбасыны жаңа пә­тер­мен қамтамасыз етуге тиіс.

Экономист, экс-сенатор Бекбол Орын­басаров тұрғын үй құрылысы эко­номиканы кез келген дағда­рыс­тан шығарып, елдің бүкіл саласына қуат­ты мультипликативтік әсер ете­тінін жеткізді. Алайда оның пайым­дауынша, қазіргі қаржыландырудың жүйелі тапшылығы бұл стратегиялық мақсатқа қол жеткізуге қауіп төнді­ріп тұр.

– Жуырда жаңа Бюджет кодек­сі­нің қолданысқа енгізілуіне бай­ла­нысты, бұған дейін елді мекендердегі республикалық даму бюджеті есе­бі­нен қаржыландырылып келген іс-ша­ралар 2026-2028 жылдарға ар­нал­ған жалпы сипаттағы трансферттер ба­засына, жергілікті жерлерге бе­ріл­ді. Тек жалпымемлекеттік маңызы бар аса маңызды нысандар үшін ға­на қаржыландыру қалды. Жаңа жүйе­ге көшу өңірлердің нақты қа­жеттілігі мен бөлінетін қаражат ара­­­­­сындағы айтарлықтай алшақ­тық­ты күшейтті. Бұл инженерлік инф­рақұрылымды қаржыландыру тап­шылығына әкеп соқты, – дейді сарап­шы. 

Қазіргі кезде бұл саладағы нақты қа­жеттілік 184 млрд теңгеден асып кет­кен көрінеді. Ал 2026 жылы жал­пы сипаттағы трансферттер шең­берін­де желілерді дамытуға небәрі 26,6 млрд теңге бөлінген. Бұл терең ал­шақтық жаңа алаңдарды, тіпті тұ­тас аудандарды құрылыс жүргізуге дайындауды айтарлықтай тежейді. Ин­женерлік желілерді дамытудың ке­шігуі салдарынан құрылыс жо­ба­лары қымбаттап, ондағы баспана ха­лыққа қолжетімсіз болып қалады. Экономист бүгінде елде дайын­дал­ған жер учаскелерінің өткір тап­шы­лы­ғы барын жасырмады. Бұл тұрғын үй мен инфрақұрылымдық нысан­дар­ды іске қосудың жоспарлы кө­р­сет­кіштерінің бұзылу қаупін төн­ді­ре­ді.

Мұның сыртында Бекбол Орын­ба­саров «халықтың әлеуметтік осал топ­тарын баспанамен қамту қар­қы­ны­ның қауіпті түрде баяула­ға­нына» на­зар аудартты. 2026 жылға жалпы си­паттағы трансферттерден қарас­ты­рылған 72 млрд теңге көлеміндегі қа­ражат небәрі 3,5 мыңға жуық пә­тер сатып алуға мүмкіндік береді екен. Былтыр 5,1 мың болған.

Өнеркәсіп және құрылыс ми­нистр­лігінің ресми мәліметінше, 2024 жылы Қазақстан бойынша 650 мың қазақстандық тұрғын үй кезе­гінде тұрыпты. Алайда оның тек 255 мыңы халықтың әлеуметтік осал топтарынан болған екен. Сондықтан Үкімет жалпыреспубликалық бірың­ғай тұрғын үй кезегін құру бары­сын­да жаппай түгендеу жүргізіп, 300 мың­ға жуық адамның тізімнен шы­ғарылатынын жариялады. Тиісінше, үй кезегіндегілердің жартысы, 350 мың отбасы ғана қалуға тиіс еді. Бірақ бүгінде, 2026 жылғы 13 шіл­де­де­гі жағдай бойынша баспанаға мұқ­таж ретінде кезекте тұрған жан­дар­дың жалпы саны 947 779 мыңнан асып кетіпті. Тұтастай алғанда, 1 мил­­лион 830 мыңнан астам қазақ­стан­дық басында панасы жоқтығына шағымданып, үй кезегіне тұруға өті­ніш тапсырып үлгерді.  

Бұл ретте әлеуметтік желіде және жауап­ты мекемелерге бағытталып жат­қан арыз-шағымдарда жұртшы­лық қаптаған мерекелер мен мара­пат­таулар кезінде талапқа сай кел­мей­тін, баспанасы бар немесе заң бойынша тұрғын үй алуға өтініш беру­ге құқығы жоқ тұлғалардың да үй кілтін алып кетіп жатқанына нұс­қайды. 

Қалай болғанда, сарапшылар қар­жыландырудың қазіргі мардым­сыз көлемінде бұл кезек қарқынды түрде ілгері жылжымайтын айтып, да­был қақты. Бұл көпбалалы және то­лық емес отбасылардың, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдардың заңды на­разылығын тудырады. Елеулі іл­герілеушіліктің болмауы қоғамдағы әлеу­меттік шиеленісті күшейтіп, қа­зіргі тұрғын үй саясатын түбегейлі қай­та қарауды талап еткен ұжымдық өті­ніштер мен арыз-шағым легін арт­тыруы мүмкін. 

Сарапшылардың пікірінше, қа­лыптасқан дағдарысты еңсеру және жыл сайын жалдамалы тұрғын үйді ша­мамен 20 мың пәтер деңгейінде іс­ке қосу үшін Үкімет тарапынан же­дел, үйлесімді және жүйелі шара­лар қажет. Құрылыс секторын қар­жы­­­­ландыру тәсілдерін өзгертпей және инфрақұрылымдық тап­шы­лықты жоймай, ұзақмерзімді перс­пективада азаматтарды баспанамен толық қамту бойынша мемлекеттің стратегиялық міндеті орындал­май­тын түрі бар. 

Үй мәселесі әкімдердің мойнына өтті

Үкімет басшысы Олжас Бекте­нов таяуда ел Парламентіне жолда­ған хатында халықты баспанамен қамту міндеті орталықтың иығынан алы­нып, жергілікті жерлерге жүк­тел­генін мәлім етті. Себебі оның тү­сіндіруінше, құрылыс секторы мен инфрақұрылымды қаржылан­дырудың ескі моделі» тым шығынды әрі «мемлекет қаржысын ұзақ мер­зім бойы ұдайы қажет етеді. 

Сондықтан жаңа Бюджет кодексі ар­қылы мемлекет өңірлердің дер­бес­тігін арттырып, орталықсыз­дан­дыру бағытын бекітті. Премьер-ми­нистр әкімдерге тұрғын үй мәселесін шешуге бизнесті жұмылдыруға, на­рықтан басқа қаржы көздерін із­деуге кеңес берді. Әйтпесе, рес­пуб­ликалық бюджет тапшылығы үй ке­зегіндегілердің өтінішін қанағат­тандыруға мүмкіндік бермейтін көрінеді. 

– Инженерлік-коммуникация­лық инфрақұрылымды дамытуға ар­налған шығыстарды республика­лық бюджеттен жалпы сипаттағы транс­ферттер базасына беру жер­гілік­ті атқарушы органдардың қара­жатты жергілікті нақты басымдықтар негізінде икемді әрі жедел бөлуін көздейді. Республикалық бюджетті қа­лыптастырғанда қаржыландыру­ды орталықсыздандыру мен өңір­лер­дің қаржылық дербестігі бойын­ша жаңа бюджеттік реформаның қа­ғидаттары ескерілетінін атап өт­кен жөн. Сондықтан инфрақұры­лым­­дық тапшылықты жедел жабу жә­не құрылыс алаңдарын дайындау үшін баламалы нарықтық құрал­дар­ды барынша белсенді пайдаланғаны орынды, – деді О.Бектенов. 

Ол биыл әкімдерге нарықтан үл­­кен көлемде қарыз алуға рұқсат етіл­­генін еске салды: «Республика­лық бюджет туралы» заңға сәйкес, әкімдіктер ала алатын борыш лимиті тарихта бұрын-соңды болмаған жо­ғары деңгейде – 7,2 триллион теңге кө­лемінде белгіленді.

Үкіметтің 2025 жылғы 28 ма­мыр­дағы №385 қаулысымен өңірлер іш­кі нарықта мемлекеттік бағалы қа­ғаз­дар шығару арқылы қарыз тар­та алатын мақсаттардың тізбесі ай­қын­далды. Бұл тізбеге жылу, электр, су­мен жабдықтау және су бұру желі­ле­рін салу, жаңғырту және күрделі жөн­деу, сондай-ақ тұрғын үйді са­тып алу мен салу енгізіліпті.  

– Осының нәтижесінде әкімдік­тер­де орталықтан тікелей қаржы­лан­дыруды күтпей, өз кепілдіктері­мен инфрақұрылымды дамытуға қарыз капитал тарту үшін қажетті құрал­дар мен қаржылық лимиттер бар. Халықты баспанамен қамту үшін «Қазақстандық тұрғын үй ком­паниясы» АҚ-ын ұзақмерзімді қор­лан­дыру, осы мақсатта Ұлттық қор қа­ражатын жұмсау туралы ұсыныс­тар қаралды, бірақ қабылданбады. Ұлттық қор қаражатының жинақтау және тұрақтандыру функциялары бар. Заңнама қор активтері есебінен заңды тұлғаларды кредиттеуге және қазақстандық эмитенттердің ішкі қаржылық құралдарын сатып алуға тікелей тыйым салады. Ерекшелік тек қаржыландырудың баламалы көз­дері мүлдем болмаған кезде және тек ел Президентінің тікелей шешімі бойынша жалпы ел үшін маңызы бар жобаларды іске асыру үшін ғана жа­салады, – деді Олжас Бектенов.  

Ол Мемлекет басшысы Ұлттық қор активтерін 100 млрд долларға дейін жеткізу міндетін қойғанын ес­ке салып, Үкіметтің ең қатаң қар­жы­лық тәртіпті сақтайтынын және қор резервтерін кеңінен пайдалану­ды шектейтінін мәлімдеді.  

Ал кезекте тұрған және табысы ең тө­менгі күнкөріс деңгейінен ас­пай­тын адамдарға көмек көрсету үшін Үкімет жекеменшіктегі пәтер­лер­ді жалдау ақысын тікелей субси­дия­лау тетігін қолданбақ: ол бойын­ша мемлекет ай сайынғы пәтер жал­дау құнының 50%-ын бюджеттен өтей­ді. Табысы тұрақты, бірақ әлеу­меттік осал азаматтарға – мөл­шер­лемесі 7%-дан басталатын «Наурыз», мүгедек адамдарға, жетім балаларға, көп­балалы отбасыларға – «2-10-20» сияқ­ты әлеуметтік ипотекалық бағ­дар­ламалар іске қосылғаны алға тар­тылды.

Сонымен қатар кезекте тұрған­дарға әкімдіктер ипотеканың бас­тап­қы жарнасының бір бөлігін жа­буға арналған 1,5 млн теңгеге дейінгі өтеусіз тұрғын үй сертификаттарын береді. Бұдан бөлек, заңнамаға ен­гізілген түзетулер тұрғын үйді бөлу­дің нақты басымдықтарын бекітті: мем­лекет салған немесе сатып алған бар­лық пәтердің 70%-ы енді тек ең мұқ­таж, әлеуметтік осал санаттағы аза­маттарға үлестіріледі. Қорыта айт­қанда, бюджет тапшылығы ушы­ғып тұрған жағдайда Үкімет мұқтаж азаматтарды қолдау үшін қолында бар, қолжетімді экономикалық те­тік­терді ғана пайдалануға мәжбүр.

Елдос Сенбай

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:88
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Шілде 2026 06:47
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстанда қай несие түрін алу оңайырақ

27 Тамыз 2026 16:19see148

Алматыда Жандосов көшесінде қозғалысқа төртінші рет шектеу қойылды

27 Тамыз 2026 14:49see147

Оралда Ұлттық ұлан әскери қызметшісі өрт кезінде екі баланы құтқарды

27 Тамыз 2026 13:10see146

​Мемлекеттік аппараттағы өзгерістер: Президент бірнеше шенеунікті қызметінен босатты

27 Тамыз 2026 14:11see144

Атыраудағы WeDrink қоймасынан 21 адам эвакуацияланды, олардың ішінде тоғыз бала бар

27 Тамыз 2026 14:10see142

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

27 Тамыз 2026 20:58see142

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

27 Тамыз 2026 21:56see134

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

28 Тамыз 2026 01:40see128

Мейрамбек Бесбаев жұртты таңғалдырды (видео)

27 Тамыз 2026 21:25see125

Украинада әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге қаражат жетіспейді Жоғарғы Рада

27 Тамыз 2026 20:39see125

Алматыда куәлігі жоқ және терезесі қараңғыланған жүргізуші қамауға алынды

27 Тамыз 2026 19:41see125

Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

27 Тамыз 2026 21:10see122

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

27 Тамыз 2026 21:52see119

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

28 Тамыз 2026 13:04see118

Құрылтай төрағасы сайланды

28 Тамыз 2026 15:13see116

Жастар неге шетелге кетеді?

27 Тамыз 2026 13:10see116

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

28 Тамыз 2026 10:51see115

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

28 Тамыз 2026 18:15see113

Непал мен Қытай шекарасында болған жойқын су тасқыны: Қазақстан азаматы да іздестіріліп жатыр

27 Тамыз 2026 17:28see113

Қазақстандықтар қай салада көбірек жұмыс істейді инфографика

27 Тамыз 2026 18:39see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары