Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

Құрылтай төрағасы сайланды

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты

Президент Құрылтай алдындағы міндеттерді белгіледі

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

Павлодарда ағаш астындағы кәстрөлден 24 миллион теңге табылды

Батыс Қазақстанда шаруалар жем шөптен тарықпауы үшін не істелуі керек

Батыс Қазақстанда шаруалар жем шөптен тарықпауы үшін не істелуі керек

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

- Рүстем Мүлкәйұлы, облыс көлемінде малды алдағы қыстан аман алып шығу үшін қам жасалды ма? 

- Бұл жыл сайын атқарылатын жұмыстар ғой. Дегенмен Батыс Қазақстан облысында соңғы жылдары қуаңшылық жиілеп, табиғи жайылым мен шабындықтардың өнімділігі азайып отырғанын аңғаруға болады. Киік мәселесі де бар. Тіпті өткен жылы бірнеше оңтүстік ауданда төтенше жағдай жарияланып, шаруалар мен мал ұстаған тұрғындарға мемлекет тарапынан қолдау көрсетілгені белгілі. Әйтсе де жыл сайын бюджетке салмақ түсіруге болмайтыны түсінікті.

Мұндай жағдайда мал басын сақтап қалу және шаруашылықтың тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін жем-шөп қорын алдын ала жоспарлау, жер ресурстарын тиімді пайдалану, оған қоса ғылыми тәсілдерді енгізу аса маңызды. 

- Сонда не істей аламыз, негізгі бағыттарға тоқталсаңыз?

- Ең алдымен жайылымдарды тиімді пайдалану керек деп есептеймін. Ол үшін ауыспалы жайылым жүйесін енгізу қажет. Жайылымды бірнеше учаскеге бөліп, кезекпен пайдалану өсімдіктің қайта көктеуіне мүмкіндік береді. Бұл жайылымның тозуын азайтып, жалпы өнімділігін арттырады. Жайылымды көбіне 4–8 бөлікке бөледі. 4 бөлік – ең қарапайым жүйе. Әр бөлікті 1 маусымда кемінде бір рет тынықтыруға мүмкіндік береді. Малды бір бөлікке 10–20 күн жайып, әр бөлік кемінде 30–40 күн тынығуы керек. Бұл – шөптің қайта көктеп, жайылым өнімінің түсімін қалпына келтіруге жететін уақыт.

Фото: БҚО ауыл шаруашылығы басқармасы

Жайылымдарды қоршауға электронды бақташы, шарнир қоршауларын пайдалануға болады. Бұл үшін жұмсалған шығындардың 25-50 пайызға дейін сомасы субсидия түрінде мемлекеттен қайтарылады.

Екіншіден, маусымға қарай басқаруға көңіл бөлген дұрыс. Көктемде өсімдік әлсіз болғанда, жүктемені азайтып, жаз және күз айларында жайылымды толық пайдалану – мал азығын табиғи жолмен арттырудың бір тәсілі. Мәселен, өңірімізде ауыл шаруашылығы жануарларының 1 басына жайылымдар ауданының нормасы: ірі қараға 9 га, қой-ешкіге 1,7 га, ал жылқыға 10,8 га қажет болса, жүктемені 30–40 пайызға азайту ұсынылады.

Үшіншіден, су көздері мен инфрақұрылымды жақсарту мәселесі күн тәртібінен түспейді.

Жайылымды кеңінен игеру үшін құдықтар, ұңғымалар, су айдау жүйелері, шағын резервуарлар қажет. Қазіргі уақытта мал елді мекендер, өзендер айналасында шамадан көп шоғырланып, ол жердің тозуына әкеліп соғуда. Сондықтан, шалғайдағы жайылымдарды тиімді пайдалану мақсатында инфрақұрылыммен қамту (құдық, ұңғыма, су айдау жүйелері) маңызды. Құдық, ұңғыма құру жұмыстарына жұмсалған шығындардың 50 пайызға дейін сомасы субсидия түрінде төленеді.

- Шабындықтар өнімділігін арттырмайынша, қажетті жем-шөп қорын жинау қиын. Бұған не айтар едіңіз?

- Ең алдымен жерді дұрыс күтіп-баптаған жөн. Жерге уақытылы агротехникалық жұмыстар жүргізу, яғни тырмалау, арналарды тазалау шөптің біркелкі және қалың шығуына әсер етеді.

Сондай-ақ мүмкіндік болған жағдайда шағын суару жүйелерін пайдалану шабындық өнімін 2–3 есеге дейін арттырады.

Фото: БҚО ауыл шаруашылығы басқармасы

Жері жартылай шөлейт аймаққа жататын өңірде тұратын шаруалар өнімді шөп түрлерін енгізу қажеттігін түсінеді деп ойлаймын. Құрғақшылыққа төзімді судан, волоснец, донник, эспарцет, түйежоңышқа, еркекшөп сияқты сорттарды егу протеинге бай, сапалы пішен дайындауға мүмкіндік береді.

Тыңайтқыш қолданбай, көздеген межеге жету қиын. Өйткені органикалық және минералдық тыңайтқыштар топырақ құнарын көтеріп, өнім көлемін айтарлықтай ұлғайтады.

Жасыл орақ науқаны әдетте жазда басталып, қара күзге дейін созылады. Кейде шабу мерзімі дұрыс таңдала бермейді. Шын мәнісінде бұршақ тұқымдастарды гүлдеу басында, дәнді шөптерді масақтану кезеңінде шабу олардағы қоректік заттардың барынша сақталуын қамтамасыз етеді.

Шөпті сапалы сақтауға назар аудармауға болмайды. Құрғақ шөп, пішендеме және сүрлем дайындауда ылғал мөлшерін сақтау жемнің бұзылуын азайтады.

Қазақстан Республикасы Жем-шөп өндірісінің өзектендірілген жол картасына сәйкес келесі жылдан бастап елді мекендер айналасындағы жайылымдық жерлерді жақсарту шаралары көзделген. Дәлірек айтқанда, аталған жол картасы бойынша Бөкей ордасы, Жәнібек, Казталов аудандарында елді мекендер айналасындағы жайылымдық жерлерді жақсарту бағытында жұмыстарды жүргізу жоспарлануда. 

- Соңғы кезде өңірде екпе шөп пен мал азықтық дақылдар көлемін арттыруға бетбұрыс жасалғаны байқалады. Бұл да сапалы жем-шөппен қамтудың бір жолы ғой?

- Иә, солай. Облыста мал азықтық дақылдар алқабы 2024 жылы 200 мың га болса, биыл 209 мыңға жеткізілді. Соның ішінде 40,6 мың гектары – бір жылдық шөп, 2,1 мың гектары – сүрлемдік жүгері, 166 мың гектары – көпжылдық шөп (мұның 147,9 мыңы өткен жылдары егілген).

Егіс жұмыстарымен айналысу үшін шаруашылықтарға қомақты қаражат көздері қажет.

Фото: БҚО ауыл шаруашылығы басқармасы

Шаруаларға қаражатқа деген қолжетімділікті арттыру мақсатында өткен жылдан бастап көктемгі егіс пен күзгі жиын-терім жұмыстарын 5 пайыздық жылдық мөлшерлемемен жеңілдетілген несиемен қаржыландыруға арналған «Кең дала», «Кең дала-2» бағдарламалары жұмыс істей бастады. Несие сомасы егіншілік және егін жинау, соның ішінде тұқым, тыңайтқыш, жанармай алу, агротехникалық шараларға дейін егістік пен дала жұмыстарына қажетті шығындарға жұмсала алады. Егер фермерде жеткілікті кепіл мүлік болмаса, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы несиенің 85 пайызына дейін кепілдік беріледі. Бұл шағын және орта шаруашылықтар үшін маңызды. 

2024 жылы бағдарлама аясында 248 жобаға сәйкес 11,5 млрд теңге несие беріліп, шаруалар соны пайдаланды. 

- Кез келген дақылдың өнімділігі оның тұқымына байланысты емес пе? 

- Әрине, тұқым шаруашылығын жақсартудың маңыздылығы күмән тудырмайды. Батыс Қазақстанда мал азықтық дақылдар тұқымын өндірумен «Орал ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС айналысады. 

Бұдан бөлек, нақты тәжірибеде екпелі шөптерді егумен айналысатын, алдағы уақытта осы азықтық дақылдардың тұқымымен қамтылуды арттыру мақсатында арнайы аттестациядан өтіп, тұқым шаруашылығы мәртебесін алуға ниетті агроқұрылымдар бар. Атап айтқанда, «Ганиев Г.» және «Боранбаев» шаруа қожалықтары осы бағытта жұмыстануда.

- Ал, суармалы жерлер қалай пайдаланылуда?

- Өткен жылы барлығы 12 441 гектар алқап суарылды, бұл өткен жылғыдан (10 160 га) 2 мыңнан астам гектарға артық. Соның ішінде 11 713 гектарға су үнемдеу технологиялары (жаңбырлатып – 10 116 га, тамшылатып суару – 1 597 га) қолданылды. 

Су үнемдеу технологияларын пайдалану арқылы мал азықтық дақылдар, картоп пен көкөніс-бақша дақылдарының егіс алқаптары ұлғайып келеді. Суарылған алқаптың 6 764 (2024 жылы – 5 209 га) гектарына мал азықтық, 2 531 (2024 жылы – 1 702 га) гектарына картоп, көкөніс пен бақша дақылдары және 3 146 (2024 жылы – 1 743 га) гектарына дәнді дақылдар егілді.

Осыдан шаруалардың суармалы жерлерде екпелі шөптерді егуге мән беретінін атап өтуге болады. Облыс бойынша мал азықтық дақылдар егісіне қажетті тұқым жергілікті шаруалар өндірген тұқым есебінен және республиканың басқа өңірлерінен әкелу арқылы қамтамасыз етіледі. 

Фото: "Жайық Пресс" ЖШС мұрағатынан

Қорыта айтқанда, Батыс Қазақстан облысы жағдайында жем-шөп мәселесі жыл сайын өзекті болып отыр. Оның шешімі - жайылымды тиімді пайдалану, шабындықтардың өнімділігін арттыру және екпе шөп пен мал азықтық дақылдар көлемін көбейту. Бұл бағыттарды жүйелі түрде іске асырған шаруашылықтар қуаңшылық жылдары да малын аман сақтап, өндірістің тұрақтылығын қамтамасыз ете алады. 

- Сонымен, алдағы мал қыстағына қажетті жем-қоры бар деп есептеуге болады ма?

- Облыс аумағында ауа райының жайлы, жылы болуына байланысты мал қыстаққа әлі тоқтаған жоқ. Сондай-ақ соңғы айда жауын-шашын мөлшері көп түсіп, жайылымдағы малға қоң жинауға септігін тигізуде. 

Мал азығын дайындау науқаны барысында облыста 5 717,1 мың га шабындық шабылып, облыстағы орташа өнімділігі 3,3 ц/га құрап, 1 888,8 мың тонна мал азығы немесе жоспардың 81,6 пайызы әзірленді. Орташа өнімділік гектарына 3,3 центнерден айналды. Өткен жылдан қалған қалдық пішенмен қоса есептегенде, барлығы 2 403,4 мың тонна шөп бар. Бұл – жалпы қажеттіліктің 103,8 пайызына тең.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда шаруалар мал қыстағына қаншалықты дайын екендігін жазған болатынбыз.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:178
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Қараша 2025 10:09
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

28 Тамыз 2026 01:40see153

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

28 Тамыз 2026 13:04see145

Құрылтай төрағасы сайланды

28 Тамыз 2026 15:13see142

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

28 Тамыз 2026 10:51see141

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

28 Тамыз 2026 18:15see138

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

29 Тамыз 2026 07:58see123

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

29 Тамыз 2026 03:27see123

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

29 Тамыз 2026 10:48see120

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

29 Тамыз 2026 04:47see120

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

29 Тамыз 2026 09:03see119

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

29 Тамыз 2026 10:48see118

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

29 Тамыз 2026 17:53see117

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

29 Тамыз 2026 14:16see114

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

28 Тамыз 2026 19:30see114

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

29 Тамыз 2026 12:10see111

Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты

28 Тамыз 2026 11:08see110

Президент Құрылтай алдындағы міндеттерді белгіледі

28 Тамыз 2026 12:32see109

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді

29 Тамыз 2026 19:10see108

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

29 Тамыз 2026 11:04see108

Павлодарда ағаш астындағы кәстрөлден 24 миллион теңге табылды

28 Тамыз 2026 19:53see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары