Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Бектенов Қазақстан Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына дайындық барысын тексерді

Бектенов Қазақстан Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына дайындық барысын тексерді

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Премьер-министр Олжас Бектенов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында индустриялық және әлеуметтік бірқатар инфрақұрылым нысанын аралады.

Орал қаласында QazExpoCentre-Pipe және «Кублей» отандық кәсіпорындарын аралау барысында Премьер-министр өңірде инвестиция тарту, АӨК-те қайта өңдеуді кеңейту, сондай-ақ Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында атап көрсеткен міндеттер шеңберінде өндіріске цифрлық технологиялар енгізу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты.

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің мәліметінше, биылғы 9 айда өнеркәсіп өнімінің көлемі 4,7%-ға өсті. Өңдеу өнеркәсібінде 20,8%-дық жоғары серпінге қол жеткізілді.

Фото: Үкімет

QazExpoCentre-Pipe алаңында Премьер-министр мұнай-газ саласына арналған сорғы-компрессорлық, қаптама және жіксіз құбырлар шығарудың технологиялық процесімен танысты. Кәсіпорынның жылдық қуаты – 40 мың тонна құбыр. Оның өнімдері еліміздің, жақын және алыс шетелдердің мұнай өндіруші және сервистік компаниялары арасында сұранысқа ие.

Фото: Үкімет

Өндірісті цифрландыру аясында өнімдерге QR кодтарын қолдану жүйесі енгізілді. Қазіргі уақытта құбырларды радиожиілік арқылы сәйкестендіру технологиялары, сондай-ақ жаһандық бақылау жүйесіне интеграциялау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Сонымен қатар өндірушінің мұнай мен газ өндірудің күрделі жағдайында жоғары герметикалық және технологиялық тиімділігін қамтамасыз ететін төл әзірлемелері бар.

Фото: Үкімет

Сондай-ақ мұнда Премьер-министрге өңірдегі ірі инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысы туралы баяндалды. 2025 жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша БҚО-ға тартылған тікелей шетелдік инвестиция көлемі $1,1 млрд-ты құраған. Аталған көрсеткіш бойынша өңір ел ішінде Алматы мен Астанадан кейін 3-ші орында тұр. Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев алдағы бес жылда 10 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін жаңа 73 инвестициялық жобаны іске қосу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Фото: Үкімет

Олжас Бектенов инвестициялық жобаларды жүзеге асыру нәтижесі азаматтардың табыс деңгейі мен өмір сүру сапасын арттыру мақсатын көздейтін жаңа жұмыс орындарының ашылуы мен экономиканы дамыту болуы тиіс екенін атап өтті. Өнеркәсіп, энергетика, инфрақұрылымдық даму, АӨК сияқты және тағы да басқа басым бағыттар бойынша инвесторлармен қарқынды жұмыс жүргізу тапсырылды.

Фото: Үкімет

«Кублей» ЖШС аумағында Премьер-министр ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу саласындағы даму қарқынымен танысты. Кәсіпорында еліміздегі консерві өнімдерінің 65%-ын өндіретін ет өңдеу кешені мен зауыт жұмыс істейді, онда 700-ден астам жұмыс орны құрылған. Компанияның өнім ассортименті бүкіл еліміз бойынша сатылатын, сондай-ақ БАӘ, Қытай, Түркия, Ресей, Қырғызстан және тағы да басқа елдерге экспортталатын 200-ден астам тауарды қамтиды. Алдағы уақытта 20 мың басқа арналған мал бордақылау алаңын салып, шикізат базасын құру жоспарланып отыр.

Осы жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша БҚО-да ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі шамамен 6%-ға өскен. Ет бағытындағы ірі қара мал басы бойынша өңір елімізде 1-ші орында тұр. 45,6 мың басқа арналған 16 бордақылау алаңы жұмыс істейді.

Олжас Бектенов ішкі нарықты отандық өніммен қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтіп, АӨК-те терең өңдеуді қарқынды дамыту қажеттігіне назар аударды.

Бүгінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілуде. Атап айтқанда, көктемгі егін егу және күзгі егін жинау жұмыстарын жеңілдетілген қаржыландыру биыл 1 трлн теңгеге дейін жеткізілді.

Салалық министрліктерге Батыс Қазақстан облысының әкімдігімен бірлесіп өңірдің әлеуетін ашу, әсіресе ауыл шаруашылығы кооперациясын және өнімді қайта өңдеу мен өткізудің жаңа тізбектерін қалыптастыру жөніндегі жұмыстарды күшейту тапсырылды. 

Жұмыс сапары аясында Премьер-министр осы жылдың 11-12 қарашасында Орал қаласында өтетін Қазақстан мен Ресейдің XXI өңіраралық ынтымақтастық форумына дайындық барысымен танысты.

Фото: Үкімет

Облыс әкімінің орынбасары Қайыржан Меңдіғалиев Президент тапсырмасымен «ҚазМұнайГаз» компаниясы салған «Жайық арена» жаңа спорт-сауықтыру кешенін мысалға келтіре отырып, өңірдегі әлеуметтік инфрақұрылымның дамуы туралы баяндады. Бұқаралық спорт түрлеріне тартылған азаматтар санын арттыру үшін облыста 22 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебін қоса алғанда, 1500-ден астам спорт нысаны жұмыс істеп тұр.

Фото: Үкімет

Жаңа спорт кешендерін, бассейндер мен алаңдарды салуға жеке инвестициялар тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Өңірде пилоттық режимде Qadam.AI жүйесін енгізу жұмыстары басталды, бұл – Қазақстанда спортты басқарудың алғашқы мультиплатформалы цифрлық экожүйесі. Жоба қаржы бөлуден бастап спортшылардың жеке нәтижелеріне дейінгі үдерістердің ашықтығын арттыруға бағытталған.

Айта кетелік Олжас Бектенов БҚО-дағы мұнай-газ кен орындарын тексерді. 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:160
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Қараша 2025 17:50
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see141

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see138

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see136

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see135

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see135

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see134

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see133

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see133

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see131

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see131

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see131

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see131

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see131

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see130

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see129

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see129

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see129

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see128

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see128

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see128
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары