Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Емханаларда ашық есік күні

Атырау тұрғындары АМӨЗ маңындағы ауа сапасын онлайн бақылай алады

Олжас Бектенов Алатау АЭА дағы жоғары технологиялық өндірістерді дамыту барысын тексерді

Олжас Бектенов Алатау АЭА дағы жоғары технологиялық өндірістерді дамыту барысын тексерді

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында берген арнайы экономикалық аймақтарды, индустриялық аймақтарды дамыту және олардың қызметінің тиімділігін арттыру есебінен өңірлердің өнеркәсіптік әлеуетін арттыру жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын тексерді.

Алматыда «Алатау» инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағын аралау барысында Үкімет басшысы жоғары технологиялық өндірістерді дамыту, локализацияларды тереңдету және АЭА инфрақұрылымын кеңейту мақсатында жүргізіліп жатқан инфрақұрылым құру жұмыстарымен танысты.

Фото: Үкімет

Арнайы экономикалық аймақты инфрақұрылым жағынан қамтамасыз ету жөніндегі жоспарлар туралы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Олжас Смағұлов баяндады. «Алатау» инновациялық технологиялар паркі» АЭА жоғары технологиялық өндірістерге және R& D-ге арналған алаң ретінде дамып келеді. Оның қатысушыларының саны — 203 компания. Жұмыс істеп бастаған уақыттан бері резиденттер шамамен 399 млрд теңге инвестиция салған, 7,2 мың тұрақты жұмыс орны құрылып, 1 трлн теңге сомасында өнім өндірілген және қызметтер көрсетілген. Бүгінгі таңда АЭА аумағында құны 265 млрд теңге болатын 1000 жұмыс орны бар 24 жоба жүзеге асырылып жатыр, соның ішінде 2025 жылы 355 жұмыс орны құрылған 19 млрд теңгелік 6 жоба іске қосылды.

Алматы қаласы әкімдігінің деректері бойынша АЭА аумағы іс жүзінде 94% толған, бос учаскелер 7,7 га құрайды, бірақ жұмыс істеу мерзімі 2027 жылдың аяғымен шектеліп отыр, бұл капиталды көп қажет ететін және ұзақ мерзімді жобаларды жүзеге асыруды қиындатады және инвесторлар үшін тартымдылықты төмендетеді. Осыған байланысты, өсу қарқынын сақтау және жоспарланған бастамаларды жүзеге асыру үшін Премьер-министр АЭА-ның пайдалану мерзімін ұзартуды және оның аумағын кеңейтуді, сондай-ақ жаңа жоғары технологиялық өндірістерді әртараптандыру және іске қосу жөніндегі міндеттерді ескере отырып, рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесін толықтыруды тапсырды.

Фото: Kazinform

Премьер-министр Олжас Бектенов инвестициялық тартымдылықтың негізгі факторы ретінде АЭА мен инфрақұрылымдық дайындықты одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті. Бұл жұмысты еліміздің барлық өңірінде жүзеге асыру қажет. Бұл мақсатта Үкімет болашақ инвестициялық жобалар үшін инфрақұрылымдарды жаңа сапада жақсарту жөнінде шаралар қабылдауда. Әкімдіктер осы бағытқа жекеменшік инвестицияларды тарту бойынша жұмысты жандандыруы тиіс.

Президент жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылында жоғары технологиялық жобаларды іске қосу үшін жағдай жасау қажет. Бұған қосалқы станциялар мен көлік желілерін қоса алғанда, қосымша инфрақұрылым құру кіреді.

— «Алатау» инновациялық технологиялар паркі» АЭА бүгінде технологиялық алаң ретінде жұмыс істеп тұр. Бірақ инвестициялық сұраныстың жоғары екенін ескере отырып, аймақты одан әрі дамыту қажет. Әкімдік Арнайы экономикалық аймақтың әкімшілігімен бірлесіп республикалық бюджетке тәуелділікті азайту үшін, бюджеттен тыс қаражаттар тартып, халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастық орнатуы тиіс, — деп атап өтті Премьер-министр.

Фото: Үкімет

«Алатау» инновациялық технологиялар паркі» АЭА аумағында орналасқан NERO Group өндірістік алаңының базасында Премьер-министрге есептегіш құралдарының отандық өндірісін дамыту туралы баяндалды.

Бүгінгі таңда кәсіпорынның өндірістік желісіне жылу, су, электр энергиясы мен газды есепке алу жүйелері мен құралдары кіреді. Жобаның құны — 1,5 млрд теңге, қуаттылығы — жылына 10 мың бірліктен асады. 65 жұмыс орны ашылды, қызметкерлердің жалпы саны — 150 адам. Компания өндірістік және инженерлік құзыреттерді, соның ішінде бухгалтерлік есеп пен мониторинг жүйелеріне арналған бағдарламалық жасақтаманы біріктіреді.

NERO Group құрылтайшысы Ерлан Нәбиев жалпы құны шамамен 44,8 млрд теңгені құрайтын 2025-2027 жылдарға арналған жоғары технологиялық өндірістерді локализациялаудың кешенді жобасын ұсынды. Бастама 650-ден астам жұмыс орнын ашуды, өндірістік алаңдарды 21 068 шаршы метрге дейін кеңейтуді және кабельдік өнімдер мен компоненттер өндірісін, газ есептеу құрылғыларын шығаруды кеңейтуді, сондай-ақ пилотсыз жүйелер мен робототехника шығаруды қоса алғанда, жаңа бағыттарды іске қосуды көздейді. Жоба инженер кадрларды даярлауды көздейді: бакалавриат бағдарламалары бойынша жылына 60 адам және біліктілікті арттыру бағдарламалары бойынша 200 адамға дейін.

Фото: Үкімет

Сондай-ақ білім беруді, ғылым мен өндірісті интеграциялауды, дуальды білім беруді енгізуді және инженер мамандарды даярлауды көздейтін АЭжБУ мен ТКШ Қазорталығының қатысуымен Smart Energy ғылыми-білім беру кластерінің жобасы таныстырылды.

UBTECH Robotics (Қытай) компаниясымен бірлесіп ЖИ базасында білім беру және сервистік роботтар өндірісін локализациялау жобасын жүзеге асыру жоспарланып отыр. Осы бағыт бойынша сұраныс қалыптасып, AI-зертханаларды енгізуге офтейк-келісімшарттар жасалды. Қуаты — жылына шамамен 25 мың жиынтық. Кейіннен ұлғайта отырып, 80 жұмыс орнын ашу көзделіп отыр.

Фото: Үкімет

Бұдан бөлек, Премьер-министрге жылумен жабдықтауды бақылау үшін компанияның цифрлық шешімі ұсынылды. Жүйе автоматты түрде үйдегі есеп тораптарынан көрсеткіштерді жинайды және оларды «бағдаршам» аналитикасы бар веб-картада көрсетеді: жылынбау немесе қызып кету, жылуды тұтыну және ыстық су шығыны бойынша ауытқулар бар жерде. Бұл диспетчерлік қызметтер мен табиғи монополиялар субъектілеріне проблемалық мекен жайларды тезірек анықтауға және жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. Шешім Қарағанды, Сәтбаев және Жезқазғанда енгізілді. Ерлан Нәбиев бастаманы кеңейтудің және оны табиғи монополиялар субъектілері үшін жылумен жабдықтау сапасын бақылаудың міндетті цифрлық контуры ретінде бекітудің маңыздылығын атап өтті.

Бұдан бұрын Бектенов Алматы облысындағы Алатау қаласының инвестициялық даму барысымен танысқанын жазған едік.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:111
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Қаңтар 2026 20:17
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see144

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see143

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see141

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see140

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see139

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see139

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see136

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see136

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see135

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see129

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see129

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see129

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see127

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see125

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see122

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see120

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see117

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see117

Емханаларда ашық есік күні

13 Қазан 2026 04:50see117

Атырау тұрғындары АМӨЗ маңындағы ауа сапасын онлайн бақылай алады

12 Қазан 2026 15:20see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары