Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

Білім беру мекемелерін қаржыландыру аудандық деңгейге беріле ме

Білім беру мекемелерін қаржыландыру аудандық деңгейге беріле ме

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

— Біз өңірлерге барып, халықпен кездескен сәтімізде сайлаушылардың негізгі сұрақтарының бірі білім саласына қатысты болып жатады. Қазіргі жүйеге сәйкес, білім беру мекемелерін қаржыландыру орталықтандырылған бюджет арқылы жүзеге асырылады. Бұл жүйе кей жағдайда тиімді болғанымен ауылдағы мектептерде инфрақұрылым мәселелерін жедел шешуге кедергі келтіреді. Мысалы, мектептің шатыры құлап немесе терезесі сынған жағдайда шешім қабылдау үшін облысқа жүгіну қажет. Қаражат бөлу процесі айларға созылады. Бұдан мектеп пен оқу процесі зардап шегеді, — деді ол.

Депутаттың айтуынша, білім беру саласындағы басқару мен қаржыландырудың орталықтандырылған жүйесі осы қиындықтарды туындатып отыр.

— Депутат ретінде әріптестерімізбен бірге бұл мәселені бірнеше мәрте көтеріп, депутаттық сауалдар да жолдадық. Бірақ, шешім жоқ. Пилоттық жоба ретінде енгіземіз деген. Тіпті, неліктен пилоттық жоба екендігі де түсініксіз. Себебі, бұл жаңа жоба емес қой. Біз өзін-өзі басқару институтын жетілдіріп, жергілікті әкімдіктердің құзіретін арттырамыз деп айтамыз. Бірақ, іс пен сөзіміз әлі үйлеспей тұр, — деді мәжілісмен.

Фото: parlam.kz

Оның атап өтуінше, осыған байланысты облыстық және республикалық деңгейде шоғырланған кейбір қаржы ресурстарын жергілікті деңгейге беру қажеттілігі туындап отыр. Бұл шара өңірлердің дербестігін арттырып, басқарудың тиімділігін күшейтеді әрі жергілікті әкімдіктер өз мәселелерін нақты және жылдам шешуге мүмкіндік алып, мектептердің инфрақұрылымы мен оқу сапасын жақсартуға тікелей ықпал ете алады.

— Осыған байланысты сұрақ. Бірінші, білім беру мекемелерін қаржыландыруды аудандық деңгейге беру мәселесі қарастырылып жатыр ма? Екінші, мұндай өзгеріс шалғай елді мекендердегі мектептердің инфрақұрылымын жақсартуға және білім сапасын арттыруға қалай әсер етуі мүмкін? Үшінші, ведомство тарапынан аудандық деңгейде қаржыландыру мен бақылау тетігін енгізу бойынша қандай шаралар жоспарланған? , — деді Ұласбек Сәдібеков.

Фото: ОКҚ

Сауалға бірінші жауап берген Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру аясында үш рет заң жобалары қаралғанын, сол жұмыстың аясында бұл мәселе бірнеше рет талқыланғанын айтты.

— Бірақ, сол қарау барысында салалық министрліктің, яғни, Оқу-ағарту министрлігінің ұстанымына құлақ астық. Өзіңіз атап өткен пилоттық жобаның Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарындағы нәтижесін күтіп отырмыз. Сол нәтиже шыққаннан кейін Ұлттық экономика министрлігі мемлекеттік басқаруға жауапты мемлекеттік орган ретінде осы сұрақты өздеріңізбен қайта қарауға дайын, — деді вице-министр.

Фото: Үкімет

Ал Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова бұл мәселенің ұзақ уақыттан бері пікірталас тудырып отырғанын растады.

— Қазіргі уақытта Оқу-ағарту министрлігі аталған сұрақтың жалпы негіздемесіне байланысты үлкен зерделеу жұмысын жүргізіп жатыр. Өздеріңізге белгілі, «Білім беру жүйесін басқарудың жаңа үлгісі» атты пилоттық жоба іске асырылуда. Шығыс Қазақстан облысының Алтай және Глубокое аудандары, Түркістан облысының Созақ және Түлкібас аудандары осы пилоттық жобаға қатысуда. Бұл жобадағы негізгі мәселе қазіргі таңда шаруашылық жүргізуге қатысты, — деді ол.

Министр жедел шешім қабылдау, күрделі жөндеу жүргізу жұмыстарын жүргізу мәселелерін аудандық білім бөлімдеріне өте өзекті екенін мойындады.

— Бірақ, қаржылық мәселені зерделейтін болсақ, мысалы Шығыс Қазақстан облысында 2 мектепті жылытуға жұмсайтын шығыстың 2,2 есеге артқанын байқап отырмыз. Пилоттық жобаға дейін, яғни, аудандық әкімдікке бергенге дейін 2 мектепті жылытуға 43,5 млн теңге жұмсалған. Ал әкімдікке бергеннен бастап бұл шығын 120 млн теңгеге дейін өскен. Сондықтан қаржылық мәселесін де қарастыратын боламыз. Екінші мәселе, күні кеше Қарағанды облысынан 500-ге жуық білім ұйымы осы жобаға қатысуға өтініш берді. Мәселе министрлік бақылауында, зерделеп жатырмыз, — деді Жұлдыз Сүлейменова.

Бұл ретте депутат Ұласбек Сәдібеков қаржыландыруды ауданнан облысқа берілген кезде ешқандай пилоттық жоба болмағанына назар аудартты.

— Бұл жаңа жоба емес қой. Неге пилоттық жоба керек? Екіншіден, мысалы Түркістан сияқты облыстарда мыңнан астам мектеп бар. Бүгінгі таңда бұл мәселенің созылуына байланысты сол мың мектеп тікелей облыстық басқармаға қарайды. Аудан әкімдері ештеңе шеше алмайды. Халықпен кездескенде тұрғындардың аудан әкімдеріне негізгі сұрағы осы білім саласына қатысты болды. Ал аудан әкімдерінің қолында түк жоқ. Ештеңе шеше алмайды. Сондықтан бұл мәселені тез шешу керек сияқты, — деді ол.

Фото: Мажіліс

Осы орайда Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов депутаттың өте өзекті мәселе көтеріп отырғанына назар аудартты.

— Тек Түркістан емес, барлық облысқа қатысы бар. Бұл туралы таяудағы әкімдердің диалог-платформасында да жүздеген ауыл әкімі секцияларда, Мемлекет басшысының алдында осы мәселені көтерді. Сондықтан бұған тездетіп қарау керек. Қазіргі таңда мектеп ғимараттарын күтіп ұстау немесе жөндеу жұмыстарын аудандық деңгейде атқару мүмкін емес. Қаржысы көбейді дегенімен депутаттар елге барғанда көріп жүр. Осы ретте Мемлекет басшысы өткендегі диалог-платформада төртінші деңгейдегі бюджетті қайта қарау жөнінде тапсырма берді. Екіншіден, әкімдіктер арасындағы өкілеттіктерді егжей-тегжейлі талдауды тапсырды. Сіз зерделеу деп отырсыз. Сол зерделеуді осы Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында білім саласындағы қызметтердің қайта бөлінуін тездетіп қарау керек. Мұның алдындағы министр де зерделеп жатырмыз деген. Жұлдыз Досбергенқызы, сіз жаңа келдіңіз. Бірінші кезекте бұған Ұлттық экономика министрлігі жауап беруі керек. Шын мәнінде тездету керек. Өте өзекті мәселе, — деді Мәжіліс төрағасы Оқу-ағарту министрі мен Ұлттық экономика вице-министріне қарата.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Мәжіліс мемлекеттік органдардың ел азаматтарының өтінішін қарау нәтижесін тыңдап жатыр.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:190
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Желтоқсан 2025 12:31
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see127

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see125

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see124

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see121

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see120

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see119

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see117

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see117

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see117

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see116

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see115

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see114

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see114

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see114

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see114

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see112

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see111

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see111

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see110

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

15 Қазан 2026 01:15see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары